Əбіш Кекілбаев АҢыздың


Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library



Pdf көрінісі
бет52/119
Дата01.11.2022
өлшемі1,61 Mb.
#46710
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   119
Туркестанская Библиотека - www.turklib.ru – Turkistan Library
88 
Ханымның қай жағынан шығып қалдым дегендей, жаңа ғана өзі осып 
тырнап алған жараның аузын өзі сүртіп бақты. Табан астында тек 
əйелдердің ғана қолынан келетін мəймөңкелікке көшіп, өз айтқанын өзі 
жуып-шая бастады. 
Қызғаныштың тілінде шоқ, ұртында мұз. Шоғымен бетіңді, мұзымен 
жүрегіңді қарып сөйлемесе, қызғаныш бола ма! Əмірші иенің ықыласы 
мен салтанатын бір өзі иемденіп қалған шынжыр балақ, шұбар төс 
тұқымның қызы-бəйбішенің тəйтік қызметшілері Кіші ханымды аузынан 
əлі емшек табы кетпеген жас көріп, басынып қалғылары келеді ғой. Бірақ 
оларымен не бітірер дейсің. Əлгіндей-əлгіндей күйдіргі əңгімелерді 
күңсіткеннен арғыға жете қояр шамалары қайсы? Əміршінің өзі асқар 
таудай боп, панасына алып отырғанда, бəйбіше сарайындағы көп 
сумақайдың сыпсыңы құр əншейін желдің суылы, шыбынның ызыңы боп 
қалады. Дегенмен, үлкен-үлкен деп басқа шығарып қоймай, қыбын тауып, 
бəйбішені де аяғын тарта сөйлеуге үйреткен жөн. Құдайға шүкір, Ұлы 
Əмірші алтын басымен кіріп-шығып жүрген құттыхананы шауып ала 
қоймас... 
Кемпірдің əңгімесі қайтадан аруақтанып барады. Енді жұқа танауы 
дірілдеп, көтеріле сөйледі. Орақ мұрнының астында ерсі қарауытып 
жатқан сұйқылт түктері тікірейіп-тікірейіп кеткен... 
Қызметшісінің аяқ астынан арқаланып бара жатқанын байқап, ханым 
оның жүзіне таңырқай қарап еді, кемпір қапелімде артықтау əңгіме 
айтып қойдым ба дегендей, оқыс тыйыла қалды да, əлдебір ұмыт шаруасы 
есіне түскенсіп, орнынан асығыс көтеріле бастады. 
Қызметшінің əлгі əңгімесі, аяқ астынан жүрегін тызылдата бастаған оқыс 
бір сезім ханымның көп күннен бері көкірегін тымырсық боп жайлап 
алған түсініксіз қапырықты төтен соққан өкпек желдей сейілтіп жіберді. 
Өне бойын жайлап алған мең-зең зіл ыдырап кеткендей ханым өзін қунақ 
сезінді. 
Бəйбіше сарайының əңгімесі пəлен күннен бері оның қол-аяғын матап 
алған енжарлықтың қыл арқанын күрт-күрт үзіп жатқандай. Тұтқиылға 
тіреліп дағдарып тұрған ой-сезімнің де қарсы алдынан қасқа жол 
ашылғандай... 
Енді əлгі кемпір айтып кеткен əңгіменің егжей-тегжейін қайтадан бір 
бажайлап ойлап көруге бел буды. Көзге көрінбей бір қиянда жатып ап, 
мұның əлі ызғар шалып көрмеген балғын жүрегіне мыстан тырнағын 
аямай батырып, осып алған бəйбішенің озбыр шеңгелі оның бойына бір 
қайрат бітіргендей болды. 
Жас ханым қақырайып сарайда отырғанымен, өзінің айбарсыз, дəрменсіз 
екенін, азулы бəйбіше бала көріп басына бастағанын байқады. 
Ащы тырнақтың есесін ащы тырнақ қайтаратынына жас та болса, 
əйелдерге айрықша тəн бір түп көрегендікпен түйсігіп отыр. Оның 
балғын жүзіне бір суық нұр жүгірді. Бұрын мойылдай боп мүлəйім 
мөлдіреп тұратын көзіне қылыштың жүзінен ғана байқалатын сұп-суық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   119




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет