ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТ (ЖЫРАУЛАР ӘДЕБИЕТІ) XV–XVIII ғ.ғ. Кетбұға жырау (XIII ғ.)
Сыпыра жырау (XIV–XV ғ.ғ)
Марғасқа жырау (туған, өлген жылдары белгісіз)
Асан қайғы Сәбитұлы (XIV ғ. соңы – XV ғ. басы)
Қазтуған жырау Сүйінішұлы (XV ғ.)
Доспамбет жырау (XVI ғ.)
Жиембет жырау Бортоғашұлы (XVII ғ.)
Қожаберген жырау Толыбайұлы (1663-1763)
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668–1781)
Шалкиіз жырау Тіленшіұлы (шамамен 1465–1560)
Ақтамберді жырау Сарыұлы (1675–1768)
Үмбетей жырау Тілеуұлы (1706–1778) т.б.
Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы) (1748–1819)
ТҰРМЫС-САЛТ ЖЫРЛАРЫ 5 түрге бөлінеді:
1) Баланың дүниеге келуінен бастап есею кезеңдеріне байланысты өлең-жырлар: бесік жыры, тұсаукесер жыры, атқа мінгізу т.б. ; 2) Үйлену салтына байланысты жырлар: тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар; 3) Көңіл-күйді білдіретін өлең-жырлар: қоштасу, естірту, жоқтау, көңіл айту; 4) Бата-тілектер: нәрестеге, жас келінге, ел қорғаушы азаматқа, көшіп-қонуға, теріс бата, оң бата т.б. байланысты берілген бата-тілектер; 5) Төрт түлік, еңбек, аңшылық т. с. с. тақырыптар жайлы өлең-жырлар: түйе иесі – Ойсылқара, сиыр иесі – Зеңгі баба, жылқы иесі – Қамбар ата, қой иесі – Шопан ата т.б.
1) Баланың дүниеге келуінен бастап есею кезеңдеріне байланысты өлең-жырлар
Жоқтауды М. Әуезов үшке бөледі:
1) Елді, жерді жоқтау;
2) Өлген ұлын ананың жоқтауы;
3) Күйеуінен жесір қалған жарының жоқтауы.
«Сырттандар» ертегісі Кербесті – баланың жолға шыққанда мінген аты.
«Ер Төстік» Кейіпкерлер: Ерназар – Ер Төстіктің әкесі.
Ер Төстік – негізгі кейіпкер.
Кенжекей – Ер Төстіктің жары.
Перінің қызы Бекторы – Ер Төстікке ғашық болған қыз.
Жер астындағы ордасы – жылан Бапы хан.
Жылан Бапы ханның Темір хан деген араз ханы.
Темір ханның қызын алмақ болған – Кеще хан.
Шойынқұлақ кемпірдің баласы.
Шойынқұлақтың жары-Күңке.
Жер астындағы өнерпазда: Баукеспе ұры, Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Таукөшірер, Көлтауысар, Көреген.
Ер Төстіктің мінген тұлпары – Шалқұйрық.
Түйесінің аты – Құба інген.
Төбенің басы – Сорқұдық.
«Аяз би» ертегісі Кейіпкерлер:
Негізгі кейіпкер – Жаман Аяз би. Меңді – Уәлі байдың қызы, Жаманның жары.
Мадан хан – сол елдің ханы.
Уәлі бай – Мадан ханға пара-пар бай.
Зәрлі хан – Мадан ханның атасы.
Ақша хан – Мадан ханның құдасы.
Батырлар жырын пайда болу кезеңдеріне қарай үш топқа жинақтауға болады:
1) Ең көне заманғы эпостар: «Құламерген», «Дотан батыр», «Құбығұл», «Жоямерген», «Атилла», «Ергенекон» т.б.
2) Қазақ хандығы кезіндегі эпостар: «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Едіге» т.б.
3) Жаңа дәуірдегі эпостартар: «Өтеген батыр», «Еспенбет батыр», «Досан батыр», «Нарқыз батыр» т.б. Мысалы,
«Ер Тарғын» жыры Шығу тарихы: «Ер Тарғын» жырын алғаш Марабай ақыннан жазып алып бастырған – Н.Ильминский. 1962 ж. Қазанда басылып шыққан. Одан кейін бұл жырды В.Радлов (1970), О.Сарин (1904), Ә.Диваев (1922) жинақтарында жарияланған. Орталық ғылыми кітапхана мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба бөлімінде 8 нұсқасы сақтаулы.
Кейіпкерлер: Ер Тарғын – негізгі кейіпкер.
Ақжүніс – Ер Тарғынның жары.
Ер Тарғынның тұлпары – Тарлан.
Ақшахан – Қырық ханның үлкені. Ақжүністің әкесі.
Жаланбет – Қырымның мырзасы.
Ақшаханның жорғасы – Қанатты қараша.
Еркөлік– Қартқожақтың атасы.
Ханзада хан – Ноғайдың ханы. Ханзада ханның елі Бұлғыр тауын мекендеген. Қарасай ұлы Көбек, Алшағыр ұлы Төген, Өмір ұлы Себен – Ер Тарғынның үш жолдасы.
Сыпыра жырау – жүзден асып жатқан шал. («Аруақты туған ер болсаң, не қыласың бір қызды» деп, Ер Тарғынға тоқтау айтады».) Ардаби – Ақжүністен туған ұл.
Ардабидің екі баласы – үлкені Әжірегей, жеті жасар Айғожа.
Қобыланды батыр «Қобыланды батыр» жырын жинау, хатқа түсіру жайы XIX ғасырда ғана қолға алынды. Жырдың бізге жеткен 29 нұсқасы бар. Оның 26 нұсқасы батырдың ерлігі жайындаб ал 3 нұсқасы – балалары Бөгенбай мен Киікбай батырларға арналған. 1860 ж. Ы.Алтынсарин Марабай жыраудан «Қобыланды батыр» жырын жазып алған. Жырдың Марабай нұсқасын 1922 жылы Ә.Диваев Ташкентте жеке кітапша ретінде басып шығарды.
Кейіпкерлер: Қобыланды – негізгі кейіпкер.
Тоқтарбай – Қобыландының атасы.
Аналық – Қобыландының анасы.
Қарлығаш – Қобыландының қарындасы.
Қарлыға – Қобыланды батырға ғашық болған қыз.
Алшағыр хан – Қалмақтың ханы.