Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет38/162
Дата08.02.2023
өлшемі462,66 Kb.
#66249
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   162
БАЗАР ЖЫРАУ ОҢДАСҰЛЫ
(1839–1911)
Туған жері: қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы.
Қызметі: жырау.
Әкесінен ерте жетім қалып, есейгенше нағашысы Өтемістің қолында тәрбиеленеді. 9 жасында Тәспен би оны өз қолына алады.
15-16 жасында бала жырау атанады.
1858 жылы Тәспен би Қызылқұмдағы игі жақсыларды шақырып, ұланғайыр той жасап, Базардың астына жүйрік ат мінгізіп, үстіне шапан жауып, жыраулық жолына сәт сапар тілейді. Базар осы кезден бастап Ор төңірегін, Ырғыз, Сыр бойы, Қызылқұмды, Үргеніш, Хиуа жағын жырау ретінде аралайды.
Шығыс аңыздарының ізімен «Әмина қыз», «Айна-тарақ» дейтін шағын дастандар да шығарады.
1907 жылы Базар жырау Қазан қаласынан тасқа басылып шыққан «Айман-Шолпан» жырын қайтадан жаңғырта жырлайды.
«Қыз Жібек» жырына да көп өзгеріс енгізіп, қайта жырлап ел арасына таратады.
«Әр кемелге – бір зауал», «Тіршіліктің түрлері», «Керқұлан», «Кермиық» т.б. толғауларында ол өмірдің мән-мағынасына көз жүгіртеді, тіршілікте кездесетін жақсылық пен жамандық, адамшылық пен зұлымдық хақында тереңнен ой толғайды.
Қартайған шағында құрдасы әрі туысы Нұрымбеттің Төремұрат деген оқыған баласына ауызша айтып отырып, көп толғау-жырларын, дастандарын хатқа түсірткен. Жыраудың өз айтуымен хатқа түскен 15 мың жолға жуық өлең-жырлары, 5 дастаны сақталған.


ЫБЫРАЙ (ИБРАҺИМ) АЛТЫНСАРИН
(1841–1889)
Туған жері: қазіргі Қостанай облысы, Алтынсарин ауданында (Бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Аманқарағай болысы).
Қызметі: аудармашы, жазушы, ақын, ағартушы-ұстаз, қазақтың тұңғыш ұлттық педагогикасының негізін салушы, қазақ тіліндегі тұңғыш оқулықтардың авторы («Қазақ хрестоматиясы»). Тұңғыш қазақ мектебін ашты, тұңғыш қыздар мектебін ашты. Балалар әдебиетінің негізін салушы.

Үш жаста болғанда, әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның тәрбиесінде өседі. Ы. Алтынсарин сауатын мұсылманша ашып, ауылда молдадан хат таниды.

1850–1957

Орынбордағы қазақ-орыс мектебінде оқиды. Мектептен кейін екі жыл өз елінде тілмаш болып қызмет етеді.

1859

Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасады. Шекаралық комиссияның төрағасы, профессор В.В.Григорьевпен танысады. В.В.Григорьевтің кітапханасынан орыс, дүниежүзі әдебиетімен танысады.

1860

Орал сыртындағы (Троицк, Торғай, Ырғыз, Қазалы) қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп ашу туралы шешім шыққанда өзі сұранып, Торғай мектебінде мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп ашу мүмкін болмай, іс көпке созылып кетеді. Ы. Алтынсарин ел ішінде оқудың мәнін түсіндіріп, білімге халықтың ықыласын ояту үшін балаларды алғаш өз үйінде оқытады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет