Ең үздік ғылыми жоба «Мәшһүр Жүсіптің көріпкелдігі» Орындаған: Мұқатай А


Абай мен Мәшһүр Жүсіптің арасын не байланыстырады?



бет3/14
Дата09.05.2022
өлшемі51,67 Kb.
#33160
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Документ Microsoft Word (3)

Абай мен Мәшһүр Жүсіптің арасын не байланыстырады?

– Бірінші, бұлардың бәрінің арасында рухани байланыс бар. «Абай мен Шоқан, Мәшһүр мен Шәкәрім кездесті ме?» дейміз. Бірақ ол заманда бейнетаспа жоқ болғанымен, рухани байланыс деген болған. Ол кезде бір-бірімен байланыс жасамау мүмкін емес. Мысалы, Құнанбайдың Алшынбаймен, Шоқан Уәлихановтың әкесі Шыңғыспен байланыс жасауы. Шоң мен Байдалы би, Шоң мен Ақтайлақ би, Құнанбай мен Балта, Құнанбай мен Алшынбай т.б. шешендік сөздерде қағысып, сөз айтысады. Демек, олар да кездескен. Елдік мәселелерде ақылдасып отырған. «Құнанбай» киносында Құнанбай Барақпен кездеседі. Кенесары көтерілісі ұзаққа созылған, себебі ел ішіндегі байлар, сұлтандар қолдап отырды. Әскер жинап, жылқы, сойыс беріп отырды. Әрине, ел болған соң, патшаға жаққысы келгендер де болды. О заман, екіұдай заман еді. Тіпті, Кеңес дәуірі кезеңінде оқығанның өзі адасты емес пе? Осыған не дерсің? Менің де коммунистік партияға қатты сенген кезім болды. Қазақтың белді адамдары, ел бастаған көсемдері табысып отырды. Би-шешендердің келелі, көшелі сөзі қалыптасты. Сол арқылы қазақтардың бетке ұстар байлары мен билері араласқанын білеміз. Сөз қағысқан. Бітім сұраған. Кесім айтқан. Құн берген, дауды шешкен, жер дауын, жесір дауын шешіп отырғанын осы шешендік сөздерден оқып білеміз. Шешендік сөздер біздің «Дала заңының» конститутциясы. Ішінде адамның этикасынан бастап, тұрмыс этикасына дейін бәрі бар. Қазақтың бетке ұстар қаймақтарының бәрі бір-бірімен байланыс жасаған, ұрпақтары бірін-бірі білмеді, бірін-бірі көрмеді деу мүмкін емес. Мысалы, қазір оңтүстіктен шыққан ел басшыларын, ақындарды, шешендерді олардың кітаптарын, мақалаларын солтүстіктегілер біліп отыратыны секілді. Мәшһүр Жүсіптің олармен кездескені туралы Рамазан Тоқтаров “Абайдың жұмбағында” да жазады. Онда: «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы Абайдың ұлы Әбдірахман қайтыс болғанда көңіл айтуға барып, кіріп келді. Сонда Абай: «Мәшһүр досым, “Құдай қайда?” дейді. Сонда Мәшһүр жүрегін көрсетіп “Жүректе” депті. «Рас, Мәшһүр екенсің. Онда менің оң жағыма кел» деп, оны оң жағына отырғызыпты. Одан кейін Мәшһүрге: “Ай мен күннің арасына жел кірсе не тұтылады?” депті. Мәшһүр: “Ай тұтылады” депті. Ал, “Күн мен жердің арасына ай кірсе не тұтылады?” десе “Күн тұтылады” депті. Ал енді “Мәшһүр Жүсіп екеуміздің арамызға сөз кірсе не тұтылады?” дегенде, “Жүрек тұтылады” деген екен.

Мәшһүр Жүсіппен Шәкәрімнің де кездескені бар. Екеуі де 1858 жылы туған, 1931 жылы дүниеден озған түйдей құрдастар. Кездесуде Шәкәрім: “Мәшекең, Мәшекең” дей беріпті. Сосын «Біз екеуміз құрдаспыз, неге мен Мәшекең дей беремін» деп ойлапты. Ал Мәшекең “Кішіекем…” десе, Шәкәрім: “Кішіекең деген біздің аталарымыздың аты еді, ауырлық болып жүрмесін” депті. Мәшекең «Шәкәрім, сен де ақынсың, ештеңе етпейді» деген. Содан кейін екеуі қоштасып жатса, Шәкәрімнің жүрегінің соғысы сағаттың соғысындай сыртына естіліп тұрыпты дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет