Шығармалары:
Ғ.Мүсірепов шығармашылығын 3 кезеңге бөлуге болады.
1-кезең (1927–1932) шығармалары:
«Тулаған толқында» повесі (1927, тұңғыш көлемді шығармасы. 1916 ж. дүрбелең кездегі ауыл тірлігі жайлы)
«Өмір ертегісі»
«Көк үйдегі көршілер» т.б.
2-кезең (1932–1938) шығармалары:
«Талпақ танау»
«Шұғыла», ана туралы 8 новелла (3 әңгімені («Адамның анасы», «Өлімді жеңген ана», «Ана кесімі айнымайды») М.Горькийден аударған)
«Қыз Жібек» пьесасы (1934)
«Амангелді» пьесасы (1936. Б.Майлинмен бірге жазған).
3-кезең:
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесасы (1939).
«Ақан сері–Ақтоқты» (1941)
«Қазақ батыры» повесі (кейін «Қазақ солдаты» романы, 1945).
«Оянған өлке» романы (1953, Оралдан келген орыс, украин жұмысшыларымен өндіріске жаңа тартылған қазақ кедейлерінің ащы өмірдің азабын бірге тартып, біте қайнасуы суреттеледі)
«Кездеспей кеткен бір бейне» повесі (1968) Бұл еңбегі үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.
«Суреткер парызы» кітабы (1970)
«Ұлпан» повесі (1974).
«Заман және әдебиет» (1982) кітабы.
Достарыңызбен бөлісу: |