Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет41/162
Дата08.02.2023
өлшемі462,66 Kb.
#66249
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   162
Аудармалары:

И.Б.Паульсон

«Бір уыс мақта», «Алтын шеттеуік», «Тәкаппаршылық», «Әдеп»

Л.Н.Толстой

«Силинчи ханым», «Мұңсыз адам», «Данышпан қазы», «Үш ұры», «Жақсылыққа жамандық», «Жаман жолдас»

К.Д.Ушинский

«Түлкі мен ешкі», «Сауысқан мен қарға»

И.Крылов

«Қайырымды түлкі»

МҰРАТ МӨҢКЕҰЛЫ
(1843–1906)
Туған жері: қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау деген жер. 63 жасында Жайық бойындағы Өрлік ауылында қайтыс болған.
Қызметі: ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген айтыскер ақын, жырау, майталман жыршы, термеші.
Руы – Беріш, оның ішінде Қаратоқай.
Жастайынан әкеден жетім қалып, ағасы Матайдың тәрбиесінде өседі. Ауыл молдасынан оқып, мұсылманша хат танығын.
Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алған.
Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен.
Ол Жылқышы (17 жаста), бала Ораз (20 жаста), Жаскелең (25 жаста), Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан.
Ел тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. «Зар заман» ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған.
Әуелі жеңіп орыс Еділді алды,
Сарытау, Аштарханның жерін алды.
Тамамы су мен нуды орыс ұстап,
Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны, -
деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.

Толғауы

Не туралы?

«Үш қиян»

Ескі дәстүрдің іргесі шайқалғаны, адамдар ниетінің бұзылуы, құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры жайлы.

«Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған»

жер, құтты қоныс жайлы

«Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны»

діни аңыздар негізінде жазылған

«Оқудан қайтқан азаматқа»

елінің өркендеуі білімге байланысты дейді.

Термелері:


«Өлім»
«Қыз»
«Арғымақ сыйлап не керек»
«Аттан сұлу болар ма?»
«Жалғаншы фәни жалғанда» (өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында).
Хат үлгісінде жазылған үш туындысы:
«Оқудан қайтқан жігітке хат»
«Еліне жазғаны»
«Бір досқа»
«Қырымның қырық батыр» жырын, Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі болған.
Шығармаларын зерттеген ғалымдар: М.Әуезов, С.Мұқанов, .Жұмалиев, Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов, ҚБ.Омарова, Қ.Мәдібай.13




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет