Қисса-дастандары:
«Салиха-Сәмен»
«Ағаш ат»
«Шеризат»
«Жәмсап»
«Үш жетім қыз»
«Француз»
«Барат қыз»
«Нұрғыман-Нағым»
«Мәлік-Дарай»
«Кешубай».
Әндері:
«Үлкен Ардақ»
«Кіші Ардақ»
«Еркем-ай»
«Қаракөз»
«Шама»
«Әсет»
«Қоңыр қаз»
«Майда қоңыр»
«Мақпал»
«Қайшақбай»
«Інжу-Маржан» (махаббат туралы)
«Жалған-ай»
«Сырмақ үйкер».
«Беташар», «Аужар» (халық ауыз әдебиетінің үйлену салт өлеңдері жайлы)
МҰХАМЕДЖАН СЕРАЛИН
(1872–1929)
Туған жері: Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Өрнек ауылы.
Қызметі: ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының үлкен қоғам қайраткері, жазушы, ақын, публицист, журналист.
Троицкідегі медреседе оқып, Қостанайдағы 2 кластық орыс-татар мектебін бітірген.
1911-1915
|
Троицкіде «Айқап» журналын шығарды.
|
1919-1920
|
«Ұшқын» газетінің қызметкері.
|
1921-1922
|
Қостанайдағы Шұбар болыстық атқару комитетінің төрағасы.
|
1922-1923
|
Қостанай губерниялық атқару комитеті төрағасының орынбасары.
|
1923-1926
|
«Ауыл» газетінің редакторы.
|
1900
|
Алғашқы жарияланған «Топжарған» поэмасы қазақ әдебиетіндегі тарихи шығармалар қатарына жатады. Поэмада ХІХ ғасырдың 30-40- жылдарындағы қазақ өмірі, Кенесары, Наурызбай бастаған қозғалыс бейнеленген. Поэманың негізгі кейіпкері Адай жігітінің бостандықты көксеген ой-арманы Кенесары көтерілісімен желілес беріледі.
|
1903
|
Осы жылы жарық көрген «Гүлқашима» поэмасы әйел теңсіздігі мәселесіне арналған. Ақын ескілікті әдет-ғұрыптарға және қазақ қоғамының кертартпа күйіне негізгі кейіпкердің (Баймағамбет) өлімі арқылы наразылық білдіреді. Поэмада еркінен айырылған адал жардың сезім тазалығы жырланады.
|
Өлеңдері:
«Бай, патша һәм кедей»
«Бай, қасқыр, аңшы» т.б.
Мақалалары (қазақ қауымын» жоғын жоқтап, отырықшылдық, оқу-ағарту секілді басты мәселелерді нақты көтерді):
«Аштық хаһында»
«Келешек заманымыздың қамы»
«Қазақ халқының мұң-мұқтаждығы»
«Қазақ жастары»
«Отырықшы болған қазақтар туралы» т.б.
Фердоуси «Шаһнамасының» «Рустам-Сухраб» бөлімін В.Жуковский нұсқасынан, сондай-ақ А.Сорокиннің «Жусан» повесін қазақ тіліне аударған18.
Достарыңызбен бөлісу: |