ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН
(1015 (16) ж. туған. Өлген жылы белгісіз.)
Туған жері: Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы.
Қызметі: ойшыл, ғалым, білімпаз, ақын.
Жүсіп әкесімен бірге Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен. Осында жүріп қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарынан білім алады.
Жүсіптің ақын ретінде де, ғалым ретінде де атын шығарған еңбегі – «Құтты білік» («Құдатғу біліг»).
1069-(1070) ж. Баласағұн қаласында бастап, 18 айдан кейін Қашқар қаласында аяқтаған.
Еңбек алғаш рет түрік тілінде жазылған.
85 тараудан тұрады.
Дастанда өмір сүрген ортаның шындығы, әлеуметтік топтың қоғамдық түсінігі мен саяси тұжырымы берілген.
Бақытты болудың негізі – білім деп түйіндейді.
Кітапта 4 кейіпкер бар. Әңгіме осы 4 кейіпкердің сұрақ-жауаптары арқылы өрбиді. Олар: Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат.
Достарыңызбен бөлісу: |