62
спортпен айналысатын жігіттерге қарайды. Басқалардан
ерекшеленбесем, көш соңында қалып қоямын. Бола-
шақта бәсекеге қабілетті бола алмай қаламын» деп ой-
лайды. «Өзімді қалай өзгертуім керек?» – деген сұрақ
қойып, қазіргі таңда ол үлкен жеңістерге жетті, бірнеше
кәсібі бар.
Келіссөздер кезінде де үлкен адамдардың дұрыс сұрақ
қоя алмауының себебінен, мықты іскерлік келісімдердің
жасалмағанын білемін. Оған қоса екі тарап бір-біріне
өкпелі болып қайтады. Негізінде, адамның қандай екенін
үш-ақ сұрақпен анықтап алуға болады дейді, бұл тура
лы жазылған кітаптар да көп. Мысал ретінде айтып бе-
рейін. «Versus» академиясында оқып жүрген кәсіпкер
жігіттермен осы тәсілді қолданып көруді жөн көрдік.
Арамыздағы бір жігіт жақын арада инвестормен кездес-
пекші еді. Сол кездесу барысында қойылатын бірінші
үш сұрақты анықтадық. Біріншісі: «Сіздің бұған дейін
осындай салаға ақша салған тәжірибеңіз болды ма?»
–
деген сұрақ болды. Бұл сұрақ арқылы алдыңда отырған
адаммен әрі қарай сұхбат жүргізу, бизнес жасау керек пе,
керек емес пе екенін анықтап аласың. Себебі, тәжірибесі
жоқ адаммен бизнес бастау қиындау болады, ал бұны
келісімге келіп алғаннан кейін емес, келіссөздің бірінші
минутында-ақ анықтай аласың.
Адамдардың көбісі жаңа бірдеңе ойластырып шыға-
руға, оған басын байлауға құмар болады. Ал Google онда
не үшін? Сен оған қандай сұрақ қойсаң, ол соған байла-
нысты жауап береді. Google-дан көптеген пайдалы ақпа-
рат алуға, көптеген мәселенің шешімін табуға болады.
Бар болғаны, не керек екенін түсіну, сұрақты дұрыс құ-
растыру және ақпаратты пайдалана білу.
Достарыңызбен бөлісу: