Ежелгі дүниедегі саяси идеялар



бет14/25
Дата02.03.2023
өлшемі89,71 Kb.
#71017
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
азаматтылықтың мәдениеті – ұстанушыға жеке ұлттық үкімет қызметі-нің маңызының жалпы оң бағасы; өз ұлтының саяси институттарына мақта-ныш сезімі; ресми тұлғалар жағынан ұқыпты және тең қатынас көрсетілімі ашық және лояльды оппозициялық көңіл күйдің көрінісі деген сапаларды иеленеді.
Бірлік денгейіне байланысты
жалпы саяси мәдениет – мемлекеттегі халықтың негізгі қауымына тән.
субмәдениет - мұндай білім саяси мәдениетке тек бөлек әлеуметтік, этникалық, аумақтық конфессиялық және басқа саясаттық субъектісі өзіндік көзқарастары, басқарушы элитаға қатынасы, басқаруға қатысатын үлгілері, бақылау және саяси өмірдің ұйымдары.
Саяси сана адамзат қауымдастығының рухани өмірінің маңызды элементі. Саяси сана жекелеген адамдардың және олардың әр түрлі қауым-дастықтарының саяси билікке, мемлекетке және оның органдарына, партияларға, саяси ұйымдар мен қозғалыстарға, дәстүрлерге, саяси өмір нормаларына, саяси құндылықтарға қатынастарын көрсететін түсініктердің, көзқарастардың, мақсаттардың жиынтығы.
Саяси сананың қайнар көзіне отбасы, индивидке әр түрлі деректерден келіп түсетін ақпарат және оның жеке басының өмір тәжірибесі жатады.
Саяси сана бастапқыда әлеуметтік теңсіздіктің, саясаттың, саяси қатынас-тардың, институттардың, ұйымдар мен мекемелердің пайда болуымен қалыптаса бастады және солармен бірге дамыды.
Саяси сана бұл бір жағынан, адамдар санасындағы саяси болмыстың көрінісі, ал екінші жағынан, адамдардың және олардың қауымдастықта-рының мүдделерінің көрінісі, жалпы саяси сана – бұл саяси болмыстың субъективті бейнесі. Бейненің субъективтілігі ең алдымен оның объективтік дүниеге емес, субъектіге жататынын білдіреді.
Саяси сананың негізін саяси шындық құрайды. Саяси өмірдің фактілері мен құбылыстары туралы білімнің белгілі бір жиынтығы негізінде қоғамдық болмыстың осы саласына қатысы бар көзқарастар мен баға беру қалыптасады.
Саяси сананың құрылымы қоғамдық қызметтің әр түрлі салаларын кеңінен қамтиды және жеке тұлғаның саяси процеске қатынасу варианттарын қалып-тастырады. Осылайша саяси сана құрылымының, менің көзқарасымша, келесі негізгі компоненттерін гносеологиялық, аксиологиялық және әлеуметтану-лық деп бөліп көрсетуге болады.
Саяси сананың гносеологиялық компоненті нақты шындықты сенімді бейнелеуі көзқарасы тұрғысынан саяси сана элементтері арасындағы айырма-шылықтарды ашып көрсететінін ерекше атап айтамыз. Басқаша сөзбен айтқанда, саяси сананың гносеологиялық құрылымы саясат әлемінің әр түрлі жақтарын қандай да бір деңгейде бейнелейтін субъектілердің барлық көзқа-растарын білім ретінде қарастыруды ұйғарады. Осы аспектіде: саяси шындық пен өтірік, саяси ақыл-ойдың адасуы және саяси әлем құпияларына оның ену күшінің арақатынасы, бейнелеудің мифологиялық, утопиялық және ғылыми типтерінің және т.б. арақатынасы мәселелері қарастырылады.
Саяси сананың аксиологиялық құрылымы саяси саладағы рухани құбылыс-тарды танып білуші субъект үшін олардың тиімді немесе тиімсіздігі көзқара-сы тұрғысынан бейнелейді. Басқаша сөзбен айтқанда, осы құрылымда саяси түсініктер алуан түрлі пайымдаулар және баға беру ретінде түсіндіріледі, олар саясатты танушы субъектінің қайсыбір құнды басымдықтарын көрсете-ді. Сондықтан сол инститтуттарды, нормаларды, процестерді және өзге де құбылыстарды субъект жағымды бағалауы мүмкін (мысалы, демократиялық көзқарастың өкілі), ал басқаларына (басқа идеяларды және принциптерді ұстанғандарға) жағымсыз болуы ықтимал. Әр түрлі бағалаудың жиынтығы түптеп келгенде саяси сананың бүкіл көлемін толтыратын болады.
Саяси сананың әлеуметтік құрылымы саяси сананың барлық элементтерін, олардың алатын орны, сонымен қатар практикада рухани құбылыстарды жүзеге асыру процесіндегі олардың ойнайтын рөліне деген көзқарас тұрғы-сынан сипаттайды. Бір жағынан алғанда, осы құрылым шеңберінде индивидуальдық, топтық немесе бұқаралық сананың әр түрлі формалары сипатталса, ал екінші жағынан – практика саласына адам ойының мазмұны-ның ауысу процесінің компоненттері, дәлірек айтқанда: идеалдар, принцип-тер, нормалар, нұсқаулар, мотивтер және т.б. түсіндіріледі. Саяси сананың жалпы қорытынды компоненттері ретінде саяси идеология және саяси психология қарастырылады. Олардың әрқайсысы саяси өмірде маңызды, аса күрделі ерекшелікті рөл атқарады.
Саяси сана қоғамдық тәжірибеден озып кетіп, оқиғаның өрістеуін болжай алады, сол арқылы саяси қызметті ынталандырушы фактор ретінде алға шығады. Егерде ол әлеуметтік шындықты бұрмаланған түрде бейнелесе, онда саясатта волюнтаризмге әкеп соқтырады. Саяси субъект қоғамдық өмірдің объективті заңдарымен есептеспейді, еркін шешімдер қабылдап, субъективті ықыластарын басшылыққа алады.
Саяси сана қоғамда саяси мәдениеттің жаңа элементтерін және дәстүрлерін дайындап, бекітетін механизм болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет