Туған жері: Торғай облысы, Торғай уезі, Тосын болысы, Сарытүбек қыстағы (қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Ақкөл ауылы).
Қызметі: аса көрнекті ғалым, ақын, түркітанушы, көсемсөзші, ағартушы, аудармашы-ұстаз, қоғам қайраткері, публицист-журналист, ҚазПИ-дің профессоры, этнограф, фольклорист, композитор әрі орындаушы. Қазақ тілі білімі, алфавиті, баспасөзі, қазақ әдебиеті теориясы және әдебиеттану ғылымының негізін салушы, Қазақ әліппесін (төте жазу) жасаушы. Алғашқы оқу құралының авторы. «Қазақ» газетінің бас редакторы (1913–1918). Алашорда үкіметі мен «Алаш» партиясының негізін салушы әрі көсемі.