Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет149/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   245
Байланысты:
дебиет туралы жалпы т сінік дебиет – араб с зі, ол « лгілі с з

ИСА БАЙЗАҚОВ

(1900–1946)



Туған жері: Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылы.

Қызметі: қазақтың халық ақыны, әнші, әртіс, домбырашы, сазгер.

9 жасында шешесі қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында өседі. Нағашы ағасы Рахмет оған домбыра тартып, ән салуды үйретеді.

Ол кішкентайынан «Домбырашы бала», «Әнші Иса» атанады.

Семейдегі жұмысшылар факультетін, Орынбордағы қазақ халық ағарту институтын, Қазақ педагогикалық институтын бітірген.

1924 ж. алғашқы өлеңдері баспасөзде жарияланған.

1926 ж. Қызылордада Қазақтың тұңғыш ұлттық театры ашылғанда, Ә.Қашаубаев, Қ.Қуанышбаев, Қ.Жандарбеков, С.Қожамқұлов (Қазақ театрында ұзақ жылдар бойы Қарабайды («Қозы Көрпеш – Баян сұлу») ойнаған әртіс), Е.Өмірзақов т.б. әртістермен бірге жаңа театрдың негізін қалаушылардың бірі болды. Алғаш М.Әуезовтің «Еңлік-Кебегі» мен «Бәйбіше-тоқалында» басты рөлдерде ойнаған.

Өзі инсценировка жасаған «Біржан-Сарада» Біржан ролін ойнап, ақындық, әншілік, домбырашылық өнерімен жұртты ерекше сүйсіндіреді.

Атақты «Гәкку» әні И.Байзақовтың орындауымен ешбір өңдеусіз «Қыз Жібек» операсына көшті.

Поэмалары:

«Құралай сұлу»

«Қойшының ертегісі»

«Алтай аясында»

«Кавказ»

«Қырмызы-Жанай» (аяқталмаған)

«Ақбөпе»

«Неге Алатау шаттанды?»

«Ұлы құрылыс»

«Он бір күн, он бір түн»


Кеңес Одағының Батыры Марина Раскованың бейнесі жайлы поэмаларын өмір шындығына арнаған. Соңғы поэмасында.

1932-1940 ж.ж. Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода, филармонияда, Жазушылар одағында қызмет етті.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Оңтүстік Қазақстан облыстарында ел аралап, үгітшілік қызмет атқарды.

Еңбек Қызыл Ту орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.21




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет