ХАМЗА ИХСАНҰЛЫ ЕСЕНЖАНОВ
(1908–1974)
Туған жері: Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы.
Қызметі: жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Оқыған оқу орындары:
Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік техникумы
Абай ат. ҚазПИ
Ленинград Мемлекеттік өнертану институты аспирантурасы
|
1932-1937
|
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы
КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы әдебиет пен фольклор секторының меңгерушісі
|
1937
|
Қазақ мемлекеттік филармониясы, кейін Қазақ опера және балет театрының директоры болды, Қазақ педагогикалық институтында орыс әдебиеті тарихынан сабақ берді.
|
1938
|
Жалған саяси айып тағылып, 20 жылға жуық уақыт сталиндік қуғын-сүргіннің зардабын тартты.
|
1956
|
Осы жылдан өнімді шығармашылық еңбек жолын бастады.
|
Ақын Сағат Әбдуғалиевтің «Хамза Есенжанов» атты өлеңінде қаламгердің тартқан азабы, көрген қиындығы, сатқындардың құнсыз тірлігі баяндалған.
|
Шығармашылығы
XX ғасырдың 30-шы жылдары «Өлеңтінің жағасында», «Қызыл құмақ», «Күшке күш» сияқты әңгімелері мен «Жер шарында» атты пьесасы жарияланды.
Романдары:
«Ақ Жайық» трилогиясы (Батыс Қазақстандағы революциялық қозғалыс, Кеңес өкіметінің қалай орнағаны суреттеледі. М.Әуезов: «Еуропа үлгісінде жазылған тұңғыш шығарма»)
«Көп жыл өткен соң» (1963)
«Ағайынды Жүнісовтер» (1970) (Соңғы екі кітапта жаңа өмір құрған елдің сан қырлы тұрмыс-тіршілігі мен әділет үшін күресі, адамның азамат ретінде қалыптасуы бейнеленген.)
Өмірінің соңғы жылдары «Қарт қазақ», «Жайын ілерде», «Жар», т.б. әңгіме, очерк, әдеби-сын мақалалар жазды.
Аудармалары:
М.Шолохов «Тынық Дон» романы (1,4-кітабы)
И.Тургенев «Рудин» романы
И.Шухов «Өшпенділік» романы
А.Пушкиннің «Дубровский» повесі т.б.
Бастауыш, орта мектептер үшін оқулықтар жазды.
Достарыңызбен бөлісу: |