Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет110/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   119
Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
146 
ғой деймісің» деп мүсіркеп қоя береді. Ол немемен тек тең бола көрме. 
Күнінде күркіреген падишалардың тұғырдан түсерлерінде жарлы 
дəруіштің жалба шапа-нына ынтық бола қалатындары да пенделердің 
əлгіндей мінезін біліп ап, кім көрінгенге күлкі болмайық деп табадан 
қашқандары шығар. Шынында да, мынау жан-жағынан анталап, сынап-мінеп, 
сəл ойларынан шықпасаң, пыш-пыштай жөнелгелі отырған көп тобырдың 
тіміскі көздерінен құтылудың жаңғыз жолы – тəж бен тақты талақ етіп, 
қажыға барып, қалған ғұмырына қолына аса ұстап, мойнына дорба асынып, 
мүсəпірана күн кешу болар. Сонда бəлкім қара тобырдың көкірегінде күннен-
күнге қордалана түскен əзəзіл таба аяқ астында аянышқа айналар. Сынай 
қараған сұқты көздер мүсіркей қарар. Сөйтіп, ол да ешкімнен аспайтын жалба 
тонды жақыбай атанар. Онда мынау қайдағы бір бозөк-пенің көзіне шөп, 
сүйегіне дақ сала жаздағаны да шымбайын дəл қазіргідей тызылдатпас. 
Мұның көкірегінде қандай шаланың бықсып жатқанын білгісі кеп, ешкім өліп-
өше де қоймас. 
Əмірші сол ел қатарлы елеусіз тіршілікке шынында да қатты қызығып еді. Түнде 
көрген түсі де желеп-жебеп жүрген ата-бабаның əдейі аян бергені шығар. Есіне 
енді түсті, туатын ай – жұрт қажыға баратын зүлқадж екен. 
Əмірші тезірек пірге жолығып, түнде көрген түсін жортқызып алғысы келді. 
Мынау ырду-дырдуды дереу тоқтатып, шаһарға оралуға асықты. Осы қазір 
өзек бойынан шыққан бетте-ақ дабылшыға дабыл бергізеді. 
Ол астындағы қара тастың қабырғасына батып бара жатқанын енді ғана 
байқап, екінші бүйіріне аударыла беріп еді, қалың құрақты жапыра-мапыра 
жақындап келе жатқан жойқын сытыр естілді. Мұның қимылдағанын сезіп 
қойды ма, құрақ арасындағы дүсір пышақ кескендей басыла қалды. Ол бойын 
тіктеп түрегеп отырды. Көзіне жасыл құрақтың арасынан тарғыл-тарғыл 
бірдеңе шалынғандай болды. Сол-ақ екен, мұның көріп қойғанын сезіп, одан 
əрі бой тасалағысы келмегендей əлгі тарғыл неме жасыл құрақтан ытқып 
шықты. Жолбарыс... Мысықтабандап жақындап келеді. Мұның жон арқасын 
оқыс қармай қалған мұздай суық бірте-бірте тарай бастады. Тіпті шынтағының 
түбінде жатқан садағына да қолын созбады. 
Кешегі түсіне енді түсінгендей болды. Кез келгенге шөп-шөп сүйгізіп жатқан 
қара тастың мұны маңайлатпай қойғаны мынандай тосын ажалға көрінген екен. 
Бəсе, елден ерек ғұмыр кешкен бұның ажалы да, кез келгеннің пешенесіне 
жазыла бермейтіндей өзгеше болса керек-ті. 
Жолбарыс жақындап қалды. Ол алла тағаланың мынадай түпсіз тұңғиық 
құсаға тұншықтырып қоймай,есіркеп жіберген ақ өлімін асыға тосты. Қазір ол 
кептен бері көкірегінің басына шөгіп бүк түсіп жатып алған зіл батпан қапырық 
қападан біржола құтылады. Жан-жағынан жалаңдай қарап, əр адымын аңдып 
отырған сұқты көздердегі сұғанақ таба да жым-жылас жоғалады. Не бір 
сұмдықтарды айтып сусылдай женелгелі отырған сумақай ауыздарға да құм 
құйылады. Бұның қит еткеніне аузын ашып, көзін жұмып отыратын қара 
тобыр бұдан былай ала бетен өлімін де ауыздан ауызға, елден елге, ғасырдан 
ғасырға көшкен сайын есе, өркештене түсетін күпіме аңызға айналдырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет