Сюжет – кез келген әдеби шығарманың негізгі бөлігі. Сюжетте оқырман назарын аудару үшін оқиғалар белгілі бір ретпен тізіледі.
Сабақтың мақсатын анықтап көріңіз
Сабақтың мақсаты
10.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну
Сұрақтар
1. Қаламгер қандай туындыларды дүниеге келтірді?
2.Романның түпкі мағынасы қандай?
Оқу-ақыл тілегі. Сүю-сезім тілегі.
1-тапсырма.
«Ақбілек» романының сюжеттік-композициялық құрылымын талдау жасаңыз.
Дескриптор:
-Топтық талқылау жасайды.
Жалпы-3 балл
2-тапсырма
«Түртіп алу» әдісі арқылы негізгі ұғымдарды дәптеріне жазып алады.
Манағы салт атты кім? Қызды алып қашқан орыстар кім? Бұларды қуам деп оққа ұшқан кім? Олардың кім екенін біз айтайық па? Өздерін сөйлетейік пе?
Қане, осыны дауысқа саламын. Біз айтайық дегенің қолдарыңды көтер... Біреу, екеу, .... жоқ, өздерін сөйлесін дегендерің қол көтер... Төртеу, бесеу ... Өзіммен көпшілік. Сонымен сөз өздеріне берілетін болды. Әуелі сөз оққа ұшқан жігіттікі.