Дулат Исабековтің өмір жолы және шығармашылығы



бет1/12
Дата11.12.2023
өлшемі69,4 Kb.
#137064
түріӨмірбаяны
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
жоба соңы


М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
Тіл және әдебиет институты
«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы
Ғылыми жоба
Дулат Исабековтің өмір жолы және шығармашылығы
Орындаған:Асан Аяужан, Жанғали Еркегүл
ҚТӘ-21-1 тобы
Ғылыми жетекші: ф.ғ.к., доцент Хамзина Г.С.

Петропавл, 2023


Аңдатпа
Бұл ғылыми жобаның бірінші тарауында,Дулат Исабековтың толық өмірбаянына зерттеу жасалды. Бұл жобада авторлар ақынның шығармашылығына тоқталып, біраз туындыларын талдауға, туындыларындағы замандас бейнесін аша түсуге, шығармаларда кездесетін детальдар негізінде образдардың сомдалуына баса назар аударылды. Уақыт өте келе әдебиетімізде кейіпкер бейнесін суреттеу заман талабына сай кең қанат жайып, жазушы шығармасының негізгі тақырыбына айналды. Жазушы шығармаларының, әсіресе, оның әңгіме жанрындағы жазылған туындылары өзі өмір сүріп отырған қоғамның ащы шындығын шынайы көрсете алғандығымен құнды. Бұл негізде бірқатар шығармалары мысал ретінде алынды. Себебі қай кезде де әдебиеттің өзегі – адам, оның ішкі әлемі. Кейіпкердің жан күйзелістері, толғаныстары, ойлауы, жазушы идеясын іке асыратын тілдік шеберлігін айқындай түсетін тұстарын да байқауға болады.
Автор бейнесі – ол шығарманың тілінен оның баяндау құрылымынан көрінеді.
Сондықтан шығарманың тілін, баяндау, құрылымын талдау арқылы автор бейнесінің сан алуан қырлары, оның қалыптасу, даму эволюциясын айқындай түседі.
Екінші тарауында Дулат Исабековтің «Қарғын» және «Әпке шығармаларына толық анықтама берілді. Зерттеу жұмыстары негізінен көркемдік талдау әдісі қолданылды. Көркемдегіш талдауды зерттеуде дәстүрлі ғылыми сипаттама әдісі, эпитет,кейіптеу, драма талдау әдісі, салыстыру әдіс те қолданылды.
Заманның өзгеріп, ұлттық құндылықтардың бірте-бірте жоғалып бара жатқандығын, адамгершілік, парыз, борыш, міндет ұғымдарын ұмытқан жастардың бейнесін ашып көрсететін Дулат Исабековтің «Әпке» драмалық шығармасының оқырманға берері көп. Жастайынан анасын айырылып, әкесінен еш қайыр көрмеген, бір отбасыдағы балалардың тұрмысын, сана-сезімін, танымы, бір-біріне жасаған қарым-қатынасын, жалпы тұрғыда, қоғамның болмысын сипаттаған керемет шығармалардың бірі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет