30
күтеді. Шындығында маркетинг – буклеттердегі сиқыр-
лы лозунгтер емес немесе бизнестегі құпия трюк, ком-
пьютердегі жасырын программа емес.
Бұл ең алдымен
өз қолданушыларынның қажеттілігін түсіну, сол қажет-
тілікті өтеу, оларға жақсы өнім беру жолындағы тыным-
сыз еңбек.
Бәсекелестеріңнен бар өнімді аласың,
оны тура сол
бағаға сатасың, бірақ үстінен өзің он мың теңгенің сезімін
қосасың. Тағы нақтылап айтайын, сезімін қосасың.
Егер орта бағадағы мейрамхана ашсаң, ыдысың,
дастарқан, орындықтар, санфаянс,
салфетка, қол жуатын
сабыныңа дейін қымбат мейрамханадағыдай болсын.
Егер қонақүй ашсаң, «Ритц Карлтондағыдай» бәрін өз
мәнеріңде жасайсың, бірақ бағасын аспандатып жібер-
мейсің.
Егер көп ақша тапқың келсе, көп ақша табатын
адамдарға қарап, солар сияқты киін.
Егер бизнесінді да-
мытқың келсе, өзіңнен қымбат бизнестерге қара. Солар
істегенді істе. Сырт келбетің олардан кем түспеуі керек.
Өйткені, сырт келбет адамның эмоцияларын тудырады.
Біз алдымен көзбен ұнатамыз. Тамақ алдымызға келген-
ге дейін-ақ бұл дәмханаға екінші рет келетін-келмейтінің
жайында шешім қабылдайсың. Ал
егер оның палауы
дәмді болып шықса, мынадай дизайн мен баға үшін, әри-
не, міндетті түрде қайтып келесің.