Ғалым өз сөздігінде 29 түркі тайпасының этноним, топонимдерін, туыстық атаулары мен киім-кешек, тағам аттарын, салт-дәстүр ерекшеліктерін атап көрсетіп, ұсақ рулардың таңбаларына дейін сипаттайды.
Ғалымның дөңгелек картасы ең ежелгі түркі картасы ретінде белгілі. Мұнда ол түркі халықтарының таралым аймағын көрсетеді.
1997-1998 ж.ж. «Түркі тілдерінің сөздігі» қазақ тілінде жарық көрді. Аударып, баспаға әзірлеген – А.Егеубаев.
Махмұт Қашқаридың «Китабу жауаһирин-наху фи луғатит-түрік» («Түркі тілдері синтаксисінің құнды қасиеттері туралы») атты еңбегі болған, бірақ кітап біздің заманымызға жетпеген.
ЮНЕСКО 2008 жылды ғұлама ғалымның туғанына 1000 жыл толуына орай «Махмұт Қашқари жылы» деп жариялаған.
Достарыңызбен бөлісу: |