Мәшһүр Жүсіп өзінің өмірден өтерін болжаған адам дейді?
— Мәшһүр Жүсіп өзінің тірі кезінде көрін қаздырды. Көрін қаздырып жатып: “Кеңірек қазыңдар, он бес шақты періштелер сыйып жүрсін” деп айтыпты дейді. “Неге?” десе: «Тірі кезде Мәшһүр Жүсіп шындықты айтып шырылдап еді. Өлген соң да біреулер маған маза бермеуі мүмкін. Cондықтан да періштелерім мені қорғап жүрсін. Қилы-қилы заман болар, маған құран оқитын адам болмас», – дейді. 1931 жылы ашаршылық басталып, шынында да басына барып құран, дұға оқитын адам болмай қалыпты. Соның бәрі Мәшекеңнің көріпкелдігі деп білемін. Осының барлығы Сәдуақас Ғылманидың кітабында жақсы баяндалғанын айттық.
–
Достарыңызбен бөлісу: |