Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет102/103
Дата23.10.2022
өлшемі2,64 Mb.
#45039
түріДоклад
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103
Жауқазын едің көктемде 
Жылысып жазың өткен бе? 
Лапылдап тұрған, 
Жалын едің ғой өрт-кеуде, 
Тәйір алғырлар, 
Танымай сені кеткен бе?! (Сарыбай Б. «Жауқазын»).
Ақын М. Мақатаев жауқазын гүлінің ақ түйнекті баданасына 
қарай сұлудың аппақ жүзін, ақ маңдайын аршыған жауқазынға теңейді.
Қашанда көктем келгенде, 
Тұрасың көктеп сен – менде, 
Жарылмай жатқан жауқазын
Тулайды менің кеудемде (Мақатаев М. «Ей, менің нұрлы 
ғұмырым!»).
Бұл жырында ақын айтылмаған сезімін, сырын, жарылмаған, 
жарыла алмаған жауқазынға теңейді. Сонымен қатар өте қысқа ғұмыр 
жас жауқазын ғұмырға теңеледі: 
Енді аяздан ешбір сәби тоңбасын, 
Жауқазын гүл ашпай жатып солмасын, 
Ұрпағыңның жарық болып маңдайы, 
Отанымда еш жамандық болмасын! (Омаров А. «Жауқазын 
ғұмыр!»).


332 
Адам өзін қоршаған ортадағы заттарды, құбылыстар мен 
әрекеттерді, олардың пайда болуы мен дамуын, ішкі-сыртқы 
заңдылықтарын тығыз қарым-қатынас арқылы танып біледі, санасында 
белгілейді. Дүниедегі бір құбылысты, екіншісіне теңеу арқылы танудың 
басқа танулардан айырмашылығы алынып отырған нысанға көркемдік 
көзімен қарауында. Қыз баланың мөлдіреген әдемі көздерін қарақатпен 
салыстырғанда: мөп-мөлдір тұнық көз – жаңбыр шайған қарақаттай
тұңғиық, ал, азырақ мұң тұнған тұнық көзді – тұнжыраған 
қарақаттай, ерекше сүйкімді, қара көзді – көздері қарақаттай деп 
көркемдейді [6]. Қадалып қарақат көз күлім қақты, Қара жас түйдек-
түйдек ұшып жатты – деп Әлішер Науаи оны арудың күлімдеген 
көзіне теңейді.
Ұлттық 
танымды 
беретін 
тілдік 
бірліктер 
ұлттық 
психологиямыздың негізі болатын ұлттық мәдениеттің, салт-дәстүрдің 
тілдік көрінісі әдеби шығармаларда метафора, мақал-мәтелдер, 
фразеологиялық тіркестер арқылы жиі беріледі. 
Отыздан бірер жасы асып тұрмын, Азулы тісті жарып, басып 
тұрмын. Қара қас, бадам қабақ, нәркес көзді, Таба алмай сондай 
жанды жасып жүрмін (айтыс); Ай маңдай, бадам қабақ, түзу мұрын, 
Тартқандай сұлу дене күміс сымын. Жібектей болған тұлымы 
(Қалауова З. Таңд.) Бұндағы бадамқабақ – сыртына шығыңқылау, дөңес 
қабақ. Бадам – жаңғақ жемісті өсімдік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет