Ə. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова, М. А. Данабаева


Саралау – оқушыларға қалай көбірек



бет56/305
Дата06.01.2022
өлшемі2 Mb.
#11310
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   305
Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап

отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтау бойынша саралау:

Қалыптастырушы бағалау

– сергіту жаттығуын

– Ынтасы жоғары

құралдары:

орындау;

оқушыларға мəтіннің

мұғалімнің ауызша кері

– əрекеттерді жиі ауыстыру;

тақырыбы мен мазмұны

байланысы (мадақтау,

– қауіпсіздік ережелерін

сəйкес келетіндей мəтін

қолдау сөздер айту);

сақтау.

құрастыруды тапсыру.

– өзара бағалау: смайликтер




Тапсырмалар бойынша

бойынша бағалау;




саралау:

– мұғалімнің жазбаша кері




Материалдарды игеру

байланысы;




деңгейлерінде

– оқушылардың




оқушылардың

жауаптарына, іс-




қызығушылығын арттыру

əрекеттеріне бақылау




мақсатында ақпаратты

жүргізіп, белгілеп алу




қабылдаудың əр түрін

арқылы бағалау;




ескеру.

– «Өз жұмысыңды бағала» .




– Оқушылардың ақпаратты







қабылдау деңгейіне







байланысты бірнеше







тапсырма ұйымдастыру.








Табиғат ғажайыптары


Пəн: Қазақ тілі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

6-сабақ. Фонетика əлеміне саяхат

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1 – тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын белгілеп алу жəне солардың негізінде мəтіннің мазмұнын айту.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар жасай алады:

  • Тыңдалған мəтін бойынша тірек сөздерді белгілейді.

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • Диалогке қатысады; тірек сөздердің көмегімен мəтіннің мазмұнын айта алады. Фонетикалық талдау

жасай алады.

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері

Тыңдалған мəтін бойынша тірек сөздерді белгілеу; Диалогке қатысу;

Тірек сөздердің көмегімен мəтіннің мазмұнын айту; Фонетикалық талдау жасау;

Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасау.


Тілдік мақсат

Түрлі жағдаяттағы тілдік нормаларды сақтап, көпшілік алдында сөйлейді;

Сөйлеу мəдениеті қалыптастырылады.



Құндылықтар

Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге, адамгершілікке тəрбиелеу.

Пəнаралық байланыстар

Əдебиеттік оқу, музыка.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, компьютер.

Бастапқы білім

Сөйлеу мəдениеті. Тіл дыбыстары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

Сабақтың басы (5 минут)

  1. минут


  1. минут

(Ұ) Жаңа сабақты ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. «Гүл сыйлау»

ойыны арқылы бір-біріне жылы лебіз айтады.
(Ұ) «Ой сергек» арқылы 4 топқа бөлу. Топқа бөлу. «Теңіздегі капитан».

Оқушылар ойын шартымен таныстырылады. Мақсаты: байқампаздыққа, шапшаңдыққа, бір-бірінің əрекетін бақылап, зер салуға қалыптастыру.

«Теңіздегі капитан» дегенде, қозғалысқа түседі.

«Суға адам кетті» дегенде, орталарына бір оқушыны алып шеңбер жасап тұрады.

«Түскі ас» дегенде, 4 оқушыдан бірігіп, тамақ ішу сəтін бейнелейді.

«Еден жуатын адам» дегенде, жұптасып қимылдау. керек.



Көңілді əуен

Интерактивті тақта



Сабақтың ортасы (30 минут)

5 минут

25-жаттығу. (МК; Ұ) Сөздерді оқу. Сұрақтарға жауап беру.

Оқушылар аудио үнтаспадан Əлидің Мерейге айтқан фонетика туралы хабарламасын тыңдайды.

Сөздерді оқып, əр сөзде неше дыбыс, неше əріп бар екенін анықтайды. Қай сөзде дыбыс пен əріптің саны бірдей емес екендігін анықтап, дыбыс пен əріптің бір- бірінен өзгешелігі неде екенін түсіндіреді.


  • Дыбыс дегеніміз не?

  • Əріп дегеніміз не?

  • Дауысты дыбыстарды ата?

  • Дауыссыз дыбыстарды ата? т.с.с. жетекші сұрақтарды қоя отырып, оқушылардың бұрын игерген білімдері пысықталады.

Оқулық

1 минут

(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.

Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады.



Ұмтылу, фонетика сөздерінің жазылуына назар

Оқулық Орфогра- фиялық сөздік




аудартылады. Талдау жасалады.




4 минут

26-жаттығу. (Т; Қ) Сызбамен жұмыс. Оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастырылады. Оқулықта берілген сызба бойынша тіл дыбыстары туралы білетіндерін еске түсіріп, постер жасайды. Жұмыстарын топта жариялайды. Мысалдар келтіріп, дəлелдейді.

Оқулық

3 минут

(Т; Ұ) Жасаған постерлерін «Автор орындығы»

стратегиясы бойынша топта жариялайды.






2 минут

(Ұ; Қ) «Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-əрекеттеріне кері байланыс жасайды.




5 минут

27-жаттығу. (МК; Ұ; Т; Қ) Мəтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беру. Тірек сөздердің қатарын құрып, мəтіннің мазмұнын айту.

Мəтінді тыңдайды. Оқулықта берілген сұрақтарға жауап береді. Қарамен жазылған сұрау мағынасындағы сөздерге жауап болатын сөздерден тірек сөздер қатарын құрайды. Мысалы: жаңбыр, шағын бұлақтар, сулар, бастау, құдық, көлдерге, буланады, бұлтқа айналады, бұлт өзеннен су алса ғана жауады.

Оқушылар өзі қалаған тірек сөздер бойынша мəтін мазмұнын айтады.


Оқулық

6 минут

28-жаттығу. (МК; Ө; Ж; Қ) Мəтіндегі нақыл сөзді тауып жазу. Үлгі бойынша дыбыстық-əріптік талдау жасау.

Оқушылар жоғарыда берілген мəтіннен нақыл сөзді тауып жазады. Сол сөйлемдегі сөздерге оқулықта берілген үлгі бойынша дыбыстық-əріптік талдау жасайды. Нақыл сөз: Бұлт өзеннен су алса ғана жауады.

Жұппен жұмыс жүргізіледі. Орындалған жұмысты өзара бағалау іске асырылады. Оқушылардың бір- бірінің қатесін тауып, түзету жұмыстарын жүргізе алу білігі бағаланады.


Оқулық

№1 дəптермен жұмыс



1 минут

(МК; Ұ) Орфографиялық сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау.

Орфографиялық сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Бұлт сөзінің жазылуына назар аудартылады. Талдау жасалады.



Оқулық Орфогра- фиялық сөздік

3 минут

29-жаттығу. (Ө; Ұ; Қ) Сызық бағытымен мақалды оқу. Ауызша жəне жазбаша фонетикалық талдау жасау. Оқулықта берілген сұрақтарға жауап беріп, дəлелдеулер жасау.

Шығармашылық үзіліс. Оқушылар сызық бағытымен екі əріп тастай отырып оқу арқылы мақал құрастырады. Құрастырған мақалындағы сөздерге ауызша жəне жазбаша фонетикалық талдау жасайды. Мақалдан бірде дауысты, бірде дауыссыз болып тұрған дыбысы бар сөздерді тауып, дəлелдеулер жасайды.

Мақал: Туған жердің ауасы да шипа.



№1 дəптермен жұмыс

Сабақтың соңы (5 минут)

2 минут

(Ө; Қ) Дұрыс жауапты белгілеу.

Тақырып бойынша оқушылардың игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында тестік жұмыс орындатылады. Оқушылар дəптерде берілген тапсырманы оқиды. Дұрыс жауаптардың бірін белгілейді.



Жазған жұмыстарын топта жариялап оқиды.

№1 дəптермен жұмыс

2 минут

(МК;Т;Қ) Кері байланыс жасау.

  • Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

  • Сабақтан не үйрендіңдер?

  • Саған не ерекше қызықты болды? –

сұрақтарына жауап береді.

Суреттерді дайындау








Егер, оқушыларға сабақта бəрі түсінікті болса – ,

түсінбеген жерлері болса – , бəрі түсініксіз болса,







көтереді.




1 минут

2.1.3.1 (Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.

Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған

«сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады.

Нəтижелері топта жарияланады.



№1 дəптермен жұмыс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет