Әдебиетке шолу 1 Йогурттың шығу тарихы мен дамуы 5


Ешкі сүтінен дайындалған йогурттың химиялық құрамын анықтау



бет12/26
Дата30.03.2022
өлшемі157,73 Kb.
#29265
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26

Ешкі сүтінен дайындалған йогурттың химиялық құрамын анықтау

Йогурттағы құрғақ заттың үлесін анықтау

Йогуртағы құрғақ заттың үлесін гравиметриялық немесе арбитажды әдіспен (102-105ºС температурада кептіру) және экспресс-әдіспен (1800С температурада кептіру) анықтайды.

Жуып, тазаланған (20-30гр) құмы және шыны таяқшасы бар шыны стаканды 102-105ºС температураға дейін қыздырылғын кептіргіш шкафта ұстайды. Кептіргіш шкафта 30минут тұрғызылған шыны стаканды алып, оны тығынмен жауып, эксикаторда суытады және 0,001г дәлдікпен өлшейді.

Стаканға пипетканың көмегімен йогурт қоспасынан 10мл салып, тығынмен жауып тез арада өлшейді. Йогурт қоспасын құммен, шыны таяқшаның көмегімен мұқият араластырады. Ашық стаканды су ваннасында жылытады, шашылмалы масса алғашында жиі араластырылады. Содан кейін стакандағы қоспаны 102-105ºС температурадағы кептіргіш шкафқа салады. Кептіргіш шкафтан 2сағаттан кейін алып, тығындап, эксикаторда суытады және өлшейді. Келесі өлшеулер кептірілгеннен кейін 1сағат арасында екі өлшеулердің айырмашылығы 0,004г болғанша өлшенеді.

Ешкі сүтінен дайындалған йогурттағы ылғалдың мөлшерін М (%) мына формуламен есептейді:


мұндағы а- құм, шыны таяқша, йогурт қоспасы салынған шыны стаканның кептіргенге дейінгі салмағы, г

а1- құм, шыны таяқша, йогурт қоспасы салынған шыны стаканның кептіргеннен кейінгі салмағы, г

а0- құм, шыны таяқша салынған шыны стаканның салмағы, г

Паралельді анықтамалардағы алшақтылық 0,2% көп болмауы керек. Йогурттегі (%) құрғақ заттың салмақтық үлесін мына формуламен анықтайды


С=100-М ,
Экспресс-әдіс. Өлшенген алюминді кесеге (қақпағы бар) пипеткамен йогурт қоспасынан 1мл енгізеді және аналитикалық таразыда өлшейді. Содан соң 1мл дистиллденген су қосып, кесені ақырын шайқап қоспаны түбіне дейін тегістеп араластырады. Қоспасы бар кесені жылытқыш температурасы 180ºС жабдыққа ауыстырады, бетінде темір листі бар. Буландыру қарқынды қайнатуда жүреді, сондықтан құрғақ зат ұсақ саңылаулы көпіршік түрінде қалады. Егер ылғалдың булануы жай жүрсе (қайнаусыз), қалдық кесе түбінде кептіруі ауыр, тығыз қабыршық құрайды.

Барлық ылғал бөлінгеннен кейін қалдығы сарғыш түсті болады.

Кесені температурасы 110ºС болатын кептіргіш шкафқа 10 минутқа ауыстырады. Осыдан кейін кесенің бетін қақпағымен жауып, эксикаторда суытады және салмағын өлшейді. Алдынғы әдістегі теңдеуге ұқсас теңдеуді қолданып ылғал мөлшерін, содан соң құрғақ қалдық мөлшерін анықтайды. Қатар анықтаулардың алшақтығы 0,5% аспауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет