МАРҒАСҚА ЖЫРАУ
(туған және өлген жылдары белгісіз)
Қызметі: ақын, жауынгерлік рухтағы жырларды шығарушы, қазақ поэзиясындағы көне дәстүрді жалғастырушы.
Марғасқа жырау Есім ханның жорық жырауы, қол бастаған батыры болған. 1627 жылы Ташкент өңіріне билігін жүргізіп тұрған Тұрсын ханның Есім ханға қарсы бүлігін басуға қатысқан. Жырау Есім ханның өмірі мен ерлік істері суреттелген «Еңсегей бойлы ер Есім» атты тарихи жырды алғаш жырлаушы болған деген болжам бар.
Марғасқа жыраудың бізге жеткен санаулы ғана жырлары оның от тілді, орақ ауызды жырау болғандығын көрсетеді.
«Ей, Қатағанның хан Тұрсыны» атты өлеңінде:
Ей, Қатағанның ханы Тұрсын,
Опасызға лағынет болсын.
Кінəсіз халықты жылатқан
Жер Тəңірісі сияқтысың.
Алтын тақта отырсаң-дағы
Ажалға төтеп бермессің, -
деп Ташкент ханының қазақ ауылына опасыздықпен шабуыл жасағанын, жазықсыз жандарды қырып-жойғандығын бетіне басады3.
Достарыңызбен бөлісу: |