Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева



бет152/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   305
қолғабыс жасап көмектеседі.

Мұғалім оқушылардың мəтінді түсініп оқуы барысында «Кім түсініксіз сөздерді көп табады?» ойынын ұйымдастырады. Ойын шарты бойынша əр оқушы өзіне түсініксіз сөздерді мəтіннен табады. Келесі кезекте көп мағыналы сөздерді таныту жұмыстары жүргізіледі. Мұғалім «ақтадыңдар» сөзін

«сенімімді ақтадыңдар» тіркесімен

салыстыру арқылы сөздің көп мағына беретін ерекшелігін танытады. Мəтіндегі














Бір жолы Нұртай ата қатты ауырып қалды. Дəрігер оны орталықтағы ауруханаға алып кетті.

Бұл көктем кезі еді. Тайыр мен Талғат Нұртай аталарын естерінен шығарып алды. Бір күні Тайыр қарттың үйінің тұсынан өтіп бара жатып, жиде ағашына көзі түсті.

Ауланың ішіне бір бұзау кіріп кетіпті. Тайыр дереу бұзауды қуып шықты. Тайыр жиде ағашын суарды. Сонан кейін Талғатты қасына ертіп, шарбақтың бүлінген жерін жөндеді.

Нұртай ата сауығып үйіне қайтты. Аулаға кіріп келгенде, ең əуелі жиде ағашына көзі түсті.

– Уһ, мен ең алдымен осыны уайымдадым. Ешкімге тапсырып кетпегеніме өкіндім. Сендер менің сенімімді ақтадыңдар. Ағаш та адамның мəпелегенін аңсап тұрады, – деп қарт екеуіне мейіріммен қарады.

Ж. Əлмашев


қарамен жазылған «қолғабыс жасап», «көзі түсті», «ең əуелі» тұрақты сөз тіркестерінің беретін мағынасы бір сөзбен таптырылады. Мұғалім оқушылардың тұрақты сөз тіркестерін ажырата білу дағдысын жетілдіруде оларды дəлелдей білуге үйрететін төмендегі кестені қолдануға машықтандырады.

ол бірнеше (2, 3, 4) сөздің



Бұл тіркесуі арқылы бір «. »

тұрақты деген мағынаны білдіреді.

тіркес,


өйткені ол ойды көркем, əсерлі жеткізуге көмектеседі.




2.3 Мəтін мазмұны бойынша сұрақтар қою жəне жауап беру.

4.2.3.1 – мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру жəне жауап беру.

(Т; Қ) Мəтінінің мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру:

  • Тайыр мен Талғат кімге көмектесті?

  • Балалардың Нұртай ата жоқта ағашты күтіп-баптауына не себеп болды?

  • Сен осы балалардың орнында болсаң не істер едің?

Мұғалім топтарға мəтін бойынша шешім табуға бағытталған бірнеше сұрақтар құрастырып, тізімін жасауды тапсырады. Түзілген сұрақтары қабырғаларға ілінеді.

«Галерея» əдісі бойынша топтар бір-бірінің сұрақтарын оқып, жауап береді.

Топтар ортақ шешімге келіп, жауаптарын бағалайды.





4.2

Грамматикалық нормаларды сақтау.



4.4.2.4 – жіктеу есімдіктерін септей алу.

(Ө; Ж; Қ) Мəтінде септеліп тұрған жіктеу есімдігі бар сөзді табу.

Мұғалім мəтінде Нұртай сөзінің орнына қолданылып тұрған ол есімдігінің септелу формасын табуды ұйымдастырады. Ол үшін

«Мəтінде Нұртай сөзінің орнында жұмсалып тұрған жіктеу есімдігін тап», «Ол есімдігі


















септеліп тұрған сөздерді тап жəне басқа септіктерде де септеп көр» тапсырмаларын береді. Орындалған жұмыстарын топта

бағалайды жəне тексереді.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет