Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет97/245
Дата24.03.2022
өлшемі0,52 Mb.
#28640
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   245
Байланысты:
дебиет туралы жалпы т сінік дебиет – араб с зі, ол « лгілі с з

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ

(1866–1938)



Туған жері: бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, То­қы­рауын болысының 7-ауылы (қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшары).

Қызметі: Алашорда мемлекеті мен Алаш партиясын (1917–1920) ұйымдастырушы әрі төрағасы, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, ғалым, аудармашы, ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.

Ата тегі – Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы.

9 жасында әкесі оны Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш сыныптық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады.

1886–1890

Омбы техникалық училищесінде оқып шығады.

1890–1894

Петербург Орман институтының экономика факультетін бітірген. Содан соң училищеде математикадан сабақ береді.

Қараша

1905


Мәскеуде өткен земство және қала қайраткерлерінің съезінде қазақ халқының жоғын жоқтап сөз сөйледі. Сөзінде ол қазақ халқының тіл, сайлау, дін т. б. бостандықтары мәселесін көтерді.

Маусым

1906


Семейде өткен қазақ сайлаушыларының съезінде «Халық бостандығы» партиясының бағдарламасын қуаттап сөз сөйлейді. I Мемлекеттік думаға Семей облысы қазақтары атынан депутат болып сайланды.

1906

Омбыда шыққан кадеттік «Голос степи», «Омиш» және «Иртыш» газеттерінде редактор.

1908

Петербургте шыққан меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редактор.

1908

Самараға жер аударылды.

Маусым

1914


Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясының ұйымдастыруымен шақырылған Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты, мұсылман фракциясы бюросының тұрақты мүшесі болды.

20.03.

1917


Уакытша үкіметтің Торғай облысы комиссары және Түркістан комитетінің мүшесі қызметіне тағайындалды.

Шілде

1917


Бірінші жалпықазақ съезі өткізілді, сондай-ақ «Алаш» партиясы құрылды.

1917

5-13 желтоқсанда Орынборда қазақ мемлекеттігі туралы мәселе қараған жалпықазақ съезд болды. Күн тәртібіндегі ең негізгі мәселе – кеңестік билікке қатынас жөнінде баяндаманы Бөкейханов жасаған. Съезд қазақ облыстарын бүліншіліктен сақтау мақсатында уақытша «Ұлт кеңесін» құрып, оның аты «Алашорда» болсын деген шешім қабылдады. 25 орыннан тұрған бұл үкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Бөкейханов сайланды.

1927

1 қазанынан бастап Мәскеуде ОГПУ органдарының бақылауында тұруға тиіс болды. Мәскеуде қызмет ету мүмкін болмай, Қазақстанға қайтып оралады.

1928

Алматыда ҚазМУ-да сабақ береді.

2.06.

1929


Алматыда Алаш қозғалысының 43 қайраткерімен бірге тұтқынға алынып, сол жылдың соңында Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді

27.09.

1937


КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының негізсіз үкімі бойынша ату жазасына кесіліп, Москвада атылған. «Дон зиратында» («Донское кладбище») жерленген.

Соңғы тергеуде Алаш партиясы мен кеңестік билікке қарсы әрекеттеріне байланысты барлық жауапкершілікті өз мойнына алып, актық сөзінде: «Кеңестік билікті сүйген емеспін, бірақ, мойындауға мәжбүрмін»,– деп мәлімдеді.

14.05.

1989


КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан ақталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   245




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет