(Т) Өлеңді қайтадан іштей түсініп оқу. Нөсер жаңбырдың табиғатқа тигізетін залалдары туралы дереккөздерден ақпараттар табу.
(Т; Ұ) Жұмыстарын топта жариялау.
(Ө; Ұ; Қ) Бір-бірінің жұмысын бағалау. Екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы рефлексия жасау.
|
Мұғалім оқушылардың өлеңді қайтадан іштей түсініп оқуына басшылық жасайды. Нөсер жаңбырдың табиғатқа тигізетін залалдары туралы дереккөздерден ақпараттар іздейді.
Жұмыстарын «Автор орындығы»
стратегиясы бойынша топта жариялайды.
«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-
əрекеттеріне кері байланыс жасайды.
|
2.4 Мəтіннің тақырыбы жəне негізгі ойды анықтау.
|
4.2.4.1 – мəтіннің тақырыбы мазмұнының өзара сəйкестігін анықтау жəне ондағы негізгі ойды тұжырымдау.
|
(Ұ) Өлеңнің тақырыбы мен мазмұнының өзара сəйкестігін, негізгі ойды анықтау.
|
Мұғалім өлеңге қойылған ат («Нөсер») тақырыптың мазмұнмен байланысты болатындығын ашады.
Тақырып пен негізгі ойдың бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын оқушыларға ескерте отырып, «Автор осы өлеңінде не айтқысы келеді?» сұрағын қояды. Осы сұрақ арқылы өлеңдегі негізгі ой анықтатылады.
Оқушылар өлеңдегі негізгі ойды бірден
анықтай алмаған жағдайда төмендегідей жетекші сұрақтар қойылады: «Неліктен өлең
|
|