Әбдіжәміл Нұрпейісов
(1924 жылы 22 қазанда туған)
Туған жері: Қызылорда облысы, Арал ауданы, Құланды ауылдық кеңесіне қарасты Үшкөң деген жер.
Қызметі: Халық жазушысы.
1942-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
1956 жылы М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген.
1962-1964 ж.ж. «Жұлдыз» журналының бас редакторы болды.
Қазір халықаралық Қазақ ПЕН клубының президенті.
1950 жылы тұңғыш шығармасы – «Курляндия» романы (Ұлы Отан соғысы туралы) жарық көрді. Бұл шығармасы үшін Жамбыл атындағы республикалық сыйлық берілді. «Курляндия» романын кейіннен өңдеп, толықтырып, 1958 жылы «Күткен күн» деген атпен қайта жариялады.
«Қан мен тер» трилогиясы (1-кітап – «Ымырт», 1961; 2-кітап – «Сергелдең», 1964; 3-кітап – «Күйреу», 1970) және «Сең» (1983), «Соңғы парыз» (1999) романдары дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған.
Достарыңызбен бөлісу: |