Әдебиеттік оқУ Әдістемелік нұсқау



бет12/290
Дата06.01.2022
өлшемі2,54 Mb.
#11312
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   290

«Кубизм» әдісі


Кубизм стратегиясы – Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс істейді. Қандайда бір затты жан-жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады.Сипатта (түрі, түсі, көлемі)Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы)Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?)Дәлелде (қарсы және қарсы емеспін)Талда (қалай жасалған, неден тұрады?) Ойтолғау (бұл неден жасалған?)Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс істейді. 1, 2-сыныптарда үш жағын ғана пайдалануға болады. Бастауыш сыныптарда түрлі түсті түрде пайдалануға болады.Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы – оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем, яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.Кім? АнаҚандай? Мейірімді, ақылды.

Не істеді? Бағады, тәрбиелейді, өсіреді.Түйін Ағайын – алтау, ана –біреу. Синоним Адам

«Кубизм» (Саралаңыз)

6 жағында 6 тапсырма болады. 1.Суреттеңіз (ойынша суреттеп айту)

2.Салыстырыңыз (неге ұқсас, басқалардан айырмашылығы қандай) 3.Байланыстырыңыз ( нені ойыңызға түсіреді, басқалармен байланыстырыңыз) 4.Зерттеңіз (саралаңыз, қалай жасалғанын айтыңыз, зерттеңіз)

5.Қолданыңыз (онымен неістеуге болатындығын және қалай қолданылатынын айтыңыз) 6.Талқылаңыз (өз ойыңызды дәлелдеңіз немесе жаңадан туған бір пікіріңізді айтыңыз) Оқушының қызығушылығын арттырады,сөздік қорын дамытады, пікірталастыруға үйретеді. Бұл әдісті мағынаны тану бөлімінде қолдануға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   290




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет