Ежелгі Қытай мәдениеті РДГБ-11 Кенжебаева Аяулым Муратбек Акерке “
”
Идеографтық
тарихи деректер бойынша, қытай жазуының алғашқы таңбалары б.з.б. 14 ғ. Шаң патшалығы заманында пайда болған.
Қытай жазуы - әлемдегі тарихы аса ұзақ жазулардың бірі. Ол қытай қоғамының дамуынан бастап, қытай тілінің өркендеуінде көрнекті рөл атқарып келгені тарихтан белгілі.
Қытай әдебиеті —3 мың жылдық тарихы бар Қытай әдебиетінің алғашқы поэтикалық ірі туындысы – «Шицзин» («Жыр кітабы», б.з.б. 11 – 6 ғасырлар) халық жырларының жиынтығы. Көркем прозадан «Гоюй» («Патшалықтар тарихы»), «Чуньцю» («Жылнама»), филосафиялық трактаттардан «Чжуан-цзы», «Сюнь-цзы», тағы басқа шығармаларды атауға болады. Тан дәуірінде поэзия мен новелла дамыды.Юань әулеті (1289 – 1368) дәуірінде қытай драмасы өркен жайды. Жаңа Қытай әдебиетінің негізін қалаушы Лу Синь (1881 – 1936) болды. 1921 – 22 жылы реалистік және романтик. бағыттағы әдеби топтар құрылды. Қазақ тіліне бірқатар шығармалары аударылып, жеке кітап болып басылды. (Лу Синь, «Әңгімелер», 1951, 1958; Го Можо «Әңгімелер», 1958; Лао Шэн «Рикша», 1960; «Мысықтар шаїары», 1972, тағы басқа).
Ғылыми жетістіктері
Қытайда ирригациялық жүйенің құрылысына көп көңіл бөлінді. Ең көрнекті гидротехникалық құрылыс - Цинь дәуірінде салынған Ұлы Қытай каналы. Бұл канал 32 шақырымға жетіп, Сары және Янцзы өзендерін жалғады. Ол жалпы ұзындығы 2000 шақырымнан асатын ішкі су жолдарында жыл бойы жүзу үшін пайдаланылды.
Біздің эрамызға дейінгі 1 -мыңжылдықтан қытайлар темірді өңдеуді білетін. IV ғасырда. Б.з.д. темір кенін балқытуға арналған арнайы пештер жасады және шойын алуды білді;
Кеме жасау жоғары деңгейге жетті, ал қытайлықтар ежелгі ең дамыған теңіз халықтарына жатады. Қытайлық теңізшілер өз кемелерімен Тынық және Үнді мұхиттарында жүзді.
Өндіріс пен өнімдер, сауда-саттық жұмыстары қалаларда шоғырланды, қалаларды өсірді. Қалалар арасында су транспорты, қарым-қатынастың басқа түрлері жетілді. Темір ақшалар түр-түрімен пайдаланылды. Егін шаруашылығының қарқыны да, түрлері де қарқындай тез таралды. Қалалар мен мемлекеттер арасында мәдени байланыстар, тілдер тобы, сөйлесу мәдениеті дамыды.