Әдебиеттануға кіріспе


мазмұны – оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да



Pdf көрінісі
бет17/50
Дата19.11.2022
өлшемі1,3 Mb.
#51227
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50
мазмұны – оның ақиқат шындыққа негізделген тақырыбы мен идеясы да 
форма - әдеби қаһарманның өзара қарым-қатынасына, тағдыр тартысына 
негізделген сюжеті, композиция және жазушының өмірді өнерге айналдырған 
ең негізгі құралы – суретті сөзі, көркем шығарманың тілі. 
 
?!
Тапсырмалар
 
1) Ұсынылған үлгі бойынша өз мысалдарыңызды келтіріңіздер: 
Шығарма 
Мазмұны 
Пішіні 
С. Мұқановтың «Ботакөз» 
романы 
Қазақстанда Кеңес 
өкіметінің орнауы 
Көркем жинақталған 
әдеби қаһармандардың 
(Асқар, Ботакөз, Амантай 
және т.б.) күрес пен 
тартысқа толы тағдыр 
тіршілігі 
2) Бір мазмұнның бірнеше пішіні болатынына дәлел келтіріңіздер. 
 
 
9 Сюжет пен композиция 
 
Композиция – латынша«құрастыра, қиыстыру» деген мағына береді. Бұл 
көркем шығарманың құрылысы. Композиция тек формаға ғана байланысты 
ұғым емес, мазмұнмен де тікелей байланысты. Сонымен қатар көркемдік 
түрлердің орналасуы және ара қатынасы, яғни шығарманың мазмұны мен 


34 
жанрынан өрбитін туынды құрылысы. Композиция шығарманы біртұтас 
дүниеге айналдыруға ықпал етеді. 
Композиция пішіндік бөлшектерді тұтастырып, идеяға бағындырады. 
Композиция қағидалары – эстетикалық таным: қорытындысы, олар ақиқаттың 
тереңде жатқан өзара, байланысын танытады. Композиция өзіндік мазмұнға ие, 
оның құралдары мен тәсілдері суреттелген құбылысты қайта жаңғыртып, мәнін 
тереңдетеді. 
Бұларды және жеке-жеке емес, бір тұтас композициялық ұстаным 
негізінде шешуге тура келеді. Кейбір ғалымдар мұндай ұстанымды 
«архитектоника» деп атайды. Бұл сөз гректің «архитектура – сәулет өнері» 
деген сөзінен туындайды. Белгілі бір дәрежеде жазушылар да сәулетшілер 
сияқты, олар да болашақ туындысының жоба-жоспарын алдын – ала белгілейді. 
Архитектоника алдын–ала түйсіну арқылы пайда болса, ең жақсы 
композициялық шешімнің өзі алдын-ала жасалған «есеп қисапқа» көне 
берместен, шығармашылық үрдісте ғана толық шешімін табады. 
Композиция – шығарманың сюжеттік – баяндаушылық жағымен қоса
оның образдық бітімін, характерлер сипатын да қамтитын ұғым. Әдеби 
қаһарман белгілі бір дәрежеде өзге кейіпкерлермен композициялық 
салыстырулар жасау арқылы да ашылады. Әдебиеттің түрлі тектері мен 
түрлеріне қатысты композициялық заңдарының айырмашылықтары болуы да 
тосын жәйт емес. Мәселен, поэзиялық шығармаларда композиция 
бөлшектерінің қатарына өлең, шумақ та жатады. Драматургияда басты рольді 
диалог атқарады, сипаттау мен мінездеулер қысқа ремарколарға сыйғызылады. 
Қалай болғанда да, кез келген жанрдағы туынды да шынайы көркемдік тереңдік 
композиция құрылымына сөз араласқанда ғана игерілмек. Ал, көркем 
шығармадағы сөз дегеніміз – автордың дара тілі, өзіндік стилі. 
Композицияның ішкі міндетіне көркем ой мен сезімнің үздіксіз 
қозғалысын реттеу жатады. Ол үшін композицияның әрбір бөлшегі бір-бірімен 
тығыз байланыста болуы шарт. 
Эпикалық шығармада жиі кездесетін композициялық бөлшектердің бірі – 
лирикалық шегініс. 
Лирикалық шегініс – эпикалық шығарма авторының ойы мен сезімінің 
шығармада тікелей көрінуі. 
Кейде лирикалық шегініс арқылы жазушы кейіпкерлер мен олардың 
әрекетіндегі өзінің бағалануына ең маңызды деген тұстарға оқырман назарын 
аударуға, әсерлілігін арттыруға ұмтылады. 
Кейде бір кейіпкерлерге бағытталған лирикалық шегініс басқа бір 
кейіпкердің ой-сезімімен астасып жатуы мүмкін, бірақ оқырман бұл үлгідегі 
лирикалық шегіністі де автордың ой мен сезімнің көрінісі деп қабылдайтыны 
белгілі. 
Кейде автор лирикалық шегіністі өз шығармасының сипаты мен міндетін 
хабарлау мақсатында пайдаланады. 
Оқшау (кірме) эпизодтар – шығармада баяндалатын негізгі оқиғаға 
тікелей қатысы жоқ көріністерді атайды. Кейде оқшау эпизодтарда лирикалық 
шегініс сияқты шығарманың идеясын, пафосын түсіндіру үшін пайдаланылады. 


35 
Көркемдік аңдату – жазушы алда болатын оқиғаны барынша терең 
түсіндіру үшін оны алдын-ала соған ұқсас көріністер арқылы аңғартатын 
тәсілді айтамыз. 
Пейзаж – шығармада табиғат көрінісінің бейнеленуі. Мұнда қандай да бір 
көркем шығармадағы өзге де көркемдік құралдармен қатар өзіне тән көркемдік-
идеялық мән атқаруға тиісті пейзаж туралы. Пейзаж шығарманың тұтас 
идеялық-көркемдік мәніне қызмет ету үшін де, сондай-ақ шығармадағы 
жекелеген көріністерге, оқиғаларға, кейіпкерлерге қатысты да қолданылы 
береді. 
Интерьер – шығарма кейіпкерлерінің тұрмыс-тіршілігіне қатысты түрлі 
заттар мен құрал-жабдықтардың бейнеленуі. Интерьер, көбінесе тар ауқымда, 
яғни жекелеген кейіпкерлерге қатысты ғана қолданылады. 
Сонымен қорыта айтар болсақ, композициялық бөлшектер мен сюжеттік 
дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп тұратын нәрсе – шығарманың 
композициясы. Ал, композициялық шеберлік - шығармадағы барлық бөлшекті 
бір ғана бүтінге тұтастыру, бәрін бір ғана нәрсеге- негізгі идеяға-бағындыру. 
Фабула – бұл латынша-әңгімелеу, баяндау, тарихтап айтып беру-көркем 
шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау. Біз 
шығарманы алғаш оқығанда оның жалпы фабулалық желісін тез қабылдаймыз. 
Ал, сол шығарманы қайтадан оқитын болсақ, шығарамадағы суреттелген әрбір 
әрекеттің, оқиғаның, құбылыстың мәніне тереңдеп үңіле бастаймыз, соның 
нәтижесінде санамызда сюжет жайлы түсінік пайда болады. 
Фабула (лат. Fabula — аңыз, әңгіме, ертегі, мысал) — көркем шығармада 
суреттелген окиғаны рет-ретімен жүйелеу. Фабула сюжетпен көптеген өзіндік 
ерекшеліктерімен өзгешеленеді: 
- оқиғаны мазмұндау, баяндау тәсілімен, яғни оны өмірде болып жатқан 
рет-ретімен емес, авторлық шегіністер, орын ауыстырулар арқылы беру 
(Ш.Айтматов, "Боранды бекет'"). 
- болып жатқан окиғаға қатыстылығымен. Мұның бірнеше жолы бар: 
алғашқысында автордың оқиғаға қатыстылығы сезілмейді (М.Әуезов, "Қилы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет