Әдебиеттегі батырлар бейнесі – Ұлттық ТӘрбие қайнары


Образы батыров в литературе – источник народного воспитания



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата27.04.2023
өлшемі359,57 Kb.
#87528
1   2   3
Образы батыров в литературе – источник народного воспитания 
В статье дан анализ образа батыров в художественных произведениях.В сравнительном 
аспекте проанализированы образы героев Кобыланды, Кабанбая, Богенбая, Баяна, Сырыма 


ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №2 (166). 2017
30
Әдебиеттегі батырлар бейнесі – ұлттық тәрбие қайнары
в исторических документах и литературных исследованиях, исторических произведениях 
известных поэтов и писателей. Таким образом рассмотрены поэма «Доблестный Баян» Жумабаева 
М., историческое сказание «Сырым батыр» Караша Г., дастан «Сырым батыр» Тлешова Ж., 
историческая драма «Залог будущего» Мусрепова Г., трилогия «Кочевники» Есенберлина И., 
дилогии «Плеяды – созвездие надежды», «Всполохи» Кекилбаева А. и «Дарабоз» Жумадилова К., 
роман «Смутные времена» Муханбеткалиулы К. Основными сюжетами исторических сказаний 
и романов является борьба с врагами, дополненные ярким и художественным изображением 
исторических личностей. Идея пропаганды мужества, государственности и национальных 
ценностей занимает важное место в нашей литературе. В связи с этим обучение литературе 
посредством изучения исторических произведений является источником богатого наследия 
нашего народа. Труды поэтов и писателей, которые создали героические образы народных 
батыров, автор оценивает как подвиг и считает значительным вкладом в воспитание молодого 
поколения.
Ключевые слова: исторический роман, историческая поэма, национальная ценность, образы 
батыров, художественное описание, воспитание поколения, примеры героизма
Тарихи романдарда қаламгерлер халықтың 
өткен тұрмыс-тіршілігін тарихи деректер негі-
зінде бүгінгі жағдаймен байланыстыратын 
көр кем бейнелер арқылы аша түседі. Яғни та-
рихи романның оқиғасы өткеннің қай кезеңін 
көрсе туге арналса да, онда ерлікті, елдікті, 
ұлттық құндылықтарды насихаттау идея-
сы маңызды орын алады. Тарихи романдарда 
халықтың көне дәуірдегі қаһармандық күресі 
мен тарихы, ұлы тұлғалардың іс-әрекеті нақты 
қырынан суреттеледі. Бұл ретте тарихи роман 
эпостық дәстүрді жаңа сапаға көтерді. Тари-
хи туындыларда батырлар образы кең және 
ауқымды көрініс тапқан. Ғалым Б.У.Әзібаева 
әдебиетіміздегі батырлар бейнесі туралы: «Ең 
бастысы батырдың тұлғалылығы мен ерлігіне 
көп көңіл бөлінеді, әдетте оның халқы үшін жа-
нын пида қылуға дайын екендігі және де еліне 
адалдығы суреттеледі», – дейді [1, 3].
Бүгінгі қазақ әдебиетінің алтын қорын 
құрайтын көлемді, құнды туындылардың бірі І. 
Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының 
идеялық-көркемдік концепциясы терең, мұнда 
халқымыздың ХҮ-ХІХ ғасырлардағы азаттық 
күресінің шешуші кезеңдері, елдің әлеуметтік 
жағдайы, ел қорғаған ерлердің ерлігімен батыр-
лығы сипатталады. Мұнда бейнеленген тарихи 
тұлғалар қатарында «Алмас қылыш» романындағы 
Қаптағай, Бөрібай, Қарақожа, Но ғай, Қобыланды, 
Орақ, Саян, Қаражал, Қамбар, Сұлтан; «Жанта-
лас» романындағы Қабанбай, Бөгенбай, Елшібек, 
Қияқ, Тұяқ, Баян, Тайман, Жолымбет; «Қаһар» 
романындағы Сейтен, Есенкелді, Саржан, Бай-
табын, Наурызбай, Ағыбай, Иман, Төлебай, 
Басықара, Жанайдар, Бұхарбай, Есіркеген секілді 
батырлар бей несі әрқилы суреттеу үлгісімен 
сипатталған. Солардың қатарында Қобыланды
Қабанбай, Бөгенбай, Баян батырлардың көркемдік 
бейнесі әдебиетімізде мол суреттелген.
Қарақыпшақ Қобыланды батырдың Ақтөбе 
жерінде мәңгілікке тыныстаған орнында 
ескерткіш орнатылып, кесене тұрғызылып, оны 
ұлықтау рәсімінің кең көлемде аталып өтуі 
әдеби-тарихи зерттеулердің нәтижесінде жүзеге 
асты. Тарихи деректерге сүйенсек, Қарақыпшақ 
Қобыланды – шамамен ХҮ ғасырда өмір сүрген 
тарихи қайраткер. Көшпелі өзбек мемлекетінің 
негізін қалаушы Әбілқайыр ханның бас баты-
ры болған. Қазақ хандығының бөлінуіне де осы 
Қобыланды батыр себеп болған делінеді.
Түркітанушы ғалым В.В. Радлов Қобыланды 
батыр туралы аңыз-әңгімені алғаш рет ба-
спа бетінде жарияласа, «Қобыланды батыр» 
жырының алғаш жарық көруі ХІХ ғасырдан 
басталады. Жырдың Марабай нұсқасын жа-
зып алған Ы. Алтынсарин оның «Тайбурылдың 
шабысы» деген тармағын «Қырғыз хрестома-
тиясына» (1879) енгізген. Ал «Қобыланды ба-
тыр» жыры туралы алғаш рет «Женщины по 
киргизской былине Кобыланды» деген көлемді 
мақаласын Ә.Бөкейханов «Туркестанские ве-
домости» газетінде жариялады, содан кейін 
1925 жылы «Таң» журналында М. Әуезовтің 
«Қобыланды батыр» атты зерттеу еңбегі жарық 
көрді, ал ғалым М.Ғабдуллин «Қобыланды ба-
тыр» жырын зерттеп, 1947 жылы «Қобыланды 
батыр» жырын ғылыми зерттеудің проблема-
лары» тақырыбында кандидаттық диссертация 
қорғап, жырдың 15 түрлі нұсқасын жариялады, 
бүгінде жырдың 29 нұсқасы белгілі. Оның жи-
ырма алтысында Қобыланды батырдың ерліктері 
жырланса, үшеуі ұрпақтарының іс-әрекеттерін 
баяндауға арналған. Ал Қобыланды батырдың 
эпостық қаһарманнан тарихи тұлғаға айналуы, 
2007 жылы Ақтөбе қаласында «Қобыланды 
батыр: аңыздар мен шындықтар тоғысында» 
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік кон-
ференцияның өткізілуі «Қобыланды батыр» 


ISSN 1563-0223 Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №2 (166). 2017
31
Балтымова М.Р.
жырының зерттелуінің тағы бір жаңа белесі 
болды.
Батыр бейнесінің әдебиетіміздегі көрінісі 
І.Есенберлиннің «Алмас қылыш» романында 
жалғасын тапты. Романның сюжеттік желісі ХҮ 
ғ. біртұтас Қазақ хандығын құру жолындағы 
Әбілқайыр хан мен Керей, Жәнібек сұлтандар 
арасындағы тартысқа құрылған. Романның 
негізгі оқиғалары Қарақыпшақ Қобыланды 
батыр бейнесі арқылы өріледі.«Бұл атақты 
Қажымұқан балуанның он екінші атасы. Қазақ 
пен Ноғай бөлінгенде айтылған «жылау, жы-
лау, жылау күй» жырындағы «қара орманынан 
айрылған», Торғай мен Ор бойына Қаратау 
маңынан, Арыс пен Бадам өзендерінің тоғысқан 
жеріндегі Қараспан тауынан көшіп келген, 
қазақтың атан жілік, арқар мүйіз батырларының 
бірі», – деп сипаттаған [2, 26] Қобыланды 
батырдың бейнесінжазушы макрокеңістік пен 
микрокеңістікті қатар бейнелеу тәсілін шебер 
қолдана отырып сомдайды. Әбілқайыр ханның 
айдап салуымен Қобыланды батырдың қолынан 
қаза тапқан Ақжол бидің қаралы ордасының: 
«Орданың сырты қандай болса, іші де сондай 
қан жылаған екен. Алтын, күміспен зерлеген 
қара сырлы уық, кереге, бақан. Абажадай қара 
шаңырақтан жерге салбыраған қара шуда жіптен 
өрген шашақты тұжырма. Үй іші адамның зәресін 
алып, құтын қашырғандай…Жырау сыбырлай 
зарлайды... Жалғыз ұлынан айрылған қарт жырау 
ұзақ сарнады...» – деген көрінісі арқылы жазушы 
аяулы арысынан айрылған елдің, белгілі биінен 
айрылған қазақтың игі жақсыларының, көкірегі 
қайғыдан қарс айрылған жыраудың бейнесін, 
осы арқылы қазақ халқының өлікті құрметтеу 
дәстүрін сөзбен, іс-қимылмен, психологиялық 
толғаныспен шебер бейнелейді [2, 84-87]. 
Бұл туралытарихшы Қ.Салғараұлы: «...Қо-
бы ландының Дайырқожаны өлтіруі – елдің екіге 
айрылуының себебі емес, тек желеуі, ал елдің 
екіге айрылуының тарихи шындығы басқада. 
Есен Бұғының Керей мен Жәнібек сұлтандарға 
Шу өңірінен шұрайлы жерді сайлап беруінде 
терістік шығыстан еміне енген ойраттар мен 
оңтүстік-батыстан көзінің сұғын қадаған Ақсақ 
Темірдің шөбересі Әбу Саид мырзаға арқа 
сүйеген өз ағасы Жүніске қарсы күресте өзбек жа-
уынгер жігіттерін қалқан етемін деген мақсаты, 
ізгі үміті жатыр», – деп жазады [3, 45]. Батыр 
бейнесі қашан да халық жүрегінде сақталатын 
тұлға. Оның ерлігі – халық ерлігі. Оның ісі 
қашан да халқынан қолдау тауып отырған. 
І.Есенберлин өзінің жазушылық шеберлігі мен 
образ жасау тәсілін шебер қолдана отырып, 
халық батырының қайшылықты бейнесін сәтті 
жасап шыққан.
Қиын-қыстау кезеңде тәуекелге бел бу-
ған батырының соңынан халқы да ерген. 
І.Есенберлиннің «Жанталас» романында Қабан-
бай батырдыңне нәрсенің де байыбына барып, 
ақылмен ойлап, керек кезінде шешен, қажет бол-
са, басшы болғаны сипатталады: «Ал, халайық! 
Келе жатқан осал жау емес... Елімізді, жерімізді 
сақтап қалу үшін бізден жүректілік табылар, тек 
бірлік керек. Түркістанды жауға берсеңдер, қазақ 
елінің шаңырағы құлап түскені. Жас деп қырын 
қарамаңдар, еріңіздер мына Елшібек ердің 
соңынан! Талаптының алдынан нұр жауар. Ел 
бастаймын деген батырдан қашанда батылдық 
табылады!» [2, 260]. Қабанбай батыр әйгілі 
«Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі айтулы ірі 
шайқастардың бәріне қатысқан, «Хан батыры», 
«Дарабоз» деген атақтарға ие болған. Сан рет 
шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, жаудың 
батырларын жер жастандырып, жауынгерлерін 
жеңіске рухтандырып отырған. Халқы оны 
«Қаракерей Қабанбай» деп құрметтеп, есімін 
жырға қосып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген. 
Халық арасында Қабанбай батыр жөнінде аңыз-
әңгімелер, жыр-дастандар өте көп, солардың 
ең көрнектісі және көп тарағаны «Қаракерей 
Қабанбай батыр» жыры. 
Бұл жырдың негізгі оқиғалары Қ.Жұма-
діловтің «Дарабоз» романына негіз болған, мұнда 
жазушы Қабанбайдың батырлық ғұмырындағы 
тарихи мәні жоғары оқиғаларды суреттеп, 
Арқауылмен, Әтеке жырықпен, Қарабекпен 
жекпе-жектерін суреттейді. Батыр туралы тари-
хи жырлар мен аңыздардың желісіне сүйенсек, 
оның есімі Ерасыл – Ізбасар – Қабан – Қабанбай 
– Дарабоз болып өзгерген және әрқайсысының 
шығу тегі әр түрлі тарихи оқиғамен байланысты 
болып отырған. «Дарабоз» есімінАбылай хан 
берген. Тарихи құжаттарда Қабанбай батырдың 
ел арасының бітімгершілігінде жүрген дана, 
би ретінде де айтылады. «Дарабоз» романын-
да Қабанбай батыр бейнесі асқақ шыққан. 
Жоңғарларға қарсы азаттық соғысынан батырдың 
жеңіспен қазақ жеріне оралған кездегі батырдың 
жан толқынысы мен көңіл қуанышын жазу-
шы: «Қабанбай бір топ батырлар қоршауында, 
басқалардан оқ бойы алда келе жатқан-ды. 
Мерейі үстем, көңілі көтеріңкі. ...Өмірінде та-
лай жорықтардан олжалы оралып жүрсе де, өзін 
дәл осы жолғыдай бақытты сезініп көрген емес... 
оның көз алдында ұрыстан қалжыраған қазақ 
даласы да дәл қазір төрт құбыласы түгенделіп, 
төрт пұшпағын төрт тарапқа жіберіп, еркін ты-


ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №2 (166). 2017
32
Әдебиеттегі батырлар бейнесі – ұлттық тәрбие қайнары
ныстап жатқан батыр сияқтанды» [4, 415], – деп 
бейнелейді. Бұл жерде жазушы елі, жері үшін 
жанын аямаған қазақ батыры мен дархан қазақ 
даласын қатар қойып, батырын қару қылса, 
даласын дана етіп әсірелейді.Батыр бейнесін 
жасауға автор әр қырынан келеді, Қабанбай ау-
ырып, қоштасқандай болғанда, бәйбішесі Май-
сары батырдың қарындасы Ханбибі: «Тағдыр 
бізге Қабанбайдай батырдың қосағы болуды 
жазса, одан артық құдайдан тілейтініміз не? Қол 
бастап жауға аттанғаның – қуаныш болмап па 
еді біз үшін?! Сен – отбасына ғана пана емес, 
иісі қазаққа қорған болған адамсың... Бізге сенің 
алыстағы айбының, басымызға қондырған бағың 
да жетеді!» – деп батырын ұлықтаса [4, 383], өз 
батыры Әтекенің кегін алу үшін ауырып жатқан 
батырды мұқалтуға келген қырғыздардың оның 
ат үстінде тұрғанын көргенде: «Мәссаған, мы-
нау Қабанбай батыр ғой! Енді соғысуда мән жоқ. 
Батырдың аяғына жығылып кешірім сұрайық!» 
– деген сөзі оның аруақты айбынын, қажырлы 
қайратын, қаһарын көрсетеді [4, 401].
Қазақтың қас батырларының бірі Бөгенбай 
бейнесі де І. Есенберлиннің «Жанталас» ро-
манында кездеседі: «…Сол дүрліккеннің бірі 
Арқадан бес жүз сарбазбен келген Бөгенбай 
батыр еді. …Әбілқайырдың бұл кезде сонау 
Жайық бойында жорықта жүргенінен хабардар 
Бөгенбай ғана қызуын баса алмаған. «Әбілқайыр 
үлгере алмайды, Хиуа жолына біз жақынбыз!» 
деп Бөгенбай ханға келіп жорыққа шығуын 
өтінген. Бірақ Әбілқайырға өкпелі хан көнбеген. 
Ашуға мінген Бөгенбай өзінің бес жүз жігітіне 
атқа қонуға бұйырған. …Ұрыс біткеннен кейін, 
Бөгенбай жігіттерімен Кіші жүз еліне қонаққа 
барған, Бөгенбайдың батырлығына риза болған 
Әбілқайыр және бұл секілді батырды өз жағында 
ұстауды жөн көріп, Сақыпжамалды Бөгенбайға 
қосты». Біз осы жолдардан Бөгенбай батырдың 
көзсіз ерлігіне куә боламыз, ал қызын қараға 
бермес хан тұқымының қарындасын батырға 
қосуы ерлеріміздің абыройын көрсетеді. Ел 
тағдыры сынға түскен сол заманда ісімен ғана 
емес, сөзімен де қалың қазақты мойындата 
білген батырдың бейнесі романда былайсипат-
талады: «…Жылан мен мысық арбасуындай, Ақ 
Орда ішін бір суық ызғар биледі. Ашулы Барақ 
тағы сөйлемек болып келе жатыр еді, бағанадан 
бері жұмған аузын ашпай отырған Бөгенбай 
жартас үстіне қонған бүркіттей қомданып 
саңқ ете қалды …Бөгенбай ат арқасына ерте 
қонған батыр еді. Осыдан он бес жыл бұрын өзі 
Үргеніш жақта жорықта жүргенде, жоңғардың 
бір аламан жасағы ауылын шауып, қатын-
баласын найзалап өлтіріп кеткен. Содан бері 
Бөгенбай ер үстінен түскен емес. Еліміздің жат 
жауларыменен сан айқасты. Және үнемі жеңіп 
жүрді. Бұл күнде атағы алты алашқа аян бо-
лып, даңқының көтерілгені соншалық, тіпті бұл 
істемеген ерлікті де қазақ бұған таңды. Бөгенбай 
аңызға айналды. Халқының осыншама құрметі 
мен өзінің жеке басының батырлығы арқасында, 
ол жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ елінің 
жауына қарсы жалау етіп көтерген көсемдерінің 
бірі болды, қандай хан болсын, сұлтан болсын 
Бөгенбаймен ақылдаспай майданға шықпайтын 
күйге жеткен» [2, 320].
Қазақтың қай батыры, жырауы, шешені бол-
сын ел басына күн туғанда бес қаруын асынып 
тірек болса, шешімі жоқ таласы көп дауда би 
де бола алады. Олардың дәлелді сөзіне хан да, 
сұлтан да құлақ асқан. «Алты алаштың айдары» 
атанған Бөгенбай батырдың парасаттылығы, 
терең ойлылығы, жарғақ құлағы жастыққа ти-
мей, ер үстінен түспей елінің жай-күйін ойлағаны 
көрнекті жазушы Ә.Кекілбаевтың «Үркер», 
«Елең-алаң» атты тарихи романдарында роман-
да көрініс тапқан. Жазушы Бөгенбай батырдың 
Есет, Жәнібек батырлармен бірге Әбілқайыр 
ханның алынбас қамалына, қолдаушыларына 
айналғанын көркем суреттеген [5, 247].
І.Есенберлиннің «Жанталас» романындағы 
келесі бір күрделі тұлға Батыр Баян туралы: 
«...Ол Іле бойында бұрын да қалмақпен сан 
айқасқан, сан жеңген, жау жағына бұрыннан 
белгілі батыр. Ақбоз атын қол алдында көсілдіре 
салып келе жатқан жігітті көргенде жоңғарлар 
«Батыр Баян» деп шу ете түсті» [2, 422], – 
делінген. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің 
күшімен жерін, атамекенін сақтаған сол бір ар-
палыста өзінің жанкешті әрекетімен көрінер 
Баян батырдың көзсіз ерлігінен оның үлкен 
отаншылдық және намысшылдық сезімінің куәсі 
боламыз. Батыр Баян қалмаққа қашқан інісі мен 
оның ғашығына садақ тартады. Осы ісі жүрегіне 
күйік болып қадалады. Қан майданнан ажал 
іздеп, ақыры оған кезігеді. Трагедия Батыр Баян 
бейнесін асқақтата түседі. Ел мүддесін бәрінен 
жоғары қоятын Баян ұлт тілегін жеке басының 
құлқынына айырбастайтын уақ кісі емес. 
Баян оғы – намыссыздыққа, ел мүддесін аяққа 
басқандыққа төзбейтін ыза-назаның оғы еді.
Романдағы хикаяның басты идеясы бұл жолы 
М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасымен 
сабақтасады. Поэманың Батыр Баянға арналған 
бөлігін Р.Нұрғали «шығарманың күре тамы-
ры» деп нақ айтқан. Шығармада ордаға «Жау 
қайда?» деп, ұрандап жиылған өңшең ноян, ба-


ISSN 1563-0223 Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №2 (166). 2017
33
Балтымова М.Р.
тырлар мен жыраулардыңжиналғанына біраз 
уақыт өтсе де, Абылай хан Баян батыр келмесе 
жауға аттанбайтынын хабарлайды. Жиналғандар 
арасында Қанжығалы Бөгенбайдай, Қошқарұлы 
Жәнібектей әйгілі қолбасшы батырлар, Бұқар, 
Тәтіқара сияқты жыраулар болса да «нарке-
скен», »қайтпас болат», өзгелерден ерекше 
дара тұлғалығы, ойын тура және қарсы айта 
алатын жүректі, батылдығы жас батыр Баянды 
күтттіреді. Хан кешігіп келген батырдан себебін 
сұрамай, оның артында бір сыр барын сезеді, 
жанынан орын беріп, құрмет көрсетеді әрі өз 
жарлығына қарсы сөз айтуын түсіністікпен 
кешіреді [6, 136]. 
Тәуелсіздік кезеңінде жарық көрген белгілі 
жазушы Қ.Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» 
тарихи романы қазақтың атақты биі әрі ба-
тыры Сырым Датұлының бейнесін жасауға 
арналған. Батырдың Ресей отаршылдығына 
қарсы іс-әрекеттері романдағы тарихи шын-
дықтың көркемдік шешімімен сипатталған. 
Отаршылдық саясатты қазақ даласында жүзеге 
асырушы казак-орыстар қазақ ауылдарын ба-
рымталап, ауылдарды ойрандаса, Сырым батыр 
да олардың күтірлерін (хуторларын) шабады. 
Отаршылдардың арнайы жазалау жорықтарынан 
қорғанып, қарауындағы елді бұрынғы қоныс-
тарынан көшіріп, жаңа қоныстарға орналасты-
рады. 
Әдебиетімізде С.Датұлы туралы көркем 
туындылар бар. ХХ ғасырдың басында ақын 
Ғ.Қарашбатырдың болмысын былайша жырлай-
ды: «Сырым деген ер болған, Халқының қамын 
жер болған» [8, 258-306]. Ал Ж.Тілешовтің да-
станында: «...Еңіреген еріңмін, Асқақтап аққан 
Жайықпын, Атыраудай асау теңізбін, Топа-
нымын халық кегінің», – деп,халықтың кегін 
қайтаруды көздеген батырдың өр тұлғасы 
сомдалған [9, 36]. Батыр әрі би Сырымның 
шешендік сөздері «Шешендік сөздер» (1967), 
«Ел аузынан» (1989) жинақтарында берілген. 
С.Датұлының қоғамдық-саяси қызметі жазушы 
Ғ.Мүсіреповтің тарихи драмасында суреттел-
ген, туындының негізгі идеясы ұлт азаттығы, 
халықтың өзін-өзі билеуі жөніндегі идеямен 
ұштасып жатады. Жазушы Сырымның: «Қай 
ел болса да өзінің қандай ел екенін өз тізгіні өз 
қолында тұрғанда ғана көрсете алады», – деген 
сөздері арқылы батырдың асқақ арманы мен ама-
наты халқының тәуелсіздігі екеніноқырманға 
жеткізе білген [10, 16-40]. Әдебиетіміздегі 
С.Датұлы туралы осындай туындылардан кейін 
Қ.Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» тарихи ро-
манында батырдың көсемдік-басшылық образы 
реалистікпен сомдалған: «Түсі сұп-суық. Сесінің 
өзі-ақ жұртты оған еріксіз бойұсындырып, бай-
лап-матап тас таған. Дәл осы сәтте ол не айтса 
да, мына ел, қа лың ағайын, оның сөзін екі етпе-
уге қайыл еді» [7, 534], «Томай құлақ ұзын торы 
аттың үстінде тіп-тік шаншылып отырған күйі 
көзін қарсы алдына қадаған қалпынан танбастан, 
сіресіп тұр. Әшейінде де апсағай ірі кісі, қысқы 
қалың киімімен түйедей торы аттың үстінде 
төбедей боп отырғанында тіпті айбынданып 
кетеді екен» [7, 232]. 
Романда елі мен жерінің тағдырына алаңдаған 
Сырым бидің ішкі толғанысын жазушы психо-
логизммен көркем бейнелеген: «Тек әуелі жан 
түкпірінен Айрауықтың ащы күйіндей аңыраған 
бір азалы сарын бас көтеріп келе жатқанын ғана 
байқаған. Сәлден кейін сол бір өзегін өртеп, өн 
бойын шымырлатқан азалы сарын тұрлаусыз 
мына жалғанның опасыздығын паш етіп, ба-
старынан кешкенді қара қобызбен кейінгіге 
күңірене толғаған бағзыдағы бабалардың өксік 
пен өкінішке толы жыры мен зарына айналып, 
оқыстан «А-а-ай-и-и-и»-лап, ышқынып, мұның 
көкірегінен ал кеп ақтарылсын-ай… тоқтаусыз 
боздасын-ай!!! ...Апыр-ай,мынау не сұмдық 
еді?! Жеті жұрт ауған бұ қоныстың бұларға да 
қайырсыз болғалы тұрғаны ма, сонда?! …» [7, 
134-135].Ширек ғасырға жуық төл тарихымыз-
ды, С.Датұлы туралы деректерді зерттеген жа-
зушы Қ.Мұханбетқалиұлы шын мәнінде ұлт-
азаттық қозғалыстардың бастауында тұрған ерен 
ердің көркем образын жасай алды. Қаламгердің 
халық даналығын, мақал-мәтелдерді, би-
шешендердің қанатты сөздерін поэтикалық-көр-
кемдік шешіммен үйлесімді қолдана білгендігі 
романның көркемдік сипатын күшейтіп тұр. 
Ақын-жазушыларымыз 
М. 
Жұмабаев, 
І. Есен берлин, Ә. Кекілбаев, Қ. Жұмаділов, 
Ғ. Мү сі репов, С. Мұқанов, Ғ. Қараш, Ж. Тіле-
шов батырлар бейнесін суреттеу арқылы 
қаһармандық танытты, халық алдындағы қалам-
герлік парызын өтеді. Қаламмен сомдалған ба-
тырлар бейнесі – тарихи факті мен көркемдік 
сипатты бойына жинақтаған біртұтас бейнелер. 
Мәселен, І.Есенберлин «Көшпенділер» трило-
гиясында қазақ батырларының бұрын-соңды 
қазақ әдебиетінде кездеспеген біртұтас топтама-
сы жасалған. Батырларымыздың қаһармандық 
бейнесін көркемдеп жасау – жазушының 
ерлігі. Тарихи туындылардың әрқайсысы – 
төл тарихымыздың көркем беттері, сондықтан 
ақын-жазушыларымыздың бұл арнадағы ең-
бек тері ұрпақ тәрбиесіне қосылған елеулі 
үлес. Қаламгерлерімізді осы тұрғыдан келген-


ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №2 (166). 2017
34
Әдебиеттегі батырлар бейнесі – ұлттық тәрбие қайнары
де нағыз патриоттар деп атауға болады, олар 
– ұлтын сүйетін ұлт жанашырлары және ұлт 
жазушылары. 
Әдебиеттегі кейіпкерлерді зерттеу барысын-
да олардың отаншылдық қасиеттеріне, тұлғалық 
роліне және жеке адам ретіндегі іс-әрекетіне 
назар аударамыз. Себебі кейіпкер әдеби катего-
рия болғанымен, оның қоғамдағы ролі ғылыми-
философиялық негіздеуге келіп тіреледі. Жеке 
адам немесе индивид – ғылымда жекеше, 
тұлға – ерекше, адам – жалпылықты білдіретін 
ұғымдарға жатады, осы жерде тарихи романның 
тағы бір ерекшелігі мұнда тарихи тұлғалар обра-
зы суреттеледі. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы 
– қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 
Жолдауында қазақ тарихын ғылыми танудың 
жаңа жолдарын іздестіру мәселесі батыл 
көтерген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Біз үшін 
болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы 
мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік 
ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз 
мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Қазақтың 
мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын 
баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік 
қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің 
ұлттық идеясы – Мәңгілік ел» [11], – деп атап 
көрсеткеніндей, тарихи туындыларды оқыту 
арқылы білім беру – халықтың мол тағылымдық 
мұрасынан сусындату. Сондықтан жас ұрпақ 
тарихи тұлғаларды біліп, олардың ерліктерінен 
сусындап өсуге тиісті. 
Елдің еркіндігі мен азаттығы, теңдігі үшін 
күрескен, Тәуелсіздігіміздің бастауында тұрған 
жалынды күрескерлері батырларымыздың ру-
хын еске алып, істерін үлгі тұтып, сөздерінен 
тағылым алып, есімін қастерлеу, осы арқылы 
кейінгі ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу 
бәрімізге ортақ парыз болуға тиіс. Олай бол-
са, халық қамы үшін күресіп, ерлігімен, 
даналығымен, шешендігімен тосын жерден жол 
тапқан батырларымыздың әдебиеттегі бейнесі – 
тәрбие құралы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет