Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


сы ойларды терең түсінген М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ ғалымдары



Pdf көрінісі
бет14/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   196
сы ойларды терең түсінген М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ ғалымдары,
филологтары 2011 жылдың мамыр айында батыл ой көтеріп, университеттің 
ғылыми кеңесінде жерлесіміз әрі түркітанушы ғалым Н.Келімбетовтің атын 
қалдыру туралы ұсыныс түсірді. Біз де бұл ойды қолдап, 2011 жылдың 7 мамыр 
күні бұрынғы «Түркология» ғылыми-зерттеу орталығына Н.Келімбетов атын 
бердік. Атақты ғалым ағамыздың атына № 301 дәрісхана «Н.Келімбетов атындағы 
№ 301 дәрісхана» деп берілді. 
«Түркология» ғылыми-зерттеу орталығының
ғалымдары түркі тектес елдердің ғалымдарымен бірлесе отырып, кешенді зерт-
17


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
теулер жүргізіп келеді. 
«Қазақтану»
атты Халықаралық журнал да шығарып 
отыр. Осы жылғы журналдың № 2 санын тікелей Н.Келімбетовтің мұраларын 
танытуға арнамақ. Түрлі конференциялар, семинар, кездесулерде болашақ 
Қазақстанның жас, Тәуелсіз ұлдары мен қыздары ғалым ағамыздың рухымен су-
сындап, қанаттанып өсіп келеді. Бір үлкен көшенің, мектептің атын беру жөнінде 
де жұмыстар жүргізіліп отыр. Бұл біздің азаматтық парызымыз болса керек. 
«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген мақал осы Немат ағамызға 
арналған секілді. Ұлтын ұлықтап, рухын жоқтаған ағамыздың атын мәңгілікке 
қалдыру үшін меніңше, Н.Келімбетов еңбектерінен ғылыми-зерттеулер жүргізіп 
отырған ғалымдар мен 
студенттерге «Н.Келімбетов атындағы арнайы стипен
-
дия»
тағайындалса екен деймін. Өмірі қиыншылықпен өткенімен бүгінде баға 
жетпес асылға айналған Немат секілді ғалымдарымыздың рухын жаңғыртып 
отыру бәріміздің міндетіміз. 
Немат ағамыз туралы әдебиетші, ғалым Қ.Әбдезұлы: «Қызыл империя 
тұсында ол кісі түркі, ислам заманына барды, Орхон-Енисей жазбаларын да 
зерттеді. Ол біздің заманымызға дейінгі жыл санауымыздан мың ғасырға кетіп 
қалды, ... үш мың жылдық тарихымызды баяндап берді. ...Енді әлем қазақтың 
көне әдебиетін танитын болды», – деп жазып еді.
18




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет