Әдебиеттік оқУ Әдістемелік нұсқау



бет205/290
Дата06.01.2022
өлшемі2,54 Mb.
#11312
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   290
(МК, Ұ) «Ойлан» айдары

  1. Бай деп қандай адамды айтамыз?

  2. «Сәуір болмай, тәуір болмас» деп бұрынғылар текке айтпаған» деген сөйлемдегі бұрынғылар кімдер?

  3. Отамалы күн райының бұзыларын қалай білді деп ойлайсың?

Осы сұрақтардың жауаптарын бере отырып, өз білімдерін бағалайды.

Дескрипторы:











































  1. Әр оқушы өз жауап нұсқасын ұсынады.

  2. Өз пікірін әркім дәлелдермен негіздейді.

  3. Өз білімін бағалайды.

ҚБ: Мұғалімнің қолдау сөздері




Аяқталуы

Рефлексия

(Ж) «Автордың ізімен» әдісі бойынша «Қойшы баланы аман алып қалу үшін оқиғаны өз қиялыңмен өзгерт» тақырыбында шығарманың жалғасын жазуға мүмкіндік тудыруға болады.

Дескрипторы:

  1. Таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосады.

  2. Жаңа сюжеттер енгізеді.

ҚБ:«Отшашу» әдісі

(МК, Ұ) «Қорытындыла» айдары бойынша «Күн райын болжауды адам қалай, қайдан үйренуі мүмкін?» деген сұраққа болжалды жауаптарын айтады.

Дескрипторы:

    1. Әр оқушы өз жауап нұсқасын ұсынады.

    2. Өз пікірін әркім дәлелдермен негіздейді.

ҚБ: Мұғалімнің қолдау сөздері

Үй тапсырмасы: сұраққа жауап жаз. «Отамалы» деген – не?

«Бағдаршам» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты бағдаршам көздеріне жапсыртады.




Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Тапсырма тәсілі

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды

меңгергенін тексеруді қалай жоспарласыз?

Бағалау парақтары, смайлдер арқылы

Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақ жоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?









Мектеп:

62-сабақ.Қош келдің, Наурыз!

Күні

Мұғалімнің есімі

Сынып

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

1. Шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру

4.3.2.1 Таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төртжолды) жазу



Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Шығарманың мазмұнын толық түсініп, кейбір тұстарын нақтылайды, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін сұрақтар қойып, жауап береді. Шығармашылық жұмыстар істейді.




Оқушылардың басым бөлігі: Эссе жазады.

Кейбір оқушылар: Сын тұрғысынан ойлап, әр пікірге қатысты өз көзқарастарын білдіреді.

Бағалау критерийлері:

Тұжырымның себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсетеді. Шығармашылық жұмыстар істейді.

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алуға дайын болу

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор желісін пайдалану

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Мәтіннің түйінді ойын өмірмен байланыстыра алады.

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

(МК)«Тыңдалым» айдары

Сабақ М. Мақатаевтың сөзіне жазылған Т. Сарыбаевтың

«Наурыз-думан» әнін тыңдаудан басталады. Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:


  1. Оқушылар өлеңде не туралы айтылғандығын анықтайды.

  2. Өлеңде Наурыз мерекесі қалай сипатталғанын айтады. Мұғалім сұраққа жауаптарды жаңа сабақты бастауға көпір ретінде пайдалана отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашады.




Ортасы

(Т) «Қойын дәптер» әдісі бойынша М. Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады.
(Т) «Түсініп оқы» айдары бойынша

Оқушылар М. Дулатұлының «Наурыз» өлеңін түсініп оқиды. 1.Айналадағы табиғаттың оянуын жаңа жылмен байланыстырып әңгімелейді.



  1. Өлеңдегі өсімдіктердің, жан-жануарлардың өміріндегі өзгерістер туралы айтады.

  2. Осы маусымдағы адам еңбегінің түрлері туралы айтады.

Дескрипторы:

  1. Өлең мазмұнын топта талдайды.

  2. Жоғарыдағы тапсырмаларды тұжырымдайды.

  3. Ақпараттардың себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   290




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет