Әдебиеттік оқУ Әдістемелік нұсқау



бет14/290
Дата06.01.2022
өлшемі2,54 Mb.
#11312
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   290

«Дөңгелек үстел» әдісі


Тақырып бойынша бір-бір сөйлем жазып,топ жалғастыра отырып мәтін құрайды.Жазған сөйлемдерін көрсетпейді, соңғы оқушы мәтінді тұтастай оқиды.

Оқушының қызығушылығын арттырады,сөздік қорын дамытады.



Бұл әдісті 3 бөлімінде де қолдануға болады.

«Сұрақ қоя білу» әдісі


Мәтіннің әрбір азат жолын топтарға бөліп, сұрақтар дайындалады. Әр топ бір-біріне дайындаған сұрақтарын қояды.

Оқушы ойын жинақтайды, ойланады, ізденеді, сұрақ қоюда алдына мақсат қояды.



Мағынаны тану бөліміне қолдануға болады.


«РАФТ» әдісі


Рөл, аудитория, форма, тақырып

Оқушы ойын еркін айтуға, ұсыныс жасай білуге, оны жазбаша түрде жеткізе білуге дағдыланады.



«Ойтолғаныс» бөліміне қолдануға болады.

«Автор орындығы» әдісі


Оқушыларды топтарға бөліп, мәтіндегі негізгі ойды таңдап алады да, дайындалады. Әр топтан бір оқушы шығып, таңдаған ойын автор орындығында қорғайды.

Оқушы топта өз ойын ортаға салуға, өзіндік пікір айтуға дағдыланады. Мағынаны тану,



«Ойтолғаныс» бөлімдеріне қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   290




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет