5.1. Орамдау. Сақтау. Босатуға безендіру
Гомеопатиялық дәрілік заттарды барлық басқа заттар сияқты физика-химиялық қасиеттеріне, массасына немесе дәрілік түрдің көлеміне байланысты орамдайды. Ерітінділер орауыштарына капельница құтысымен және түйіршіктерді дозалау үшін дозатор құрылғысымен салынады.
Этикеткаларда дайындалған дәрі, дәрілік заттың құрамы латын тілінде, сақтау мерзімі және жағдайы, препараттың қолдану тәртібі, дәріхананың реквизиті көрсетіледі. Қорапта «Гомеопатиялық дәрілік заттар» деген таңба болуы керек.
Гомеопатиялық дәрілерді құрғақ, қараңғы, иіссіз жерде сақтайды. Дәрілердің сақтау мерзімі әртүрлі болады: минералды олар мерзімсіз, ал өсімдік заттардың сақталу мерзімі бірнеше айдан аспайды.
Гомеопатиялық дәрілік түрлерді есептеу және дайындау технологиясы бойынша рецепт жазылым тапсырмалары:
Сұйылту мен ерітінді дайындау және есептелуі.
1. Мысалы:
Digitalis D3 200,0
(ДІД тамшы)
Негізгі компонент – D2 түкті оймақгүл эссенциясының екінші ондық сұйылтпасы
Есептеуі:
D2 дигиталис сұйылтпа массасы: 200,0:10 ═ 20,0г
43% - тік этанол массасы: 200,0 – 20,0 ═ 180,0г
Дайындалуы: флаконға D2 дигиталис сұйылтпасынан 20,0г алып, 180,0г 43%- тік этанолды құяды. Жоғарыдан төменге қарай 10 рет шайқайды.
Мерзімі _________ БЖҚ 1.
Digitalis D2 20,0
Spiritus aethylici 43% - 180,0
_____________________________
М – 200,0;
Қолы:
Тритурация дайындау және есептелуі.
2. Мысалы:
Tritur. Borax C3 400,0
(ДІД)
Негізгі компонент – натрий тетрабораты
Есептеуі:
Бір бөлік негізгі зат және 9 бөлік сүт қанты – D1;
0,1бөлік негізгі зат және 9,9 бөлік сүт қанты – С1
С2 боракс массасы: 400,0: 100,0 ═ 4,0 г
Сүт қантының массасы: 400,0 – 4 ═ 396,0г
Дайындалуы: Фарфор келіде негізгі затты сүт қантымен мұқият 1 сағат ысқылайды. Келі қабырғаларынан мұқият жинақтайды.
Сүт қантының үлесін үш бөлікке бөледі. Сүт қантының бір бөлігімен келі саңлауларын бекітеді, сосын натрий тетраборатының С2 сұйылтпасын қосып 6 минут ысқылап, 4 минут жинақтайды. Тағы да 6 минут ысқылап және 4 минут жинақтайды. Сүт қантының екінші бөлігін қосып, тағы да сол ысқылау және жинақтау операцияларын екі рет қайталағаннан кейін сүт қантының соңғы үшінші бөлігін қосып, екі рет ысқылау және жинақтау операцияларын жүргізеді. Барлығы: 1 сағат. Келесі сұйылтулар да алдынғы сұйылтпалардан осылай дайындалады.
Мерзімі _________ БЖҚ 2.
Borax C2 4,0
Saccharum lacticum 396,0
_____________________________
М – 400,0;
Қолы:
Түйіршік дайындау және есептеуі.
3. Мысалы:
Tabacum C12 10,0
Da. Signa. Күніне 8 түйіршіктен 3 рет
Негізгі компонент – темекі жапырағының тұндырмасының С12 сұйылпасы
Есептеуі: Қант түйіршіктері 10,0г. С12 табакум массасы: 10,0:100 ═ 0,1г
62% этанол (масса бойынша)массасы: 10,0: 100 ═ 0,1г
Дайындалуы: сыйымдылығы 30,0г болатын құтыға 10,0г қант түйіршігін салып, табакум С12 сұйылтпасынан 4 тамшы және 62% этанолдан 4 тамшы қосылады. Құтыны пергамент қағазымен қапталынған тығынмен жауып, 10 минут бойы шайқайды. Сосын түйіршіктерді пергамент қағазға төгіп, бөлме температурасында кептіреді. Кептірілген түйіршіктер қорапқа салынады.
Мерзімі _________ БЖҚ 2.
Granula sacchari l0,0
Saccharum lacticum 396,0
Spiritus aethylicus 62% 0,1 seu gtts IV
Tabacum C12 0,1 seu gtts IV
М – 10,0;
Қолы:
Жағар майды дайындау және есептеуі
4. Мысалы:
Ung. Graphitum 50,0
Da. Signa. Теріге жағуға арналған
Негізгі компоненті – арнайы өңделген, табиғи графит. Қара өте ластағыш ұнтақ.
Есептеуі: НҚ талаптарын сәйкес вазелинді негіздегі 1% жағар май дайындалады. Графит массасы – 0,5г. Вазелин массасы – 49,5г.
Дайындалуы: Арнайы графит өлшеуге арналған таразы, келі және келсап пайдаланылады. Келіге графитті бірнеше тамшы вазелин майымен мұқият ұнтақталынады, аздап бөлшектеп отырып вазелин қосылады. Масса біртекті болғанға дейін араластырылады.
Мерзімі _________ БЖҚ 2.
Graphitum 0,5
Ol. Vaselinum gtts III - IV
Vaselinum 49,5
_________________________
М – 50,0;
Қолы:
Дәрілік түрлердің сапасын бағалау, мөрлеу, сақтау мерзімдері мен жағдайлары НҚ –тарда көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |