2) Əуреленіс
Əлектеністің қайраткері қатардан қара көрінім биік адам болса, əуреленістің қайраткері
қатардан қара көрінім төмен адам болады. Биік нəрсе қандай сəулетті, көзге көрнекті,
көңілге тамаша көрініп сұқтандырса, таңдандырса, төмен нəрсе өзінің төмендігімен,
ұсақтығымен көзге күйкі, көңілге олқы көрініп, күлкіңді келтіреді. Сондықтан əлектеністің
сүйініші сүйіндіріп, күйініші күйіндіріп, күштілігімен көңілді алып кетеді де, əуреленістің
сүйініші адамның арын кетіріп, ыза қылып, күйдіреді, күйініші адамды мəз қылып күлкісін
келтіреді. Сөйтіп, əуреленістің ұстаушылары ұсақтығымен, адамшылығы аздығымен
адамның адам намысын келтіріп, арландырады да, əурешілігімен күлкіңді келтіріп, мəз
қылып көңіліңді көтереді.
Əуреленістің қайраткері əлектеністің адамындай ұлы мақсатты адам емес, кемшілігі көп,
адамгершілігі жоқ, қарапайым қалыпты адамдардың бірі болады. Оның талас-тартысында
ұлы мақсат, үлкен іс болмайды, ұсақ тілеу, ептеуден ары аспайды. Ондай ұсақ нəрселердің
талас-тартысқа айналуы да қайраткері нашар болып, ұсақ іске де шамасы келмегендіктен
болады. Еп қылмайтын жерге еп жүргіземін деп, сеп керек емес жерге сеп іздеймін деп, сара
істерге амал-айла, қулық-сұмдық қыламын деп, босқа арам тер, босқа əуре болады.
Сондықтан да ұстастырудың мұндай түрі əуреленіс деп аталады.
Ұстастыру түріндегі сөздер əрқайсысына түр беретін қайраткерлеріне қарай
сипатталады. Əлектеністің қайраткеріне тек «Қайраткер» деген ат қанша олқы көрінсе,
əуреленістің қайраткеріне «Қайраткер» деген ат сонша үлкен көрінеді. Мұның қайраткері
көбінесе сасық пікір, пасық ой, адалдықты білмейтін, арамдықтан жиренбейтін нашар
құлықты, адамгершілігі жоқ, сана-саңлауы кем, босқа лаққыш, жоққа нанғыш, битке пышақ
суырғандай, көздей істі көлдей қылып, босқа пысықсып, босқа жанып, қайратын, күшін,
өнерін жоққа сарп қылып, арам тер болып, босқа бусанып, босқа біленіп, босқа сабылатын
адам. Мұндай «қайраткердің» қайраты босқа жанады, босқа сөнеді. Сөнгеніне адам
күйінбесе, сүйінбейді.
ҚАЗАҚТЫҢ БАС АҚЫНЫ
Қазақтың бас ақыны Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы
заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Ақмола, Семей облыстарында Абайды
білмейтін адам жоқ. Ақмоламен сыбайлас Торғай облысында Абайды білетін адам кем, тіпті
жоқ деп айтса да боларлық. Олай болуы сөзі басылмағандықтан, Абайдың сөздері кітап
болып, басылып шыққанша, Абайдың аты да, сөзі де Торғай облысында естілмеуші еді.
Ақмола, Семей облыстарында Абайдың атын, сөзін естімедім дегенге недəуір таңырқап
қалады. Мен ең əуелі Ақмола облысына барғанымда Абайды білмегеніме, сөзін естігенім
жоқ дегеніме таңырқап қалушы еді.
Қай жерде ақындар жайынан, я ақындардың сөздері жайынан əңгіме болса, Абайдың
сөзін мақтамайтын адам болмады. Абайдың сөзін көрмей тұрғанда мақтағандарына сенбей,
қазақ үкілеген өз құнанын өзгелердің тұлпарынан артық көретін мінезі болушы еді, мақтап
отырған Абайы біздің Əбубəкір, Сейдахмет, Ақмоллаларымыз сықылды біреу ғой деп
жүрдім.
1903 жылы қолыма Абай сөздері жазылған дəптер түсті. Оқып қарасам, басқа
ақындардың сөзіндей емес, олардың сөзінен басқалығы сонша, əуелгі кезде жатырқап, көпке
дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға шапшаң
оқып шықсаң, азына түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қаласың. Кей сөздерін
ойланып, дағдыланған адамдар болмаса, мың қайтара оқыса да түсіне алмайды. Не мағынада
айтылғанын біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі.
Сондықтан Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас. Бірақ ол ауырлық
Абайдың айта алмағанынан болған кемшілік емес, оқушылардың түсінерлік дəрежеге жете
алмағанынан болатын кемшілік. Олай болғанда айып жазушыда емес, оқушыда. Не нəрсе
жайынан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Нəрсенің
сырын, қасиетін біліп жазған соң, сөзінің бəрі де халыққа тіреліп, оқушылардың біліміне
сын болып, емтихан болып табылады. Оқушы сөзді сынаса, сөз оқушыларды да сынайды.
Абай сөзі заманындағы ақындардың сөзінен оқшау, олардың сөзінен үздік артық. Ол
оқшаулық, артықтық басқа ақындардан Абайдың жалғыз сөзінде ғана емес, өзінде де болған.
Абайдың қандай болғанын көзбен көрмесек те көргендердің айтуынан білеміз. Сөзінің
қандай екендігін сөйлеген соң өзінің де қандай екенін айтып, білдіріп өткеніміз теріс
болмас.
Абай Семей облысының қазағы, руы тобықты. Ұлы атасы Ырғызбай Торғай облысындағы
Ырғыз деген өзен бойында туған екен. Ырғызбай халқының қолбасы, батыры һəм ел ағасы
биі екен. Тобықтының аймағы аз кезінде Түркістаннан елін ертіп, ауып келіп, Шыңғыс тауы
малға жайлы деп, қоныс еткен екен. Кіші атасы Өскенбай би халық арасында ғаділ би
атанған. Өз елі түгіл, басқа алыстағы елдер де араларындағы зор дауларын Өскенбай бидің
алдына келіп бітіседі екен. Өз əкесі Құнанбай жұрт аузына қараған қазақтың бас
адамдарының бірі болған. Қазақты төрелер билеп, сұлтандар төрелерден қойылып тұрған
заманда солармен таласып, қарадан сұлтан болған адам екен. Шешесі Ұлжан бəйбіше
Қарқаралы уезіндегі Əбдірей, Мыржық деген жердегі қаракесектің бошан руынан, Бертіс
бидің тұқымынан. Шеше тұқымы күлдіргі, қалжың, əзілге ұста, Қантай, Тонтай деген
күлкімен сөгіп, қалжыңмен жеңіп, аты шыққан адамдар нəсілінен. Тонтай малды адам
болған екен. Ауырғанында өзгелерден гөрі, қожа-молдалар көңілін жиірек сұрайтынын
байқап жүреді екен. Өлер жолы қатты ауырып жатқанда, моллалар көңілін сұрай келіп
отырғанда айтқан: «Баяғыдан бері — жазыла-жазыла хожа-моллалардан да ұят болды, енді
өлмесе болмас» деп.
Абай 1845 жылы туған. Жылы жылан екен. Ибраһим деген атын бұзып, «Абай» деп ат
қойған шешесі екен. Шешесінің сүйіп қойған аты ел арасында шын атынан көбірек
айтылады. Абай он жасынан 13 жасқа шейін қырда мұсылманша оқыған. Он үш жасқа
шығарда Семейде Ахмет Ырзаның медресесінде оқыған. Медреседе оқып жүрген кезінде үш
айдай орысша да оқыған. 4 жыл мұсылманша оқып, үш ай орысша оқып, сонымен оқуды
қойған. Он бес жасында-ақ балалық қылмай үлкендердің қатарына кіре бастаған. Қазақты
меңгеріп, халыққа араны жүріп тұрған төрелермен əкесі Құнанбай таласқанда Абай əкесіне
серіктікке жарай бастаған. Жиырма жасында ел ішіндегі белгілі бір шешені атана бастаған.
Зеректікпен естігенін ұмытпаған. Ел ішіндегі сақталған қазақтың бұрынғы өткен билерінің
білігі, шешендерінің сөйлеген сөзі, көсемдерінің істеген ісі, үлгілі сөздер, ұнасымды əзілдер,
мақалдар, мəтелдер сияқты нəрселерді Абай көп біледі екен.
Заман бұрынғыдай болса, Абай алаштың атақты билерінің бірі болуы шүбəсіз. Біліммен
би болып, жұрт билейтін заман өтіп, таспен би болатын заманға қарсы туған. Білімі көптер
жұрт билемей, малы көптер жұрт билейтін заманға қарсы туған. Абай жұрт алдына білімін
салғанда, басқалар малын салған, жұрттың беті малға ауып, ел билігі Абай қолына еркін
тимеген. «Білімнен мал артық болушы ма еді?» — деп Абай жұрттың онысына көнбей
таласқан. Сөйтіп партия алаңына кіріп кеткен. Өнер-білімін партия ісіне салған.
Білімнің.қызығын жалғыз ғана Тобықтылар көріп, басқаларға пайдасы тимей, болыстыққа
құмар көп қазақтың бірі болып, бəлки сол күйімен өліп те кетуі ықтимал еді. Қазақтың
бағына ондай болудан құдай сақтаған. «Қазақ» 1913, №39.
1880 жылдарда жер аударылып барған Михайлэс деген бір білімді кісімен, қазақ
ғұрпындағы қағидаларды жыюға елге шыққан Гросс деген екеуімен Абай таныс болған.
Бұлар Абайдікіне қонаққа келіп-кетіп жүрген. Абайдың тегін адам емес екенін байқап, олар
болыстықтан гөрі жақсырақ нəрсе барлығын Абайға сездірген. Абайдай зерек адамға жөн
сілтесе болғаны, онан арғысын өзі іздеп табады. Олар орыстың атақты ақындары Пушкин,
Лермонтов, Некрасов барлығын, қара сөзді келістіріп жазғыш Толстой, Салтыков,
Достоевский барлығын, сөз сыншысы Белинский, Добролюбов, Писарев барлығын Абайға
білдірген, олардың кітаптарымен таныстырған. Өлең жазған Пушкин, Лермонтов,
Некрасовтар қазақтың би-болыстарынан гөрі қадірлі екендігін Абайға түсіндірген. Ғылымды
жұртта өлең жазу, сөз жазу нағыз қадірлі істің бірі екенін Абай енді ұққан. Ақындық,
өлеңшілік ел көзіне қадірсіз көрінсе, ол кемшілік ақындық пен өлеңшілікте емес, ақындық
пен өлеңшілікті орнына жұмсамағандықта екендігін, ақындық пен өлеңшілікті қазақ
ақындары, өлеңшілері қайыршы-тіленшілік орынға жұмсағаннан өлеңнің қадірі кеткенін
Абай əбден білген соң, өлең жазуға түскен.
Абай жас күнінде күлкі үшін қалжың өлеңдер, қыздарға ғашық өлеңдер жазған, есейген
соң арланып, тастаған екен.
Михайлэс пен Гроссқа кез болмаса, сол күйімен бəлки кетер еді. Қандай үлгілі, қандай
мағыналы, қандай асыл, қандай терең сөздер жерге көмілер еді. Абай сөздері дүниеде
қалғаны қазаққа зор бақ. Бетін түзеп, жөн сілтеген кісілерге де, сілтеген жолды лақпай тұп-
тура тапқан адамға да қазақ балалары талай алғыс берер. Орыс ақындарымен танысып, өлең
орны қайда екенін білгеннен кейін, Абай өлеңге басқа көзбен қарап, басқа құрмет,
ықыласпен күтіп алып, төр түгіл, тақтан орын берген. Бірақ басқа сөзден өлеңнің таққа
мінгендей артықшылығы қандай? Оны да көрсетіп, айтып қойған. Айтушы мен
тыңдаушының көбі надан болғандықтан, өлең болып айтылып, тыңдалып жүргендердің көбі
өлең емес екендігі, өлең жазушылар болса да келістіріп жазушылары ішінде бірен-саран
таңдама екендігі, жұрт мағыналы, маңызды, терең сөзден гөрі, мағына жоқ, маңыз жоқ,
желдей гулеп, құлаққа дыбысы тиіп, өте шығатын жеңіл сөздерді тыңдауға құмар екендігі
Абайдың өлең жайынан жазған сөзінде көрсетілген. Сол сөзінен Абайдың сыншылығы, өлең
жақсы болуға не керектігін білетіні де көрініп тұр. Сөз жазатын адам əрі жазушы, əрі сыншы
боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды,
дəмді болуына сыншылық керек. Мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы
үшеуі де болған. Бұлардың үстіне Абай көсем, үлгі шығарып, өнеге жайғыш болған. Абайда
өлең сөздің неше түрлі үлгісі, өрнегі табылады. Ол өрнектерді ойдан шығармай, орыстан
алса да, орыс өлеңдерінің өрнектері қазақ тіліне жарайтындығын бастап көрсеткені де зор
көсемдік. Абай өлең жақсы болуға керек шарттардың бəрін білген. Сондықтан өлеңі қай
тарапынан да болса толық. Жалғыз-ақ бір міні бар: ол мін өлең бунақтары тексеріліп,
орнына қойылмағандық. Оны оқығанда я əнге салып айтқанда кемшілігі зор болады.
Дауыстың ағынын бұзып, өлеңнің ажарын кетіреді. Мысалы, төселіп, желіп келе жатып,
шоқытып кеткен сияқты, тайпалып, жорғалап келе жатып, текіректеп кеткен сияқты. Бұл
кемшілікті түзетуге болады. Өлеңнің үш буынды бунақтары мен төрт буынды бунақтарын,
алмасып кеткен жерлерін алып, өз орындарына қойса түзеледі. Мұнан басқа Абай
өлеңдерінде мін бар деп өз басым айта алмаймын. Кейбіреулердің айтатын «ауырлығы бар»
деген сөздер ол өлеңнің қисынын келтіре алмағаннан емес, өрнегінің жаңалығынан, қазақ
өлеңдерінің дағдылы түрінен басқарақ болған соң, оқушылар жаттыққанша жатырқайды.
Сонан ғана ауыр сияқты көрінеді.
Абайдың өзі тексергіш болған соң, оның өлеңін тексеріп, қате шығарып ешкім жарыта
алмайды. Абайдың қандай сыншы, сөз тексергіш екендігін төмендегі сөзінен байқауға
болады:
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
(Қиыннан қиыстырар ер данасы)
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол ақынның білімсіз бейшарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Əуелі аят-хадис сөздің басы,
Қосарлы бəйітсымал келді арасы.
Қисынымен қызықты болмаса сөз,
Неге айтсын пайғамбар мен жəне алласы.
Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,
Мүнəжат ғалымдардың зар-наласы.
Бір сөзін бір сөзіне қиыстырар,
Əрбірі келгенінше өз шамасы.
Өлеңге əркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс, сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақалдап айтады екен сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап.
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты əркімге арнап.
Əр елден өлеңменен қайыр тілеп,
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап.
Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап,
Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап,
Жат елде қайыршылық қылып жүріп,
Өз елін «бай» деп мақтап, құдай қарғап.
Қайда бай мақтаншаққа барған таңдап,
Жиса да бай болмапты қанша малды ап.
Қазаққа өлең деген бір қадірсіз,
Былжырақ көрінеді соларды аңдап.
Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел,
Сендерге де келейін енді аяңдап.
Батырды айтсам, ел шауып алған талап,
Қызды айтсам, қызықты айтсам қыздырмалап.
Əншейін күн өткізбек əңгімеге,
Тыңдар едің əр сөзін мыңға балап.
«Қазақ» 1913, №40.
Абайдың асылын танып, дұрыс баға берген нəрсесі жалғыз өлең емес. Көп нəрсені Абай
сөз қылған, сол сөздерінің бəрінде де Абайдың əр нəрсенің асылын танығаны, білгені
көрінеді. Абайдың өлеңдері қазақтың басқа ақындарының өлеңінен үздік артықтығы əр
нəрсенің бергі жағын алмай, арғы асылынан қарап сөйлегендіктен. Басқа ақындардың сөзге
шеберлігі, шешендігі Абайдан кем болмаса да, білімі кем болғандығы даусыз. Абай сөзінен
Əбубəкірдің «шайды, кебісті əркім тұтынып кеткені асылды қорлау болды» деп қайғырған
сөздері табылмайды. Басқа ақындар аз білімін сөздің ажарымен толтыруға тырысқан, Абай
сөздің ажарына қарамай, сыпайлығына қарамай, əр нəрсенің бар қалыбын сол қалыбынша
дұрыс айтуды сүйген. Мысалы, «Аттың сыны» деген өлеңінде сыпайышылық жүзінен
құлаққа жағымсыз тиетін сөздер бар. Бірақ аттың сынына керек мүшелері болған соң оларын
айтпаса, аттың сыны толық болып шықпас еді. Абайдың «Аттың сыны» деген өлеңін
оқығанында көз алдында сол жақсы аттың өзі тұрғандай пішіні келіп елестейтіні — жақсы
атқа бітетін мүшелердің бірін қалдырмай жазғандықтан. Абай көп нəрсені білген, білген
нəрселерін жазғанда мынау халыққа түсінуге ауыр болар, мынаның сыпайышылыққа
кемшілігі болар деп тайсақтап тартынбаған, хақихатты хақихат қалыбында, тереңді терең
қалыбында жазған. Хақихатты тануға, тереңнен сөйлеуге бойына біткен зеректіктің үстіне
Абай əр түрлі Европа білім иелерінің кітаптарын оқыған. Тəржіме халын жазушы Əлихан
Бөкейхановтың айтуына қарағанда Абай Спенсер, Льюис, Дрипр деген Европаның терең
пікірлі адамдарының кітаптарын оқыған. Өлең жазушылардан орыстың Лермонтов деген
терең пікірлі ақынының өлеңдерін сүйіп оқыған. Сондықтан Абайдың терең пікірлі сөздерін
қарапайым жұрттың көбі ұға алмай, ауырсынады. Абайдың өлеңдерін мың қайтара оқып
жаттап алып жүрген адамдардың да Абайдың кейбір өлеңдерінің мағынасын түсініп жетпей
жүргендерін байқағаным бар. Тіпті осының мағынасы не деп сұрағандары да бар. Сол өлеңді
алып қарасақ, айтылған пікірде, ол пікірді сөзбен келістіріп, айтуында еш кемшілік жоқ.
Түсіне алмаса ол кемшілік оқушыда. Сондай түсінуге қиын көретін сөздерінің бірі мынау:
Көк тұман алдындағы келер заман,
Үмітті сəуле етіп көз көп қадалған.
Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр,
Сипат та, сурет те жоқ көзім талған.
Ол күндер өткен күнмен бəрі бір бəс,
Келер, кетер артына із қалдырмас.
Соның бірі — арнаулы таусыншық күн,
Арғысын бір-ақ алла біледі рас.
Ақыл — мен, жан — мен өзім, тəн менікі,
Менімен менікінің мағынасы екі.
Мен өлмекке тағдыр жоқ əуел бастан,
Менікі өлсе өлсін оған бекі.
Шырақтар, ынталарың менікінде,
Тəн құмарын іздейсің күні-түнде.
Ғадалəттік, арлылық махаббатпен,
Үй жолдасың қабірден əрі өткенде.
Адам ғапыл дүниені дер менікі,
Менікі деп жүргеннің бəрі оныкі.
Тəн қалып, мал да қалып, жан кеткенде,
Соны ойлашы болады не сенікі?
Мазлұмға жаның ашып, ішің күйсін,
Қаракет қыл, пайдасы көпке тисін.
Көптің қамын əуелде тəңірі ойлаған,
Мен сүйгенді сүйді деп иең сүйсін.
Көптің бəрі көп деме, көп те бөлек,
Көп ит жеңіп, көк итті күнде жемек.
Ғаділет пен мархамат көп азығы,
Қайда көрсең болып бақ соған көмек.
Əркімнің мақсұты өз керегінде,
Біле алмадым пысығын, зерегін де.
Саяз жүзер сайқалдар ғапыл қалар,
Хақихатта дін-дағы тереңінде.
Абайдың осы сөзінің дұрыс емес қате айтылған, теріс айтылған, жұмбақ қылып, ашпай
айтылған еш нəрсесі жоқ. Бəрі де дұрыс, түзу, тиісті орнында айтылған сөздер. Оған
оқушылар түсінбесе, ол Абайдың үздік, ілгері кетіп, оқушылары шаңына ере алмағанын
көрсетеді. Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек. Абайдың сөздері 1909-ншы
жылы кітап болып басылып шықты. Бірақ жұртқа таралмай жатыр. Басылған кітап Ақмола,
Семей облысынан басқа облыстарға таралмай жатқаны кісі таңқаларлық іс. Абайдың сөзін
Семей лəпкесіне қамап, жасырып қоймай, күллі қазақ баласы бар уəлаяттардағы кітап
сатушылардың бəрінің де магазиндерінде жүргізу керек еді. Абайды қолымыздан келген
қадірлі жұртқа таныту үшін мұнан былай кейбір өнегелі, өрнекті сөздерін газетаға басып,
көпке көрсетпекшіміз. «Қазақ» 1913, № 43.
ТҮСІНІКТЕР
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Мағжан Жұмабаевтың, Ахмет
Байтұрсыновтың, Жүсіпбек Аймауытовтың творчестволық мұрасын зерттеу жөніндегі
комиссиясының қорытындысында: «А. Байтұрсынов талантты ақын, орыс ақындары мен
жазушылары шығармаларының көрнекті аудармашысы болды. Ол И. А. Крыловтың
мысалдарын қазақ тіліне аударды. Ұлы мысалшының аударылған мысалдары мен осы
сарында А. Байтұрсыновтың өзі жазған шығармаларының негізгі бөлігі «Қырық мысал»,
«Маса» жəне басқа да танымал жинақтарға енді. М. Əуезов «Қырық мысалды» «Қалың қазақ
бұқарасының революция рухында алғаш естіген сөзі» деп бағалады.
Өзінің еңбектері мен ақындық шығармаларын əзірлей отырып, А. Байтұрсынов халықтың
ауыз əдебиетінің материалдарын ұдайы жинап, өңдеп отырды. Осы бір тынымсыз ізденіс
нəтижесінің бір бөлігі кеңінен танылған «Жоқтау» жинағына енді.
Сонымен қатар А. Байтұрсыновтың творчестволық мұрасына берілген оң баға оның жеке
басындағы бүкіл қиындықтар мен қайшылықтарды жоққа шығармайды. Ол əр кезде ғылыми
көзқарас тұрғысынан ойлаумен сыйыспайтын қателіктер жіберді, ұлттық жəне
интернационалдық қатынастар диалектикасын айқын түсіне бермеді,» — делінсе, А.
Байтұрсыновтың творчествосын талдай, зерттей отырып, бұл бағаны дұрыс деп білеміз.
Ахмет Байтұрсынов — аса талантты ақын, дарынды тілші, шебер аудармашы, əдебиет
теориясын тұңғыш рет жазған білгір зерттеуші. Ахаңның халық ағарту жолындағы,
журналистика саласындағы қызметі — өз алдына бір төбе. Бұл орайда оның 1913 жыл мен
1917 жыл арасында «Қазақ» газетінің бас редакторы болып істеген кездегі халық алдындағы
аса абзал да қасиетті еңбегін атасақ та жеткілікті.
Ақын «Қазақ» газетінде қызмет істеп жүрген кезінде жетім балаларды оқытуға, кедей-
кембағалдар мен жесір əйелдерге, нашар жоқ-жітік жандарға үнемі қол ұшын беріп отыруды
ұмытпаған. Сондай-ақ ақын осы газетте парақорлармен, ел ішіне бүлік салып, жұрттың
берекесін алатын ұры-қары, өтірік-өсек, ұсақ жанжалға дейін ашық жазып, оларды тыюға
қатты күш салып отырған.
Алмастай көп қырлы ғажайып талант иесі А. Байтұрсыновтың алғашқы кітабы — И. А.
Крыловтан аударып құрастырған 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген «Қырық
мысал» атты еңбегі. Ахаң əрбір аудармасының соңынан өзінің негізгі ойын, айтайын деген
түйінді мəселесін жанынан қосып отырған. Ақынның бұл қосымшасынан халқымыздың сол
кезегі тұрмыс-тірлігін, мінезін, психологиясын анық байқауға əбден болатын еді.
Міне, ақын «Қырық мысал» кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қауымға жар салып, ой-
санасын оятуға бар жігер-қайратын, күшін жұмсайды. Иə, Ахаңдар туған халқын өнер-
білімге осылай шақырған, осылай ұран тастаған. Ол ішкі жан дүниесінің айқайын өз еліне
орыстың ұлы мысалшысының өлеңі арқылы жеткізді.
Автордың осы «Қырық мысал» атты еңбегі көзінің тірісінде үш рет жарық көрген. Біз ең
алғаш 1909 жылғысын негізге алдық. Тағы бір айта кететін мəселе, автор кейінгі
басылымдарына аздаған өзгерістер енгізген екен, оны да ескеріп отырдық.
А. Байтұрсыновтың тағы бір сүбелі еңбегі — «Маса». Алғаш 1911 жылы Орынбор
шаһарында жарық көрген. Автордың бұл еңбегі одан кейін де екі рет қайта басылған. Бір
ескерте кететін жай, 1922 жылы Қазанда үшінші рет басылымына жаңадан он шақты
лирикалық өлеңдерін ендіріп жəне М. Ю. Лермонтовтың «Мцыри» поэмасынан үзінді
аударып қосыпты, бұдан басқа да кейбір жеке сөз, өлең жолдарына өзгерістер енгізген екен,
біз ретіне қарай оны да ескердік.
Ақын бұл кітабында халықтың арман-тілегін, мұң-мұқтажын жырлады. Ол осы еңбегімен
көпшілікке өзін аса талантты ақын ретінде танытты. Автордың бұл өлеңдерінің ішкі сазы,
ішкі өрнегі, өзіндік ой орамы қазақ поэзиясына тың жаңалық, өзіндік өзгеріс əкелді.
Ахаң халықты патшалық Россияға, шен-шекпен үшін арын сатқан чиновниктерге
сенбеуге үндеді. Əсіресе сол кездегі миссионерлердің аңқау ел-жұртты шоқындыруынан
сақтандырып:
Жазған сөз жаным ашып алашыма,
Алаштың адасқан аз баласына.
Қаннан — қан, еттен — етім, бауыр жұртым,
Қараған «Қаратаудың» қаласына,—
деген уыты мол, ойы терең, мағыналы өлең жолдарының сол кез үшін атқарған қызметі
қыруар.
Ахаң қазақ ақындарының ішінде Абайды артықша бағалап, «Қазақтың бас ақыны» атты
мақала жазған. Онда: «Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы
заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ»,— деген. («Қазақ» газеті, 1913 ж. №
39).
Ұлы Абайдың ғұлама ақындығын бірінші рет оқушы қауымға жан-жақты терең талдап,
танытқан адам — Ахмет Байтұрсынов.
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілі ғылымына сіңірген мол еңбегін шағын түсінікте айтып
жеткізу мүмкін емес. Ғалым синтаксис, морфология, фонетика саласында аса терең ғылыми
жұмыс жасады. Бұл жөнінде академик А. Н. Кононовтың Ахаңды отандық тюркологтардың
жетекшілері қатарына қосқанын айтсақ та жеткілікті.
А. Байтұрсынов мектеп оқушыларына арнап бірнеше «Оқу құралын» да (Орынбор, 1922
ж) жазған. Ол құрастырған осы хрестоматия ішкі терең мазмұнымен де, орналасу тəртібімен
де мəнді де маңызды. Бүлдіршіндерді жеңілінен бастап, ауырына қарай, оңайынан бастап
қиынына қарай үйрету жүйесі берік сақталған. Ал бұл оқулыққа енген мақалдардың да
өзіндік үйретері, меңзері бөлек дүниелер: «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле». «Ақыл — жас
ұланнан, жүйрік — тай-құнаннан». «Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас». Бір
қызығы, балалардың ұғымына ыңғайланып берілген батаның да жөні өз алдына бір төбе:
Асың, асың, асыңа,
Береке берсін басыңа.
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап,
Қыдыр келсін қасыңа.
Сенен байлық өтпесін,
Тəңір берген берекең,
Тепкілесе кетпесін.
Желіңнің екі шетіне
Тай шаптырса жетпесін,—
деген əр сөзі меруерттей асыл халық жырын Ахаңның оқулыққа енгізуін аса ірі
ғалымдығымен бірге, биік парасаттылығы деп бағалаймыз.
Ақынның осы хрестоматияда балалардың мінез-құлқын беретін мына бір өлеңінің
бүгінгі оқушыға да айтары аз емес:
Алтыда «бісміллə» деп мінгізді атқа,
Той істеп, етін асып, қылып ботқа.
Қалқитып қарақшыдай, қуаныш қып,
Жеткені ата-ананың бір мұратқа.
Ел көшсе, шеше байғұс жүр жетелеп,
Жүрмейді бота болса еш төтелеп.
Жең — жалба, етік — қисық, тоқым — жыртық,
Түсеміз аттан əрең сонда еркелеп.
Болған соң тақым бекіп жылқы айдастық,
Құлынды үлкендермен бір байластық.
Желіден шыға қашқан құлын болса,
Ит қосып, ұран салып, айқайластық,—
деген өлең жолдарында артықша көркемдік болмағанмен, сол кездегі ауыр тұрмысы, ата-
ана мейірімі, жылқы малының тазалығымен қоса, ерке мінезі айрықша суреттелген.
«Біздің Отан» (1989 ж. январь, №2 (292)) газетінде «Елге сəлем атты» қызық материал
басылды. Онда былай делініпті: «Серікбай Мамырқанов, руы найман ішінде Қаратай,
Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауылының тұрғыны. 1929 жылы ауыл Совет
төрағасы болып жүрген тұста «жазаға» ұшырап, ақ теңізге сүргінге жіберілген. 1932 жылы
Ақ теңіз бен Балтықты жалғастырған Беломор каналы ашылғанда сол аймақта сүргінде
жүрген Ахмет Байтұрсыновқа жолығып сəлемдескен. Ахаң сонда оған төмендегі өлеңді
жазып беріпті. Өлең Серікбайдың ұзақ жылдар өзі жазған жəне ел аузынан жинаған
шежірелері топталған дəптерінен алынды:
Талапты жастың бірі — сен бір балам,
Келіпсің дəмің айдап Қаратайдан.
Қаңбақтай жел аударған ажырапсың,
Ел-жұрттан, туысқаннан кейін қалған.
Басынан ер жігіттің нелер кетпес,
Қажыма, қайратты бол, еш нəрсе етпес.
Бейнетің көрген түстей болар ұмыт,
Шығарсың азаттыққа ерте иə кеш.
Басың жас, қызығың көп көрер алда,
Мұңайма бақсызбын деп бүгін таңда.
«Ұлы той көппен көрген» — деген бар той,
Байқасаң аман қалған адам бар ма?!
Не білгір, не данышпан бəрі келген,
Жас та көп, бұл арада кəріменен.
Танысып талай жұрттың жайын біліп,
Жолдас боп жүрсің, міне, бəріменен.
Осының үлкен олжа өзі саған,
Не көрді елде қалған басқа адам.
Өкінбей мұндағы өткен өміріңе,
Өрге жүз, өрнек алып осылардан.
Күн туар, есен-аман үйге қайтар,
Қызықтың бастан кешкен бəрін айтар.
Ысылып тең құрбыңның алды болсаң,
Көргенде көріскендер басын шайқар.
Ақыры сергелдеңнің болмай теріс,
Өзіңе қайырлы боп мұнда келіс.
Ел-жұртты бізден бұрын көре қалсаң,
Сəлем айт алты арысқа бізден тегіс.
Айтарсың: Ақ теңіздің аралында,
Айдалған ағаларым қамауында.
Баяғы көксегені сенің бағың,
Жүрсе де бақташының қарауында.
Кеш жатып, ерте тұрып жабығады,
Кеттік деп сенен алыс қамығады.
Сарыарқа сайран еткен қайран мекен,
Ерте-кеш соны ойлап сағынады.
Ызғарлы Ақ теңіздің күні тұман,
Бар екен ағаларда үлкен шыдам.
Бел байлап тəуекелге жүріп жатыр,
Басқа сөз айтқаны жоқ дерсің бұдан,» —
деп А. Байтұрсынов тереңнен толғаса, біз ақынның өмірбаянын толықтыра түсуге бұл
өлеңнің де септігі бар-ау деп оқушы назарына ұсынып отырмыз.
А. Байтұрсынов ауыз əдебиетіне де қатты көңіл бөлген ғалым. Ол «Ер Сайын» жырын
1915 жылы жеке кітап етіп Г. Н. Потаниннің сексен жылдығына арнайды да, орыстың
ғұлама зерттеушісі де тарту ретінде өлең жазады. Алайда ол еңбегі сол жылы белгілі бір
себеппен жарық көрмей, 1923 жылы Москвадағы Ұлттар комиссариаты қарауындағы
Күншығыс баспасынан шығарады. Автор бұл кітаптың бірінші бетіне былайша анықтама
береді: «Жыршылар айтуынан алып, өңдеп, өзгертуші Байтұрсынұлы Ахмет».
Расында бұл туындыны В. В. Раддов ел аузынан жазып алып, «Сайын батыр» деген атпен
1870 жылы («Образцы народной литературы тюркских племен, живущих в южной Сибири в
Джунгарских степях», часть III. Санкт-Петербург.) жариялаған екен. Хатқа түскен нұсқасы
өз алдына, ел аузында да, жыршылардың мақамдап топ-топта айтуымен де сыны түспей
сақталғанын жырдың айрықша көркемдік қасиетінен деп білеміз.
«Ер Сайын» жыры туралы М. Əуезов, Ə. Марғұлан, Ə. Қоңыратбаев, Р. Бердібаев, т. б.
ғалымдар əр түрлі еңбектерінде жазып зерттесе, С. Мұқанов 1939 жылы «Батырлар» атты
эпостар жинағына енгізген.
Ал А. Байтұрсынов нұсқасы көлемі жағынан қысқалау болғанмен көркемдігінің айрықша
екендігін баса айтқан жөн. Жырда Сайынның атын қоярда дағдарған жұрттың ортасына өзі
жалшы, киімі де жұпыны, əбден қартайған, алайда кеудесі сара шалдың кескін-келбеті
еріксіз назар аудартады. Ол жайында:
Жүз отыз бір жасаған,
Азу тісі босаған.
Ноғайлының жұртында,
Онан үлкен кісі жоқ.
Өзі жарлы болған соң,
Онымен жұрттың ісі жоқ,—
деген жолдардан біз бұл адамның сыртқы келбетінен Сыпыра жырауды елестеткендей
боламыз. Алайда бұл қасиетті қарттың жыршы деген атағы жоқ. Сөйте тұра билерге биіктен
қарайды, олардан ықпайды, сыбағалы сөзін де айта алады:
Бəрекелді, билерім,
Жарасады жатқаның.
Байлығыңмен Бозмұнай,
Мыстан табақ тартқаның.
Жаңа туған жас төлдің,
Кəнеки, атын тапқаның,—
деген ақсақалдың сөзіне қатты шамданған хан мен би оған зекіп ұрсады:
Сонда отырып хан мен би,
Шалға қарап ұрысты.
Таппаған соң жақсылар,
Намысына тырысты.
Осы жерде ойласаң,
Атын тауып қоймасаң,
Сақалыңнан алармын,
Ағашқа асып таңармын,—
десе, мұндай қызғанышты сөзді күнде естіп жүрген дана қарт аузынан сөз орнына
маржан төгіп:
Бəрің таппай тұрасың,
Беліндегі бес қару,
Тал бойына жарасқан.
Екі талай жерлерде,
Ерлігі асқан алаштан
Батыр Сайын болмас па?! —
деп бөбекке лайықты атын тауып қояды. Біз көкірегі алтын, аса ақылды қартты халықтың
ой-арманындағы жиынтық кейіпкердей қабылдаймыз.
А. Байтұрсыновтың ауыз əдебиеті саласында істеген аса маңызды еңбегінің бірі —
«Жиырма үш жоқтау» кітабы. Оның бұл тамаша топтамасы 1926 жылы (Мəскеуде) Кеңес
Одағындағы елдердің кіндік баспасында жарық көрген. Кітаптың бірінші бетінде: «Қазақ
тарихының төрт жүз жылын (қамтиды) алады. Жинаған, түзеткен Байтұрсынұлы Ахмет»
делініпті.
Ал бастырушының қандай мақсат ұстағанына құлақ түрейік: ол: «Кеңес Одағындағы
елдердің кіндік баспасы бұл «Жоқтауларды» бастырғанда мынадай оймен бастырды:
Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Дүниеде ешбір тілді бір шешен кісі ойлап
шығарғаны жоқ та, шығара алмайды да. Тіл деген нəрсе қалың елдің күндегі тұрмыс
қазанында қайнап, пісіп дүниеге келеді. Сонан соң ғана шешендер, «тіл көсемдері» бұл тілді
безеп, жолға-жөнге салып, жүйесін айырып өстіреді. Сондықтан əдебиет тіліне негіз етіп ел
аузындағы тіл алынбаса, ол əдебиет адасып кетпек. Енді ғана өсе бастаған қазақ əдебиетін
алғанда мұны естен шығармау керек. Ел аузындағы тіл дегенімізде нені үлгі-өрнек етіп
аламыз? Əрине, осындай жоқтауларды, мақалдарды, жұмбақтарды, ертегілерді, өлеңдерді.
Тіл тақырыбын сөз еткенде Ленин секілді көсемдердің айтқан сөздерін, үгіттерін оқыған
не естіген кісі жолымыздың тура екендігін байқаса керек.
Бұл «Жоқтаулардың» да ішінен əзіргі заманның жас тілшілері, жазушылары талай
материал табар деген үмітіміз бар. Мəнісі көбірек қазақ тарихына тиісті болса, тілін үйрену,
тексеру, тілінен пайдалану осы заман жастары үшін де керек жұмыс. Қазақтың əзіргі тілі
бай, жалпақ, түсінікті, өткір, қысқа суретті болса, көп құрал-жарақтың бірінің жөнделгені
де». Автор осы кішкене ғана сөзінде болашақ ұрпаққа қаншама пайдалы пікір айтылғаны
талдап айтпаса да түсінікті. Ал «Жоқтау» кітабының беташары ретінде Шəңгерей Бөкеевтің
«Сыршы» атты өлеңінің маңызы айрықша деп білеміз. Ақын осы туындысында адамдар
бірін-бірі сыйлау үшін өмірге келген, ақ сəулелі күн, шуақ шашқан ай, жұпар иісті гүл
мейірім үшін жаралған сияқты. Біз де жан-жағымызға нұр сəулемізді түсіруге талаптанайық,
алдымыздағы ағаны, артымыздағы ініні, қасымыздағы құрбыны сыйлайық. Өйткені, өмір
бізге бір-ақ рет берілген деген ойды айтады.
А. Байтұрсынов қазақ өмірінің барлық жағдайына белсене араласқан адам. Ол еліміздің
денінің сау, жанының мөлдір болуын да қадағалаған, халықтың бірін-бірі түсініп, біріне-
бірінің қамқор-қайырымдылық көрсетуі үшін баспасөз арқылы болса да дəнекер болған. Осы
орайда ақынның дер кезінде жазылған үш мақаласын атап кетуге тиістіміз. Автор 1922
жылы Орынбор қаласында жарық көрген «Тəні сұлудың — жаны сұлу» атты туындысында ел
ішінің тазалығын сөз етеді. «Тазалық — денсаулықтың басты кепілі» деген пікір айтып,
бүкіл халықты тазалық үшін күреске шақырады.
Ахаңның ел ішінің жағдайынан жазған тағы бір қызық материалы «Қазақ өкпесі» деп
аталады. (Айқап, 1911 ж). Ол осы қысқа ғана дүниесінде халқымыздың жер-судың қадір-
қасиетін жете түсіне бермейтінін əңгімелепті.
Ескерту: Жазушының бұл жинағының үш бөлімі əр жылда (1911-1922, 1901-1922, 1926)
жарық көрген кітаптары бойынша құрастырылғандықтан, зерттеу еңбектерде мысалға
алынған өлеңдер мен «Маса», «Қырық мысалдағы» кейбір өлең, аударма жолдарында
өзгешеліктер мен айырмашылықтар бар. Тіпті тыныс белгілері қойылмаған өлеңдер мен
сөйлемдер де кездеседі. Біз де кейбірін түпнұсқада қалай болса, солай қалдырдық (С. Д.).
ӨЛЕҢДЕР (1911-1922)
Бұл тарауға А. Байтұрсыновтың төл туындылары еніп отыр.
«Маса» — тұңғыш рет 1911 жылы Орынбор қаласында жарық көрген, бұл туынды
кітаптың беташары ретінде берілген. Кейіннен 1914, 1922 жылғы басылымдарына да енген.
«Сөз иесінен» — 1911 жылы «Маса» жинағында, осы кітаптың кейінгі екі басылымында
да жарық көрген.
«Жазушының қанағаты» — бұл да сонда.
«Туысыма» — бұл да сонда.
«Қазақ салты» — бұл өлең де аталған жинақтан алынды. 1922 жылғы Қазанда басылған
кітапта «Қазақ қалпы» атты өлеңмен орындары ауыстырылған, біз 1911 жылғы басылымы
бойынша беріп отырмыз. 1911 жылғы жинақта:
Ақ көңіл алаң-бұлаң адамдар бар,—
деп берілсе, 1922 жылғы басылымында:
Ақ көңіл алаң-бұлаң адамдар көп,—
деп өзгеріс енгізіліпті, соңғы нұсқасын алдық.
«Қазақ қалпы» — бұл да аталған кітаптан алынып отыр, басылымында да жарық көрген.
«Достыма хат» — бұл өлең де сонда.
«Жиған-терген» — бұл да сол жинақтарда басылған, ал Қазаннан шыққан үшінші
басылымында:
Қазағым, елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып!
Талауда малың,
Қамауда жаның,
Аш көзіңді оянып!
Қанған жоқ па əлі ұйқың,
Ұйықтайтын бар не сиқың?! —
деп келетін 8 жол өлең қосылыпты. «Төңкерістен бұрынғы «Масаларда» цензура рұқсат
етпегендіктен басылмаған. Б. К.» деп қол қойған. (Ол — Бернияз Күлеев).
«Анама хат» — бұл өлең де сол кітаптан алынды.
«Тілек батам» — бұл да сонда.
«Жауға түскен жан сөзі» — бұл да сонда.
«Адамдық диқаншысы» — бұл өлең де үш басылымында бар.
«Бақ» — бұл да сонда.
«Тарту» — бұл өлең тұңғыш рет автордың Орынбор қаласында 1922 жылы шыққан «Оқу
құралы» атты кітабында жарияланған, кейін М. Дулатовтың 1924 жылы Орынборда шыққан
(«Қирағат» — оқу құралы) жинағының беташары ретінде басылған.
«Қа... қаласына» — бұл өлең 1922 жылы Қазан қаласында басылған «Маса» атты
жинақтан алынды. М. Əуезовтің 1923 жылы Ахаңның 50 жылдығында жазған мақаласында
«Қа... қаласы» — «Қарқаралы» деп атап көрсетіліпті.
«Жұртыма» — 1922 жылы Қазан қаласында басылған «Маса» жинағына енген.
«Жұбату» — бұл өлең де сонда.
«Н. Қ. ханымға» — бұл да сонда.
«Ақын ініме» — бұл да сонда.
«И. Б. жездем хатынан» — бұл да сонда.
«Жауап хаттан» — бұл да сонда.
«Ғылым» — бұл да сонда.
«Жазған сөз жаным ашып алашыма» — алғаш рет 1911 жылы Орынборда басылған
«Маса» жинағына енген, кейіннен қайта басылымдарында жарық көрген.
«Н. Г. Потанинге» — бұл өлең 1923 жылы Мəскеуде Күншығыс баспасында жарияланған
«Ер Сайын» атты кітапта басылған.
АУДАРМАЛАР (1901-1922)
Автор «Қырық мысалдың» бірінші бетінде осы кітапқа енген аудармаларын 1901—1904
жылдары тəржімелегенін ескертіпті.
«Замандастарыма» — 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген «Қырық мысал»
жинағының беташары. Кейіннен осы кітаптың 1913, 1922 жылдары қайтадан жарық көрген
басылымдарына енген.
«Аққу, Шортан һəм Шаян» — бұл өлең де сонда.
«Шымшық пен Көгершін» — бұл өлең де сонда.
«Ат пен Есек» — өлең орыс мысалшысы И. Хемницерден (1745—1784) аударылған.
Аталған кітаптан алынды.
«Маймыл» — бұл да солай.
«Егіннің бастары» — бұл өлең де сонда.
«Өгіз бен Бақа» — бұл өлең де аталған кітаптан алынды.
«Емен мен Қамыс» — бұл өлең де сонда.
«Қасқыр мен Тырна» — бұл да сонда.
«Бұлбұл мен Есек» — бұл өлең де автордың 1909 жылы Петербург қаласында жарық
көрген «Қырық мысал» кітабына енген, артынан қайта басылған екі кітабында да беріліпті.
1909 жылғы жинақта:
Тауықтан біразырақ əн үйренсең,—
деп берілген екен, 1922 жылы Қазанда жарық көрген кітап бойынша:
Қораздан біразырақ күй үйренсең,—
деген нұсқасы алынды.
«Екі шыбын» — бұл да сонда.
«Арыстан, Киік һəм Түлкі» — бұл өлең де сонда.
«Қарға мен Түлкі» — бұл да сонда.
«Қасқыр мен Қозы» — бұл да сонда.
«Ағаш» — бұл да сонда.
«Қартайған Арыстан» — бұл өлең де сонда.
«Шал мен Ажал» — бұл өлең де сонда
«Қайырымды Түлкі» — бұл өлең де сонда.
«Маймыл мен көзілдірік» — бұл да сонда.
«Шал мен Жұмыскер» — бұл өлең де сонда.
«Жарлы бай» — бұл өлең 1909 жылғы Петербург қаласында жарық көрген «Қырық
мысал» кітабына енген. Артынан екі қайта басылымында да беріліпті. 1909 жылғы жинақта:
Аямай түрлі тағам, ішер астан,—
деп берілсе, 1922 жылғы қайта басылымында:
Аямай киер киім, ішер астан,—
деп өзгеріс енгізіпті, соңғысын қабылдадық.
1909 жылғы басылымында:
Алармын мұнан соңғы алтындарға,—
деп берілсе, 1922 жылғы шыққан кітапта:
Жұмсармын мұнан соңғы алтындарды,—
деп сəл түзету енгізіпті, біз осы соңғы жолды алып отырмыз.
«Айна мен Маймыл» — бұл өлең 1909 жылы Петербург қаласында шыққан ақынның
«Қырық мысал» кітабында басылды, кейіннен қайта шыққан екі кітапта да бар.
«Кісі мен Арыстан» — өлең 1909 жылғы Петербургте жарық көрген «Қырық мысал»
кітабында жəне екі рет қайта басылымында да енген. 1909 жылғы кітапта:
Ететін мені артық хайуаннан,—
деп берілген өлең жолы, 1922 жылғы кітапта:
Ететін мені артық хайуандардан,—
деп беріліпті, соңғы нұсқасы алынды.
«Жүргіншілер мен иттер» — бұл өлең де сонда.
«Еменнің түбіндегі шошқа» — бұл өлең де сонда.
«Кісі мен Аю» — осы өлең де 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген «Қырық
мысалда» басылған. Соңынан шыққан екі кітапқа да енген. 1909 жылғы кітапта:
Иə қазаға, иə бəлеге ұрынарсың,—
деп берілсе, 1922 жылғы жинақта:
Иə қаза, иə бəлеге жолығарсың,—
деп беріліпті. Біз соңғы жолды енгіздік.
«Екі бөшке» — бұл да сонда.
«Аңдарға келген індет» — бұл өлең 1909 жылы Петербургте шыққан «Қырық мысалға»
енген, кейіннен қайта басылған екі кітапта жарық көрген. 1909 жылғы жинақта:
Жазықты-жазықсыз деп таңдамадым,—
деген жол, 1922 жылы басылған кітапта:
Жазықты-жазықсыз деп талғамадым,—
деп басылған екен. Кітапқа соңғы нұсқасы алынды. 1909 жылғы жинақта:
Адамды жеген обал дегендерге,—
деп берілсе, 1922 жылғы кітапта:
Нақ соны жеген обал дегендерге,—
деп басылыпты. Біз кейінгісін дұрыс деп таптық. 1909 жылғы кітапта:
Бірі емес, бəрін жесе обал емес,
Адамға кімде-кімнің жетсе əлі,—
деп басылса, 1922 жылғы кітапта:
Бірі емес, бəрін жесе обал бар ма,
Адамға аңның десті, жетсе əлі,—
деп түзету енгізіліпті, осы соңғы екі жол алынды.
«Қара бұлт» — бұл да сонда.
«Иттің достығы» — бұл да сонда.
«Қасқыр мен Мысық» — бұл да сонда.
«Қаптесер мен Көртышқан» — бұл да сонда.
«Ала қойлар» — өлең 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген «Қырық мысалда»
басылған, соңынан қайта шыққан екі кітапқа да енген. 1909 жылғы басылымында:
Өңшең көкжал бөріден қойшы салды,—
деп берілсе, 1922 жылғы кітапта:
Бөріден өңшең көкжал қойшы салды,—
деп берілген екен, соңғы нұсқасы бойынша кітапқа енгіздік. 1909 жылғы жинақта:
Көкжалдан қойшылар тым көбейіп тұр,—
деп берілсе, 1922 жылғы кітапта:
Көкжалдар қойшы болса, кім біледі,—
деп түзету енгізіліпті, соңғы нұсқасын дұрыс көрдік.
«Сары шымшық» — бұл да сонда.
«Түлкі мен Қарашекпен» — бұл да сонда.
«Кісі мен көлеңке» — 1909 жылғы Петербург қаласында жарық көрген «Қырық мысалда»
шыққан. Соңынан қайта басылған екі кітапқа енген. 1909 жылы басылған кітапта:
Тентектің бір уақытта кірді есі,—
деп келетін жол, 1922 жылғы жинақта:
Тентектің бір мезгілде кірді есі,—
делінген екен, біз осы соңғы нұсқасын қабылдадық.
«Қарашекпен мен Қой» — бұл да сонда.
«Қайыршы мен Қыдыр» — 1909 жылы Петербургте басылған «Қырық мысалға» енген,
кейіннен автордың қайта шыққан екі кітабында басылған. 1909 жылғы кітапта:
Жалғыз-ақ осы бір зор айыбы еді,—
деген жол 1922 жылғы жинақта:
Оның да осы бір зор айыбы еді,—
делініпті, біз осы соңғы нұсқасын алдық. 1909 жылғы кітапта:
Үстіне құлағанның салмай таяқ,—
деп басылса, 1922 жылғыда:
Үстіне жығылғанның салмай таяқ,—
деп сəл өзгеріспен беріліпті, кейінгі жолды кітапқа қосуды дұрыс көрдік.
«Үлес» — бұл өлең 1909 жылы Петербург қаласында жарық көрген «Қырық мысал»
кітабында жарияланған, кейіннен қайта басылған екі кітапқа да енген. 1909 жылғы жинақта:
Аңдысқан бірін-бірі жаудан жаман,—
дейтін жол 1922 жылғы қайта басылымында:
Аңдыған бірін-бірі жаудан жаман,—
деп беріліпті. Біз осы соңғы нұсқасы бойынша беріп отырмыз.
«Өзен мен Қарасу» — бұл өлең 1909 жылы Петербург қаласында басылған «Қырық
мысал» кітабында жарияланған, кейіннен қайта басылған екі жинақта да жарық көрген. 1909
жылғы жинақта:
Болат та, орынды да көп алмаймын,—
деп берілсе, 1922 жылғы кітапта:
Жоспар да, орынды да көп алмаймын,—
деп беріліпті. Кітапқа осы соңғы нұсқасы берілді.
«Малшы мен Маса»—1909 жылы Петербургте басылған «Қырық мысал» жинағында
шыққан, артынан қайта жарық көрген екі кітапта да басылды.
«Сорлы болған Мұжық» — автордың Крыловтан аударған осы өлеңі 1911 жылы
Орынборда басылған «Маса» жинағына енген, соңынан екі басылымында да жарық көрді.
Ақынның үш рет басылымында да:
Қаншығым балалады күні кеше,—
деп берілген екен, біз оны:
Қаншығым күшіктеді күні кеше,—
деп өзгертіп беруді дұрыс көрдік.
«Қаздар» — бұл өлең де Крыловтан аударылып, автордың 1911 жылғы «Маса» жинағына
енген, артынан қайта басылған екі кітапта да жарық көрген.
«Есек пен Үкі» — бұл өлең Крыловтан аударылып, 1911 жылы Орынборда жарық көрген
«Маса» жинағына енген, соңынан автордың қайта басылған екі кітабында да берілген.
«Ат» — өлең Пушкиннен аударылып, 1911 жылы Орынборда басылған «Маса» жинағына
енген, кейінгі қайта басылған екі жинағында жарық көрген.
«Данышпан Аликтің ажалы» — бұл өлең де Пушкиннен аударылған, 1911 жылы
Орынборда жарық көрген «Маса» жинағына енген, соңынан қайта шыққан екі кітабында да
жарық көрген.
«Балықшы мен балық» — Пушкиннің бұл атақты ертегісін автор 1911 жылы «Маса»
жинағына, кейінгі қайта шыққан екі кітабына да енгізіпті.
«Алтын əтеш» — бұл да Пушкиннен тəржіме етіліп, 1911 жылғы «Маса» кітабында,
соңынан қайта басылған екі кітабында да жарық көрген.
«Вальтерден» — осы өлеңді Пушкин ағылшын тілінен орысшаға аударса, Пушкиннен
автор қазақшаға тəржімелеп, 1911 жылғы «Маса» жинағына енгізген, артынан қайта
басылған екі жинағында да жарық көрген.
«Мцыри» — Лермонтов поэмасынан аударған бұл үзіндіні автор 1922 жылы Қазанда
шыққан «Маса» жинағына енгізген, ал 1911 жылғы кітабында бұл шығарма жоқ. Шамасы,
ақынның соңғы аудармаларының бірі болса керек.
«Мінсіз таза меруерт» — автор бұл өлеңді Ю. Жадовскаядан (1824—1883) аударған, 1911
жылы Орынборда жарық көрген «Маса» жинағына енгізген. Содан кейін екі рет осы
кітаптың қайта шыққан басылымдарында да жарияланды.
«Надсоннан» — бұл өлеңді автор ең алғаш 1911 жылы Орынборда жарық көрген «Маса»
кітабына енгізген. Кейіннен қайта басылған екі кітабында да шыққан. Надсон туралы алғы
сөзде айтылғандықтан біз оған тоқталмадық.
«Оқуға шақыру» — бұл өлеңді автор тəржіме деп атағанмен кімнен аударғанын айтпаған,
тек «орысшадан тəржіме» делініпті. Өлең Орынборда шыққан «Маса» жинағына, кейіннен
қайта басылған екі кітабына енген.
«Нəбік аты» — автор өлеңнің астына арабтан «тəржіме» деп қана жазған, қай ақыннан
аударғанын айтпаған. Өлең 1911 жылы Орынбор қаласында жарық көрген «Маса» кітабында,
соңынан қайта басылған екі жинаққа да енген.
Document Outline - ӘДЕБИЕТ ТАНЫТҚЫШ
- КӨРНЕК ӨНЕРІНІҢ ТАРАУЛАРЫ
- СӨЗ ӨНЕРІ
- ШЫҒАРМА СӨЗ⤊㸾湤潢樊㠰‰扪਼㰊⽄敳琠嬳㘠〠删⽘奚‰‷㤲畬汝ਯ乥硴‴㠱‰⁒ਯ偡牥湴‴㜵‰⁒ਯ偲敶‴㜹‰⁒ਯ呩瑬攠⣾$ᘄ???ᴄᄄᔄᨀ ᄄင∄⬄
ਾ㸊敮摯扪ਊ㐸ㄠ〠潢樊㰼ਯ䑥獴⁛㐰‰⁒ 塙娠〠㜹㈠湵汬崊⽎數琠㐸㈠〠刊⽐慲敮琠㐷㔠〠刊⽐牥瘠㐸〠〠刊⽔楴汥
МАЗМҰН ТҮРЛЕРІ⤊㸾湤潢樊㠲‰扪਼㰊⽄敳琠嬴㈠〠删⽘奚‰‷㤲畬汝ਯ乥硴‴㠳‰⁒ਯ偡牥湴‴㜵‰⁒ਯ偲敶‴㠱‰⁒ਯ呩瑬攠⣾$℄ᜀ ᴄᔄ ᴄꈀ 鈄⬄ᬄ⬄ᰄ⬩ਾ㸊敮摯扪ਊ㐸㌠〠潢樊㰼ਯ䑥獴⁛㐴‰⁒ 塙娠〠㜹㈠湵汬崊⽎數琠㐸㐠〠刊⽐慲敮琠㐷㔠〠刊⽐牥瘠㐸㈠〠刊⽔楴汥
ТІЛ ҚИСЫНЫ⤊㸾湤潢樊㠴‰扪਼㰊⽄敳琠嬴㠠〠删⽘奚‰‷㤲畬汝ਯ乥硴‴㠵‰⁒ਯ偡牥湴‴㜵‰⁒ਯ偲敶‴㠳‰⁒ਯ呩瑬攠⣾$℄ᜀ ∄ငᬄ鈄င〈ਾ㸊敮摯扪ਊ㐸㔠〠潢樊㰼ਯ䑥獴⁛ㄳ〠〠删⽘奚‰‷㤲畬汝ਯ乥硴‴㠶‰⁒ਯ偡牥湴‴㜵‰⁒ਯ偲敶‴㠴‰⁒ਯ呩瑬攠⣾$∄ᬀ (ЛҰҒАТ
- ЖӘНІБЕК БАТЫР
- МАЗМҰН ТҮРЛЕРІ
- СӨЗ ӨНЕРІНІҢ ҒЫЛЫМЫ
- ТІЛ ҚИСЫНЫ
- СӨЗ ТАЛҒАУ
- ТІЛ
- ӨЛЕҢ ШЫҒАРУ⤊㸾湤潢樊㠷‰扪਼㰊⽄敳琠嬲㈰‰⁒ 塙娠〠㜹㈠湵汬崊⽎數琠㐸㠠〠刊⽐慲敮琠㐷㔠〠刊⽐牥瘠㐸㘠〠刊⽔楴汥
ҚАРА СӨЗ БЕН ДАРЫНДЫ СӨЗ ЖҮЙЕСІ⤊㸾湤潢樊㠸‰扪਼㰊⽄敳琠嬲㈶‰⁒ 塙娠〠㜹㈠湵汬崊⽎數琠㐸㤠〠刊⽐慲敮琠㐷㔠〠刊⽐牥瘠㐸㜠〠刊⽔楴汥
ҚАРА СӨЗ⤊㸾湤潢樊㠹‰扪਼㰊⽄敳琠嬲㐶‰⁒ 塙娠〠㜹㈠湵汬崊⽎數琠㐹〠〠刊⽐慲敮琠㐷㔠〠刊⽐牥瘠㐸㠠〠刊⽔楴汥
ДАРЫНДЫ СӨЗ⤊㸾湤潢樊㤰‰扪਼㰊⽄敳琠嬲㔸‰⁒ 塙娠〠㜹㈠湵汬崊⽎數琠㐹ㄠ〠刊⽐慲敮琠㐷㔠〠刊⽐牥瘠㐸㤠〠刊⽔楴汥
АУЫЗ ӘДЕБИЕТ⤊㸾湤潢樊㤱‰扪਼㰊⽄敳琠嬳㐶‰⁒ 塙娠〠㜹㈠湵汬崊⽎數琠㐹㈠〠刊⽐慲敮琠㐷㔠〠刊⽐牥瘠㐹〠〠刊⽔楴汥
ЖАЗУ ӘДЕБИЕТ⤊㸾湤潢樊㤲‰扪਼㰊⽄敳琠嬴㌰‰⁒ 塙娠〠㜹㈠湵汬崊⽎數琠㐹㌠〠刊⽐慲敮琠㐷㔠〠刊⽐牥瘠㐹ㄠ〠刊⽔楴汥
ҚАЗАҚТЫҢ БАС АҚЫНЫ⤊㸾湤潢樊㤳‰扪਼㰊⽄敳琠嬴㐴‰⁒ 塙娠〠㜹㈠湵汬崊⽐慲敮琠㐷㔠〠刊⽐牥瘠㐹㈠〠刊⽔楴汥
ТҮСІНІКТЕР⤊㸾湤潢樊㤴‰扪਼㰠⽌敮杴栱‱〰㈶㠠⽆楬瑥爠嬯䙬慴敄散潤敝 䱥湧瑨‴㜹㤳 䑌‱〰㈶㠠㸾ੳ瑲敡洊碜겼ॸᯅ???㰳묫귮핽䮫嶭뙥寲鯸䢜펁ᱶ袈猇˄䊀遰蘄???钻쯕䈛䌠㣐
- ҚАРА СӨЗ БЕН ДАРЫНДЫ СӨЗ ЖҮЙЕСІ
- ҚАРА СӨЗ
- ДАРЫНДЫ СӨЗ
- АУЫЗ ӘДЕБИЕТ
- ЖАЗУ ӘДЕБИЕТ
- ҚАЗАҚТЫҢ БАС АҚЫНЫ
- ТҮСІНІКТЕР
Достарыңызбен бөлісу: |