Егемкулов нурлыбай аликулович


Балмұздақ алудың технологиялық үрдісі



бет28/102
Дата03.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#64946
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   102
Балмұздақ алудың технологиялық үрдісі
Шикізатты қабылдау. Біріншіден тара инспексиясын жүргізеді. Пломба тазалағышы мен бүтіндігін, толтыру дұрыстығын, құты қақпағы астыңдағы резинкалы сақинаның болуын тексеру, температура, қышқылдық, майдың массалық үлесін, тығыздықты, тазалық тобын, сүт табиғилығын, оргналептикалық көрсеткіштерін, шикізат массасын пісірілген сүт өнімін алу үшін ГОСТ 13264 – 88 бойынша екінші сорттан төмен емес дайындалған сиыр сүті: қышқылдығы 19 ºТ болатын пахта және майсыздандырылған сүт: майының массалық үлесі 30 % және 16 ºТ сиыр сүтінен кілегей: ГОСТ 449587 бойынша жоғары сорт тоңазытылып құрғатылған жаңа сауылған сиыр сүті. ГОСТ 1349 – 85 бойынша жоғары сорт тозаңдатып құрғатылған құрғақ кілегейлер; ТУ 49206 – 72 бойынша майсыздандырылған қойытылған сүт; ГОСТ 2874 – 82 бойынша ауыз су; ТУ 10.02.940 – 91 бойынша тозаңдатылып құрғатылған құрғақ пахта. Құрғақ сүт өнімдері алдын ала қалпына келтіреді сүтті қабылдау үшін аспалы жүк түсіретін платформаны орнатады.
Шикізатты дайындау. Сүт өнімдері балмұздақ өнімін даярлауда басты шикізат болып табылады. Майлы және майсыз сүт өнімдерін пайдаланады. Олардың органолептикалық қасиеті қалыпты, қышқылдығы 21º Т аспау керек. Қоспаға сонымен қатар майлылығы әр түрлі кілегей, май, қойытылған және құрғақ сүттерді қолданады.
Қантты өнімдер, өнімге тек тәтті дәм беріп қоймай, қажетті структураны қалыптстырады. Әсіресе қоспаға көп қолданатыны қантты секер. Ол тәтті, бөтен иіссіз және дәмсіз болады. Қант құрамында 99,75% сахароза 0,14 % ылғалдық болады.
Жеміс - жидек шикізаттары. Балмұздақтың дәмімен сапасын жоғарлатады. Балмұздақ дайындауға: өрік, бүлдірген, таңқурай, алма, шабдалы, алқоры, қарақат қолданады. Осы жемістердің әр қайсысының құрамында: көмірсу, минералды тұздар, дәрумендер бар. Оларды балауса және салқындатылған күйінде қолданады.
Дәмдеуіш және ароматты заттардың құрамына: кофе, какао ұнтағы, шоколад, карамель, шарап және балмұздақ дәмін жақсартатын заттар қосылады. Жұмыртқа өнімдерін тек балауса күйінде қолданады. Барлық балмұздақ даярлауға қажетті шикізттарды камерада сақтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет