Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»


Нақыл өлең – ғибратты, тағылым берерлік мәні бар, ойды ықшамды, ұтымды түрде жеткізетін өлеңдер. Новелла



бет160/162
Дата08.02.2023
өлшемі462,66 Kb.
#66249
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162
Нақыл өлең – ғибратты, тағылым берерлік мәні бар, ойды ықшамды, ұтымды түрде жеткізетін өлеңдер.
Новелла (итал. – жаңалық, әңгіме) – қара сөзбен баяндалған шағын прозалық шығарма, кейде өлеңмен жазылады. Новелланың әңгімеден айырмасы онда әдеттен тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалады. Мысалы, Ғ.Мүсіреповтің «Ашынған ана», «Ер ана», «Ананың анасы»; С.Ерубаевтың әңгімелері жатады.
Пьеса – драматургиялық шығармалардың жазылу түрі. Комедия, трагедия, драма пьеса түрінде жазылады.
Сценарий (итал. және лат. «сахна») – кинофильмнің теледидар қойылымның композициялық негізі. Сценарий – кино мен теледидардың синтетикалық сипатынан туындайды.
Теңеу – затты немесе құбылысты екінші зат немесе құбылыспен салыстыру арқылы сипаттау тәсілі. Мысалы,
Қымыздай балға ашытқан тәтті қызға
Жігіттер, бәріңіз де сұқтанарсыз. (І.Жансүгіров)
Ұйқас – өлең-жырларда тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтардың буындарымен үйлесуі. Ұйқас түрлері:
Қара өлең ұйқасы (а, а, б, а).
Шұбыртпалы ұйқас (а, а, а, а).
Ерікті ұйқас (а, б, в, г, б).
Кезекті ұйқас (а, б, в, б).
Шалыс ұйқас (а, б, а, б).
Егіз ұйқас (а, а, б, б).
Аралас ұйқас (а, а, б, в, б, в, б, б, б).
Ішкі монолог – кейіпкердің ішкі ойы, өзіне қарата айтылған арнауы, көңіл-күй сырын білдіретін эмоциялық әсерді байқататын көркемдік құрал.
Экспромт (лат. дайын, әсер) – ақынның ешқандай дайындықсыз шыққан ауызша немесе жазбаша аз көлемді өлең. Бұл өлеңдер әзіл-қалжың мағынасында кездеседі.
Эпопея (грек. тудыру, жазу) – бүкіл бір дәуірді кең көлемде қамтып бейнелеп суреттейтін, сан-салалы эпикалық шығарма. Мысалы, Қазақ халқының жарты ғасырлық өмірін қамтып бейнелеп суреттеген көркем туынды М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы.
Эссетұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құралатын көркем әдебиеттің жанры. Эссе жанрын XVI ғ. II жартысында өмір сүрген француз философы М.Монтень негізін салған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет