Дєрістіњ жоспары


Гомеопатиялық таблеткалар



бет19/24
Дата22.12.2022
өлшемі455 Kb.
#58976
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
ĺð³ñò³œ æîñïàðû

4.10. Гомеопатиялық таблеткалар
Гомеопатиялық таблеткалар – престеу арқылы гомеопатиялық тритурациядан алынған, ішке қолданатын қатты дозаланған дәрілік түр. Гомеопатиялық таблеткаларды жалпы таблеткалар технологиясы бойынша дайындайды. Қажет болған жағдайда байланыстыратын, ыдырататын, антифрикциялық қосымша заттарды қосады.
Қосымша заттар ретінде көбінесе жиі лактоза, крахмал, кальций және магний стерараттары, тазаланған су, этил спирті пайдаланылады. Крахмал мөлшері – таблетка массасынан 10 % -тен аспауы керек; кальций және магний стераты – 1 % аспауы керек.
НҚ да көрсетіледі:

  • бір таблетканың құрамында – гомеопатиялық дәрілік заттың және қосымша заттардың массасы;

  • таблетканың орташа массасы;

Бір таблеткада тритурацияның массасы ереже бойынша сәйкес келетін НҚ –та көрсетімесе 0,1- 0,25 г құрайды. Қосымша заттарды да осы массаға қосады. Таблеткалар қолданылуда, сақтауда және тасымалдауда қолайлы. Қолдану кезінде тіл астына салып сору қажет, сондықтан да гомеопатиялық таблеткалар сублингвальды таблеткалар тобына жатады.


4.11. Гомеопатиялық жағар майлар мен майлар, оподельдокилер
Жағар майлар біркелкі таралған гомеопатиялық дәрілік заттар негізінен тұратын сыртқа қолдануға арналған жұмсақ дәрілік түр. Гомеопатиялық жағар майлар дисперстік жүйесі және консистенциясы бойынша жіктеледі.
Жағар майлар үшін негіз ретінде алдымен вазелин және ланолин қолданылады. Құрамында 10% тұндырмасы бар жағар майлар дайындау үшін 85% вазелин, 5% ланолин негіздері қолданылады. Көз жағар майлары адсорбционды негіз – вазелин және сусыз ланолин 9: 1 қатынаста дайындалады. Белгілі құрамдағы жағар майлар негізі жеке НҚ – көрсетілген.
Күшті әсер ететін заттардан 5% жағар майлар дайындайды. Мысалы: аконит, спонгии, улы сумаха. Күшті әсер етпейтін субстанциялар мен тинктуралардан 10% жағар майлар дайындайды, мысалы : D1 –ден 10% азот қышқылы, D3 аскорбин қышқылы.
Келесідегідей ескертулер бар
НҚ бойынша дайындайды:

  • 0,5% хлорэтон ЖМ;

  • 1% цинобарис ЖМ, графит;

  • 2% бензол, карбол қышқыл ЖМ;

  • 3% апис ЖМ, салицил қышқылы ЖМ.

Сұйық оподельдоки – Масса бойынша 1: 10 қатынаста гомеопатиялық затттар негіздермен қоспасы, гомогенді дисперсті жүйе, сыртқа қолдануға арналған жұмсақ дәрілік түр.
Оподельдок этанолды линимент болып табылады.
Линимент негізі: сабынды спирттің 2 массалық бөлігі (Этил спиртінде калий сабынының ерітіндісі), тазаланған судың 1 массалық бөлігі, 93,9% этанолдың бір бөлігі (2 : 1: 1). Сабынды спирттің құрамы: калий сабыны (жасыл) – 63,953 г ; 86% этил спирті - 27,836 г; тазаланған су – 8,5 г; лаванда эфирінің майы - 0,096 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет