Дупмно-22-3к Жоспар



бет3/4
Дата09.02.2023
өлшемі20,05 Kb.
#66500
1   2   3   4
Артефакт (лат. arte/actum — жасанды істелген) — табиғилықтан тыс қолдан жасалған нәрсе, мәдениеттің жемісі. Артефакт ретінде тек денелік белгілері емес, сонымен бірге таңбалық, рәміздік мазмұны бар кез келген жасанды нәрсе қарастырыла алады. Мәдени артефактға мыналарды жатқызуға болады: адамдар жасаған заттар мен нәрселер, техника және еңбек құралдары, киім-кешек пен тұрмыстық жабдықтар, тұрғын үй, жол т.б. Артефакт ретінде қоғамның рухани өмірінің кез келген құбылысын (ғылыми теория немесе наным-сенім, өнер және фольклер туындысы, моральдық қағидалар т.б.) алуға болады. Артефактның пайда болуын және олардың негізіндегі адамдық мақсаттар мен мүдделерді талдау арқылы, заттық болмыстың символикасын айқындауға болады. Артефактлар әлемі — таңбалар әлемі және оларды адамдық әрекет контексінде ғана түсінуге болады. Адам тұрмайтын үй қаңырап бос қалады, функционалдық мазмұны ескірген құндылықтар тек «музейлік» мағынаға ие болады. Қазіргі мәдениеттерде артефакт мәдениеттердің динамикасын зерттеуде бастапқы алғышарт ретінде қабылданады.
Мәдениеттің практикалық әлпетінде әртүрлі заттарды, әрекеттерді және оқиғаларды артефакты деп аталуы қабылданған. Бұлар нақтылы заттық өнім, жүріс-тұрыс актісі, әлеуметтік құрылым, ақпараттық хабарлар, немесе бағалау пікірлері түрінде бола алады. Бұлар өте ұсақ және мәдениеттің бөлінбейтін бірлігі. Тіптен адамның өзі артефактіге жатады, өйткені ол тек қана биологиялық тіршілік иесі болумен қатар, мәдениеттілі жан иесі.
Кез келген артефакті заттық немесе рухани мазмұн түрінде көрініп сипаттала алынады. Артефактінің материалдық формасы адам мен қоғамның мүмкіншіліктеріне байланысты пайдалылық сапасымен анықтала алады. Артефактілер белгілі бір айқын бүтіндікті, жүйені құрайды, және соған байланысты: әйтеуір бір мәдениетте олардың бірі орталық орынға немесе фундаментальдық орынға ие болады және өзге біреулері - қосалқы немесе туынды орынға, ал қайсы біреулері глобальды немесе жергілікті мағынаға ие болады. Артефактілердің маңыздылық мөлшерлері тұрақты емес, олардың бағалануы келе-келе өзгере алады, мәдениетте сондықтан әр уақытта кейбір элементтер жойылып олардың орнына басқалары көрініп отырады. Кейбір мәдени жетістіктер өз мағынасын жоғалтады, олардың қолданылуы қысқарады, ал басқаларға сұраныстар жоғарылайды және өседі. Жалпы алғанда егер мәдениеттің түрлерін аяқталған ойдың бөлек сөйлемімен теңестірсек, онда мәдениет жүйесін тұтас мәтін деп есептеуге болады.
3. Жасанды тілдер және олардың мәдениет дамуындағы рөлі.
Жасанды тілдер — қолдан халықаралық қарым-қатынас құралын жасау әрекетінің нәтижелері.
Жасанды тілдер жасау 17 ғасырда латын тілінің халықаралық маңызы бәсеңдеуіне байланысты, әлем халықтарының қарым- қатынасын жеңілдету мақсатынан туды. Жасанды тілдердің ғылымда белгілі бірнеше түрі бар:
И.М. Шлейер жасаған волапюк (1879),
Луи де Бофрон жасаған идо (1907),
Э. де Вааль жасаған оксиденталь (1922),
О. Йесперсен жасаған новиаль (1928),
Марк Окранд жасаған клингон тілі (1984)[1]
Нью-Йоркте А. Гоуданың жетекшілік етуімен “Көмекші тілдердің халықаралық ассоциациясы” жасаған (1950) интерлингва, т.б.
Жасанды тілдердің ішінде көп тарап, кең қолдау тапқаны — 1887 жылы поляк дәрігері Л.Л. Заменгоф жасаған эсперанто тілі.
Жасанды тілдердің 200-ден астам түрлерінің жобасы жасалған. Бұлар әр түрлі тәсілмен жасалған: табиғи тілден сөз ала отырып, көбінесе, ойдан шығарылған сөздер пайдаланылған (волапюк, т.б.), интернационалдық лексика пайдаланылып жасалған (эсперанто). Жасанды тілдерде бірнеше оқулықтар мен сөздіктер жарық көрді.[2]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет