СӘЙФ САРАИ
(1320–1396)
Туған жері: Алтын Орданың Сарай қаласы.
Өзі: «Қамысты» деген жұрт – менің елім», - деген.
Бейбарыс сұлтан билеп тұрған Мысырға білім іздеп барады.
«Түрікше гүлстан» («Гүлстан бит-түрки») атты назиралық үлгіде кітап жазған. Бұл – парсы ақыны Сағдидің «Гүлстан кітабына» ұқсас түркі тіліндегі нұсқасы.
Кітап кіріспе, 8 тарау, қорытындыдан тұрады. Алғашқы 7 тарауы жеке-жеке қысқа әңгімелерден тұрса, 8-тарауда нақыл, мақал-мәтелдер жинақтаған.
Тараулары:
«Патшалардың өмірі туралы»
«Азға қанағат етудің артықшылығы»
«Махаббат пен жастық»
«Кәрілік пен әлсіздік»
«Тәрбиенің ықпалы»
«Қарым-қатынас ережелері» т.б.
С.Сараидің тағы бір төл туындысы – «Суһаил мен Күлдірсін». Бұл дастанда Ақсақ Темір шапқыншылығында қаза болған жігіт пен қыздың оқиғасын баяндау арқылы өз дәуірінің өзекті мәселелерін көтерген.
Достарыңызбен бөлісу: |