Эллипсис
(көне грек, сөз тастау, қысқарту, кеміту) - сөйлем ішінде немесе
өлең шумағында атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай
тастап кету. Эллипсис сөйлемнің, ойдың ықшамдылығын, әсерлілігін,
өткірлігін арттырады. Эллипсис адамдардың бір-бірімен сөйлесу
барысында, диалог түрінде көбірек қолданылады.
Бір сөйлем мүшесін жазбай кету, сөздерді ықшамдау басқа жанрларға
қарағанда поэзияда көбірек кездеседі.
Эссе -
француз тілінен «еѕѕаі», ағылшын тілінен «еѕѕау», «assay» -
талпыныс, жазушылық сынама, очерк; латын тілінен «exagium» - ойлау
дегенді білдіреді.
Философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем
әдебиеттің қалыптасқан дәстүрінен соны болжамдар ұсынатын жанр.
Мүнда қаламгердің шеберлігі, интеллектуалдық қабілеті, аңғарымпаздығы,
тапқырлығы бір жерге тоғысады. Автор ұсынған соны болжамдар мен тың
ұсыныстар оқырманның таным көкжиегін кеңейтуге қызмет етеді.
Эсседе философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-
сын, ғылыми-көпшілік, баллетристикалық сипаттар араласып жүре береді.
Сондықтан ол мазмұнына қарай сипаттамалық, шығармашылық,
анықтамалық, салыстырмалы немесе кереғар, дәлелдеме, аргументтік,
пайымдық, көркем-әдеби деп бөлінеді. Бүгінде әдеби эссенің роман-эссе,
повесть-эссе, эссе-сын, эссе-толғау, эссе-баллада, тарихи-эссе, толғау-эссе,
естелік-эссе түрлері қалыптасты. Құрылымы жағынан кіріспе, негізгі бөлім,
қорытындыдан тұрады.
Юмор
— өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сәулесі болса,
юморлық образ
- сол юморлық шығармалардың кейіпкері, күлкілі бейне.