Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет108/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   119
Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
144 
Əмірші жылғаға жеткен соң аттан түсті. Нөкерлері де аттарын ұстап 
аңтарылып тұр. Қамыс арасындағы кішкене бұлаққа беттеген бұның 
соңынан ере жүруге батылдары бармай, орын-орындарында тұрып қалды. 
Ол қамыс арасына кіріп, бұлақтың жиегінде жатқан оңаша дөңбек тастың 
үстіне отырды. Таудың тап-таза суын алақанымен іліп алып, беті-қолын 
шайды. Сосын мойнындағы садағын ап, қасына қойды. Белбеуін босатып, 
тас үстіне жантайды. Көптен бері түзде жүріп, дəл бұлай оңаша кетіп 
көрмеген-ді. Бүгін таң атқалы ешкімді көргісі келмейді. Сол бір сасық 
ауыз көп тобыр сыртынан не десе, о десін, тек көзін сатып қасында 
отырмаса болғаны. Əйтпесе бұл олардың жүзіндегі əрбір болмашы қимыл-
қыбырды аңдып, жүйкелеп бітеді. 
Төңірегінің бəрі көк майса. Құрақ басындағы түнгі шық əлі түгел кеуіп 
үлгермепті. Қалың құрақтан бойларын асырып, ентелей қарап тұрған 
ақар-шақар шыңдар да түнде біреу шомылдырып кеткендей тап-таза. 
Өзекті бойлап келте самал желпіп өтеді. Мұның көкірегіне орнап қалған 
бір тымырсық қапырық бəрібір айығар емес. Есіне таң алдында көрген 
түсі оралды. Анау қарлы шыңдар түсіндегі Арафе мен Мұздалифтің, Саф 
пен Мəрудың күйген бауырдай қоп-қоңыр шоқыларына, көп шуылдақ 
қиқу салып аң қуып жүрген көк жасыл қойнау аяғыңды бассаң бұрқ-бұрқ 
шаң ұшқан Мин алқабына атымен ұқсамайды. Алайда түсінде көрген 
еңірдің шаң-тозаңы, ыстық жалап кеткен топырақтың күңірсік иісі 
кекірегіне біржола орнап қалғандай. Ғұмыры кермеген алыс өлкенің көз 
алдына тап осынша анық сайрап келе қалғанына қайран қап отыр. Əлде 
қажыға сан рет барып қайтқан пірінің əңгімесінің əсері ме екен. Кешелі-
бүгін ойына да алмаған жер түбіндегі киелі өлке бұның түсіне неге кірді? 
Əлде ата-баба бұған басындағы мына дағдарыстан қалай шығудың жолын 
меңзеді ме... Шынында да, осы хажыға неге бармайды? Арғы-бергіде 
қартайған шағында қағбаның киелі тасын сүйіп, бастағы тəжді сəлдеге, 
қолдағы алтын балдақты асыға айыр-бастап пақырана дəруіш боп кеткен 
падишалар аз ба? Олардың да осындай пұшайман халге ұшырап, дүниеден 
баз кешіп кетпегеніне кім кепіл?.. Бірақ түсінде жер түбіне тəубе етіп 
барғанда қағбаның қара тасының оны маңайлатпай қойғаны несі? Əлде 
бұның күнəсі жер бетіндегі пенде біткеннің бəрінен көп, бəрінен 
кешірімсіз болғаны ма? Ендеше киелі кітапта тақ мініп, тəж кигендердің 
əлемге алла тіккен шатырдың алтын қазығына баланатыны қалай? 
Жаратқан ие өз шатырының тіреулеріне осыншама кешірімсіз бе еді? Əлде 
қарақұрым қара тобырдың ортасында бір бұны қақпайлағаны «жүрер 
жерің бұл емес, сенің жөнің басқа» дегені ме? Олай болса жаратқан ие 
бұны кез келген жұмыр басты пенденің басына лайық, ең болмаса, айтуға 
да аузың бармайтын күлді-көмеш тақсыретке тап қылғаны несі? Дүниеде 
ұрғашының мекерлігінен келетін кесапаттан асқан қор кесапат болушы 
ма еді? Талай қуғын, талай сұргінді көре жүре, талай жерде сілті 
ішкендей бола жүре, соның ешқайсысына тап осы жолғыдай апшымап 
еді. Олардың бəрі алмас ұстап, атқа қонар азаматтың шыбын жанын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет