Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет37/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   245
Байланысты:
дебиет туралы жалпы т сінік дебиет – араб с зі, ол « лгілі с з

ХАНДЫҚ ДӘУІРДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ

(XV–XIII ғ.ғ.)

Жыраулар поэзиясы

Елдің тыныштығын армандап, халықтың мақсат-мұратын жырлаған жыраулар қазақ тарихында үлкен орынды алады. Олардың көбі өз заманындағы хандардың кеңесшісі болған. Олар өз жырларында халықты бірлікке, ел болуға шақырған.

Солардың бірі – Асан қайғы. Ол тыныш заманды, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» заманды армандап, қазаққа жайлы қоныс – Жерұйықты іздеген.

Жиембет жырау Еңсегей бойлы Ер Есімнің Кіші жүздегі ел басқарушы биі, әскербасы қызметін атқарған. Жаумен шайқастарда қазақтардың жеңіске жетуіне үлкен үлес қосқан.

Қазақ тарихындағы ең танымал жыраулардың бірі – Бұқар жырау. Ол Тәуке хан заманында сарай билерінің бірі болған. Өмірінің соңғы кезеңінде мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп отырған қабырғалы би атанады.

Қазтуған жырау, Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау, Ақтамберді жырау, Тәтіқара ақын және Үмбетей жырау, Бөлтірік шешен – бәрі де қазақ халқының жанашырлары болған. Олар бір жақтан жаумен шайқасып, ел қорғаса, бір жақтан жауынгерлерді ерлікке, күреске үндеген өлеңдер шығарып отырған.



Жыраулардың шығармашылығына тән ортақ сипат – философиялық терең афоризм, шешендік сөз байлығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет