Ежелгі дүниедегі саяси идеялар


ХХ ғасырдағы саяси ғылымның қалыптасуы



бет3/25
Дата02.03.2023
өлшемі89,71 Kb.
#71017
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Саясаттану

3. ХХ ғасырдағы саяси ғылымның қалыптасуы
ХХ ғасырдағы саяси ойдың қалыптасуы мен дамуы ұлы ойшылдар М.Вебер, Г.Моска, В.Паретто, Р.Михельс, Т.Парсонс, Д.Истон, Т.Алмонд, М.Дюверже және т.б. есімдерімен байланысты. Бұл жерде, ең алдымен саяси құбылыстарды өзінің даму логикасы және соған сәйкес өзіндік тарихы бар ерекше нақтылық ретінде қарастырған неміс әлеуметтанушысы әрі саясаттанушысы Макс Веберді (1864-1920) бөліп көрсеткен жөн. Оның негізгі жұмыстары: «Протестанттық этика және капитализм рухы» (1904-1905 жж.); «Саясат бейімділік және кәсіп ретінде» (1919 ж.); «Шаруашылық және қоғам» (1920 ж.).
Бүкіл Азияны жаулап алуды қарастырған «өзара гүлдену саласы» доктри-насы Жапонияның геосаясатының нұсқасы болып табылады. Американдық геосаясат концепциясының негіздерін екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әлеуметтанушы, тарихшы, географ Н.Спикмен (1893-1943) өзінің «Дүние-жүзілік саясаттағы Американың стратегиясы» және «Әлемдік құрылым географиясы» кітаптарында баяндады.
ХХ ғасырдың бірінші жартысында қоғамның барлық мүшелерін ынтымақ-тастығын дәріптеген саяси ынтымақтастық (солидаризм) ілімі кеңінен тарады. Ынтымақтастық ілімінің ірге тасын қалаушылардың бірі Француз әлеуметтанушысы және құқық теоретигі Л.Дюги (1859-1928) болды. Ол қоғамда адамдарды біріктіретін байланыстар ынтымақтастықтың дәнекері болып табылады деп есептеді. «Ынтымақтастық фактісін адамдар мойын-дайды» – деп, есептеді ол. Қоғамдағы әрбір тап, әлеуметтік жік, оның пікірінше, қоғамда ынтымақтастықты қамтамасыз етуде өзіндік орнын алады және өзіндік рөлін атқарады, олардың ынтымақтастығын дамыту капита-листік ақиқаттың жағымсыз жақтарын жоюға мүмкіндік береді. Ынтымақтас-тықты анықтайтын және дамытатын орган, – Дюгидің пікірінше, – мемлекет болып табылады.
Паретомен қатар саяси элита тақырыбын Гаэтано Москаның (1886-1941) зерттегені белгілі. Ол осы тақырыпқа «Саяси ғылымдардың негіздері», «Билеуші тап» кітаптарын – өзінің зерттеулерін арнады.
Моска барлық, азды-көпті өркениетті қоғамдарда «билеуші» және «басқа-рушы» екі тап пайда болады деп есептеді. Билеуші тап (элита) саяси билікке монополия орнатып, басқарылушы таптың есебінен күн көреді. Оның пікірін-ше, «қазіргі өкілетті мемлекетте» саяси билік сондай «ұйымдасқан азшылық-тың» қолына шоғырланған.
Парето мен Москаның идеялары Роберт Михельске (1876-1936) айтарлық-тай ықпал жасады. Өзінің «Қазіргі демократия жағдайындағы саяси партия әлеуметтануы» деген еңбегінде ол буржуазиялық демократиядағы «олигар-хиялық тенденциялардың темірдей заңын» ұсынды.
Элита теориясы әртүрлі түсіндірулермен қазіргі уақытта да насихатталып келеді.
Саясаттануда саясатты талдауда құрылымдық-функционалдық әдіс ерекше орын алды. Құрылымдық-функционализмнің аса ірі өкілі американдық әлеуметтанушы Толкотт Парсонс (1902-1979). Оның негізгі еңбектері: «Әлеуметтік әрекет құрылымы» (1937 ж.); «Әлеуметтік жүйе» (1951 ж.); «Әрекет теориясы және адами өмір сүру» (1978 ж.).
Парсонстың идеялары Д.Истон жасаған саяси өмірге жүйелі талдаудың және саяси жүйе теорияларының негізін құрады.
Дэвид Истон (1917) – канадалық және американдық саясаттанушылардың ішіндегі көрнектілерінің бірі. Оның негізгі еңбектері: «Саяси жүйе» (1953 ж.), «Саяси өмірді жүйелік талдау» (1956 ж.), «Саяси құрылымды талдау» (1990 ж.). Истонның саяси ғылымға қосқан негізгі үлесі саяси жүйенің өмір сүруін зерттеуге, сонымен қатар саяси әлеуметтену мәселесін зерделеуге жүйелік талдаудың принциптері мен әдістерін бейімдеумен және қолданумен байланысты.
Саяси тұжырымдардың қалыптасуы мен дамуына ірі үлес қосқан француз әлеуметтанушысы әрі саясаттанушысы Морис Дюверже (1917) болды. Оның негізгі еңбектері: «Саяси партиялар» (1951 ж.), «Саясат идеялары. Биліктің қоғамда қолданылуы» (1966 ж.), «Саясат әлеуметтануы: саяси ғылымдардың элементтері» (1973 ж.).
Қазіргі кезге дейін өткен жүзжылдықтың 50-60 жылдарында Батыс елде-рінде кеңінен тараған идеологиясыздандару теориясы қайсыбір түсініктеме-лер алып, сақталып отыр. Теориялық тұрғыдан алғанда бұл тұжырымдама өзінің шығуын неміс әлеуметтанушысы Карл Мангеймнің (1893-1947) әлеуметтанулық білімінен алады. Бұл зерттеуші ешқандай идеология ақиқат туралы нақты білім бермеуімен байланысты, идеологияны «жалған білім» деп жариялады. 50-60 жылдары Батыстың ірі философтары, әлеуметтану-шылары Т.Парсонс, Э.Шилз, Д.Белл, С.Липсет, Р.Арон және басқалары идеологиясыздандыруға әлеуметтік-саяси тұжырымдамалық сипат берді. Бұл тұжырымдама, бір жағынан, сол кездегі өмір сүрген буржуазиялық идеоло-гияны партиясыз «таза ғылым» ретінде көрсетуге бағытталса, екінші жағы-нан, «кез келген идеологияның ғылымсыздығы» туралы пайымдаудың астарында оны өзге идеологияға қарсы қою жатыр еді.
Батыс әлеуметтануында институционализм айтарлықтай рөл атқарады. Оның өкілдері Сеймур Липсет (1922), Чарльз Милз (1916-1968) және басқа-лар қоғамдық, соның ішінде саяси өмірдің тұрақты ұйымдасуы және реттелуі формаларын зерттейді. «Саяси институт» осы бағытта қолданылатын негізгі ұғым болып табылады, бұл жерде ішкі құрылымы бар және қызметтің бекітілген ережелері мен нормаларына бағынатын, белгілі бір саяси мақсат-тар мен функцияларды атқару үшін құрылған мекеме ретінде түсіндіріледі.
Саяси ойда технократтық бағыттың пайда болуын көптеген зертеушілер америка ғалымы Т.Вебленнің (1857-1929) есімімен байланыстырады, 20-шы жылдары шыққан «Инженерлер және баға жүйесі» кітабында ол саяси билікті техника мамандарына беруді ұсынды.
ХХ ғасырдың 40-50 жылдары, жоғарыда әңгіме болған тұжырымдамалар пайда болып, өнеркәсібі дамыған елдерде технократияны саяси нақтылыққа айналдыру туралы көзқарастар қалыптасты. Бұл тұжырымдамалардың автор-лары технократтар басшылық қызметті тек кәсіпорындар мен олардың бірлестіктерінде алып қана қоймай, өздерінің қолдарына саяси билікті шоғырландыруы тиіс деп санады. 60-70 жылдары технократиялық идеялар америка әлеуметтанушылары мен саясаттанушылары Г.Саймонның («ғылы-ми басқарылатын қоғам»), Д.Беллдың («постиндустриалдық қоғам»), З.Бжезинскийдің («технотрондық қоғам») және басқаларының тұжырымда-маларынан көрініс тапты.
Аталмыш тұжырымдамалармен қатар, ХХ ғасырда «постиндустриалды қоғам», «мемлекеттік шаруашылық теориясы», «әлеуметтік нарықтық шаруа-шылық», «бәрін жарылқайтын мемлекет» тұжырымдары, «саяси плюрализм теориясы» және т.б. мейлінше кеңінен тараған еді.
«Постиндустриалды қоғам» тұжырымдамасы авторларының бірі американ-дық әлеуметтанушы Алвин Тоффлер (1928) «Болашақпен соқтығысу», «Үшінші толқын» және басқа да еңбектерінде адамзат жаңа технологиялық революцияны басынан кешіріп жатыр, соның барысында компьютерлік дәуір орнайды және ақпараттық қоғамға өту жүзеге асады деп сендірді.
Қазіргі уақытта саяси плюрализм теориясы саясаттануда маңызды орын алған. Саяси плюрализм теориясын Э.Дюркгейм, М.Дюверже, Р.Даль, Р.Дарендорф жасады. Олардың көзқарастарының негізін қазіргі қоғамда таптар жойылды, олардың орнында әртүрлі өзара әрекет ететін әлеуметтік жіктер өмір сүреді, бұлардың мүдделері антогонистік емес, олар тату тұра алады деген қағида құрады. Мұндай жағдайда мемлекет әртүрлі топтардың мүдделерін үйлестіру функциясын атқарады, бәсекелесуші саяси күштердің арасында қазылық рөл атқарады, біреулердің екінші біреулерден асып кетуіне жол бермейді.
«Саяси плюрализм» теориясы демократиялық қоғамда әлеуметтік топтар өздерінің мүдделерін еркін білдіретініне, саяси өмірге қатысуға, партиялар, қозғалыстар құруға және т.б. сендірді. Мұндай қоғамда, олардың пікірінше, саяси билік нығаяды, оның шешімі әр түрлі әлеуметтік топтардың өзара әрекетінің нәтижесі болып табылады.
Идеялық плюрализм немесе пікір плюрализмі әртүрлі индивидтердің санасында объективтік ақиқаттың алуан түрде бейнеленуінің нәтижесі, адами әр түрлі ойдың мәңгілік табиғи формасы, онсыз адамзаттың қарқындап дамуы мүмкін емес. Саяси плюрализмнің мәні таптар мен әлеуметтік топтар-дың әр түрлі мүдделері мен позицияларының объективті себептеріне саяды, демек саяси салада олардың білінуі көп түрлі формалардан байқалады.
ХХ ғасырдың 30-50 жылдарында АҚШ-тың саяси ғылымы бихевиоризмге үлкен назар аударды. Бихевиоризмнің классиктері (Ч.Мериэм, Г.Лассауэлл, Дж. Кэтлин және т.б.) саясатты тұлға аралық өзара әрекет тұрғысынан қарастырды.
Олардың түсінігі бойынша, саясат жекелеген индивидтердің өзара әрекеті мен саяси әрекеттердің жиынтығынан құралады, яғни индивидуалдық саяси жүріс-тұрыс векторларының қосындысынан қалыптасады. Индивидтер билік мәселесінде өзара қарым-қатынасқа түседі, олардың индивидуалдық мақсат-тары саяси өмірдің негізін құрайды. Осы жағдайда саяси сала ең алдымен белгілі бір әрекеттер мен өзара әрекеттерден қалыптасатын («акций», «интер-акций») индивидтердің саяси белсенділігінің жиынтығы ретінде түсіндірі-леді. Осы методологиялық ұстаным шеңберінде саясаттың ресурстар алмас-тыруы (П.Блау), «саясаттың ойын теориясы» (О.Брамс), «саяси субъектілерді ұтымды таңдау теориясы» (Ф.Фиорна) іспетті тұжырымдамалар жасалды.
Саяси ғылымдардың қазіргі саяси жүйелерді, құбылыстар мен процестерді зерттеу мүмкіндігін барынша кеңейтуде болашағы зор бағыттарының бірі – салыстырмалы саясаттану қалыптасты.
Америка саясаттанушысы Габриэль Алмонд (1911) осы бағыттың көрнекті өкілі болып саналады. Оның негізгі жұмыстары: «Салыстырмалы саясат: даму тұжырымдамасы» (1966 ж.), «Дамушы аймақтардың саясаты» (1968 ж.), «Бүгінгі салыстырмалы саясат» (1988 ж.).
Алмондты саяси жүйе және саяси мәдениет жөніндегі теориялық зерттеу-лері танымал етті. Алмонд дайындаған саяси жүйе моделдерінде негізінен «кіру» және «шығу» функцияларына көңіл аударылды. Алмонд саяси мәде-ниеттің мазмұнын құрайтын саяси бағыт-бағдарлардың және саяси жүйенің өмір сүру сипатының арасындағы өзара байланысты көрсетті.
Алмонд пен С.Вербаның бірігіп шығарған «Азаматтық мәдениет. Бес мемлекеттегі саяси қатынастар және демократия» (1963 ж.) атты еңбегінде салыстырмалы саяси талдаудың әдістерін, мысалға АҚШ, Мексика, Италия, Ұлыбритания және Германия сияқты бес ел халықтарының саяси мәдениет-терін салыстыру арқылы паш еткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет