Әдебиет теориялары  Аллегория



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата11.09.2023
өлшемі414,29 Kb.
#106886
түріДерексіз
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
әдебиет теориясы жаңа бағдарлама

Риторикалық сұрау
– ойды, сезімді өсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен- 
өзі айқын нәрсені өсерлі леппен, сұрау түрінде айту. Өлеңде қойылған 
сұраудың жауабын оқырман іштей біліп отырады. Мысалы:
Балалық өлді, білдің бе?
Жiгiттiкке келдің бе?
Жігіттік өтті, көрдің бе?
Кәрілікке көндің бе? (Абай)

Сатира
– өр дәуірдің өмір құбылыстарын немесе жекелеген кейіпкерлер 
бойындағы өрескел кемшіліктерді өткір сынап, мысқылмен бейнелеу. Ащы 
мысқылдан туатын уытты күлкімен суреттеу қазақ халық ауыз әдебиеті 
үлгілерінен бастау алады. Бай ауыз әдебиеті мұраларында халықтың арман- 
тілектері мен мұң-мұқтаждарын жеткізетін Алдаркөсе, Қожанасыр, Тазша 
бала тәрізді ұлттық кейіпкерлер бар. Алдаркөсе туралы аңыз-әңгімелерде 
ащы мысқыл мен уытты тіл басым болып отырады. Ал Қожанасыр туралы 
әңгімелерде юмор бірінші кезекке шықса, Тазша бала туралы өтірік 
өлеңдерде өсірелеу басым. Бұл кейіпкерлер қашанда бұқара халықтың 
мақсат мүдделерін жүзеге асырумен ерекшеленеді. Ұлттық әдебиетте 
қалыптасқан бұл дәстүр өр дәуірде заңды жалғасып келеді. Шалкиіз, 
Тәтіқара, Бұқар жыраулар мен Шал ақын шығармаларында үстем тап 
өкілдерін сынау басым болса, Махамбеттің өлең жырларында шенеудің 
шарықтау шыңына жеткені мәлім.



Сарказм 
(грек. sarkasmos – ащы мысқыл, жанға батыру) - күлкі етудің бір 
түрі, зілді кекесінмен ажуалау. Құрылымы жағынан иронияның ұлғайған 
түрі. Иронияда зiлсiз, көбіне іштарта ажуалау басым болса, сарказмда ол 
шарықтау шегіне жетіп, батыл, ашық әшкерелеуге көшеді.
Ақындар айтыс барысында қарсыласын ащы мысқылмен кекетіп
келемеждеу, жігерін жасыту мақсатында сарказмды қолданған.

Символ 
– балама бейне. Оған негізгі ойды, айтқалы отырған нәрсені, 
құбылысты сол балама бейне, сурет арқылы түспалдап көрсету тән.
Әдебиеттану терминдерінің қысқаша сөздігінде символға мынадай 
анықтама беріледі: «Символ – қандай да бір құбылыстың мәнін шартты 
түрде білдіретін сөз немесе зат.

Тақырып
– әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе – шығарма 
мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жай-жағдайлардың бағыт-бағдары. 
Мәселен, батырлар жырының тақырыбы отаншылдық, ерлік, елдік болса, 
лиро-эпостық шығармалардың тақырыбы – махаббат, жастардың бас 
бостандығы. Қазақ әдебиетіндегі Отан, ана, өлім мен өмір - ешқашан 
маңызын жоймайтын мәңгілік тақырыптар.

Тарихи өлең
. Академик М.Әуезов: 
«Ел ескілігінің бір алуаны – тарихи 
өлеңдер туады»
, - дейді. Тарих өлеңдері, ең алдымен, ел тіршілігінде анық 
болып өткен тарихи оқиғадан туады», - дейді.

Тарихи жырлар
– белгілі тарихи оқиғаға байланысты туған кең көлемді 
шығармалар. Мүнда батырлар жырындағыдай ғайыптан туу, жар іздеу, 
құда түсу т.б. сияқты оқиғалар кездеспейді. Бұл жырлардың бәрі тарихи 
оқиғаларға негізделген, ал басты кейіпкерлері - тарихта болған адамдар. 
Тарихи жырлар жөнінде алғаш пікір айтқан Ш.Уәлиханов болды. Қазақ 
әдебиетіндегі тарихи жырларды Үмбетей, Мұрат, Нысанбай, Шернияз, 
Жамбыл, Нүрпейіс, Мұрын сияқты ақын-жыраулар шығарған не болмаса 
толықтырып, өңдеп қайта жырлаған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет