және шебер жинақтаудан туған образ. Юмор мен сатирада күлкілі жайлар
ажуа, мысқыл, кекесін түрінде көрінсе, трагедияда қатерлі нәрселер қайғы,
қорқыныш , қаза түрінде көрінеді. Трагедиялық қаһарманның өмірі көбіне
өліммен аяқталып отырады.
Толғау
- көне дәуірлерде туып қалыптасқан поэзиялық шығарманың бір
түрі. Толғау қазақтың жыр, толғау, толғап айту деген сөзінен алынған.
Қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарының жыраулық поэзиясында кең
тараған жанр. Толғауда ірі қоғамдық, әлеуметтік, саяси-философиялық
тақырып ерекше орын алады. Сондай-ақ адам өміріне тікелей қатысты үлгі-
өсиет, насихат мағынасындағы ойлар айтылады.
Фабула
(лат. fabula) - көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен
жүйелеу, мазмұндау.
Достарыңызбен бөлісу: