Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет56/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   119
Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
92 
айта алмады. Ертесіне қоштасарда қанша дегенмен ханыммын ғой деп, 
өзіне деген қимас сезімін білдіріп құшқысы келіп еді – батылы бармады. 
Өз бөлмесінен шығып бара жатқан Əміршінің артынан қарап, 
табалдырықтың алдында қалшиып ұзақ тұрды да қалды. Ту сыртынан 
телміре қарап тұрған мұны сезді ме, Əмірші орта жолға кілт кідіріп, 
артына бұрылып қарады, бұған қайтып оралғысы келген кісіше, не əлдене 
дегісі келгендей, ұмсына берді де, кенет қапталына көзі түсіп, қайтадан 
жөніне кете барды. 
Ханым Əміршінің көзі түскен жаққа қарап еді – басын иіп, құлдық ұрып, 
қаз қатар тізіліп тұрған азбан құлдарды көрді. 
Өзінің табалдырықтың алдында сілейіп тұрған мына тұрысының ерсі 
екені сонда барып есіне түсіп, есікті жауып алды. Бірақ Əміршінің кетіп 
бара жатып, кілт тоқтап, бұрылып қарағанынан өзіне деген өзгеше ықылас 
танығандай боп, жүрегі орнына түсейін деді. 
Қатал Əміршінің суык, жанарының түбінен тек өзінің ғана көзі шалып 
қалатын жұмсақ нұрдан да бұл қимастық сезінетін тəрізді. 
Адам жүрегінің ең бір тұңғиығынан шымырлап шығатын сол бір 
қимастықтың, ыстық іңкəрдің емін тапса махаббат қана табатын шығар. 
Сонда Əміршінің бұны сүйетіні ғой... 
Ханымның көкірегінде əдемі қуыршақ көрген бала қыздың балапан 
жүрегіндей əлдене ойнақшып шыға келді. 
Ханым екі бетіне ду етіп екі шоқ тиіп кеткенін аңғарды. Əлгіндей 
антарылмай, маужыраған рақаттың саумал көліне қайта сүңгіп, үзілген 
ойын қайта жалғастырды. 
Ал əлгі қимастықтың, бір-біріне деген өліп-өшкен ыстық іңкəрдің 
сарқылған шағында екі адам арасындағы бұрынғы махаббат жайлаған 
салқар көңілді нендей сезім иемденеді екен, əлде ел көшкен жұрттай боп 
біржола құлазып қала береді ме екен? 
Ақылы «иə солай» деп, осы бір тұспалды қаншама жөн көргенмен, 
сананың əлдебір терең қатпарына бұғып жатып алған ұры күмəн қайта-
қайта басын көтеріп, қаңғыма көңіліне байыз таптырмай тағы бір қиырға 
дедектетіп сүйрелей жөнелді. 
Егер екі егде адамның арасында бұрынғы сезімнен ешқандай жұрнақ 
қалмайтын болса, бұрынғы қосақтардың өле-өлгенше бір-бірінен жұп 
жазбайтындары несі? Əлде өлімнің алдындағы, бейшара кəріліктің 
алдында жалғыз қалғысы келмеген қорқыныштан ба екен? 
Ендеше, ондай үрейден бір ошақтың басынан өзгеге билігі жүрмейтін жай 
жұмыр басты пенделер қорықса қорқар. Бірақ шартарапты аузына 
қаратқан, өле-өлгенше қасынан кетпейтін жары, отан, өз əулеті, 
қарақұрым қолы мен қалың халқы бар Əмірші қорқар ма? Жоқ, ол 
бəйбішеге басқа бір сезіммен баратын болды. Ол сезімнің аты не? 
Иə, егде адамдардың көкірегінде, ең болмаса кешегі күйіп-жанған алау 
махаббаттың орнында ып-ыстық қоламтасы-сыйластық қалмайды дейсің 
бе? Сол ыстық қоза біржола сөніп біткенше, адам пақыр да өліп бітетін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет