Туған жері: бұрынғы Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылы (қазіргі Қарағанды облысының Шет ауданына (бұрынғы Жаңаарқа ауданына) қарасты Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы. Яғни Сарыарқада туған.
Нілдідегі орыс-қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде оқыды.
1908–1913
Ақмолада приходская школада, қалалық училищеде оқыды.
1913–1916
Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған. Омбыда қазақ жастарының «Бірлік» қауымын, Ақмолада «Жас қазақ» ұйымын ашып, «Тіршілік» газетін шығаруды ұйымдастырған.
1917
Ақмола Совдепі президиумының мүшесі.
1918
КОКП мүшесі.
1919
Ақмола совдепшілермен бірге тұтқындалып, Атаманның «азап вагонында» 47 күн азап шегіп, Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып құтылады.
1920
Қаз АКСР жариялаған Кеңестердің 1-Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі, Жер-су комиссиясының төрағасы болды.
1922-1925
Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы.
1922
«Еңбекші қазақ» газетінің редакторы.
1925
Халық ағарту комиссараты жанындағы Ғылым орталығының төрағасы, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясының (Қаз.АПП) басшысы.
1926
БК(б) П Өлкелік комитеті партия тарихы бөлімінің меңгерушісі.