Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы



Pdf көрінісі
бет34/95
Дата20.10.2022
өлшемі2,73 Mb.
#44447
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   95
Байланысты:
Екінші болма

ҮЙPEHУДІ ҮЙPЕНУ 
Үрену – жеңіске жету жолындағы тағы бір ке- 
дергі. Мойындау керек, адамдардың басым бөлігі 
үйренуге дағдыланбаған. Оның себептері тіл білмейді, 
қалыптасқан фундаментальды ой-өрісі жоқ, логика да- 
мымаған, кітап оқудың техникасын және мидың жұ- 
мыс жасау құрылымын білмейді. 
 
Адамдар, үйренуге келгенде барлығын білеміз деп ой- 
лайды. Ал шын мәнісінде, іске келгенде болмайтын қате- 
лер жібереді. 
Себебі , үйренген жоқ, үйренгісі келмейді де. Қарапа- 
йым мысал, Intermet-тен қажетті ақпаратты алу үшін, біз 
Google-ға дұрыс сұрақ қоя алмаймыз. 
Кез келген істі бастаудың алғышарты – мен білмеймін 
деп айту, оны мойындау. Көп адам «өзім білемін», «өзім 
істей аламын» деген позицияны ұстанады. 
Қарапайым мысал: Еркебұлан деген досым келіп: 
«Қуаныш, шаңғы тебуді үйретесің бе?», – деді. Сонда 
мен: «Еркебұлан, өзіңді дүниедегі ең сорлы адам ретінде 
сезiндiң бе?» – деп сұрасам «иә», – дейді. Сол сезімді 
бастан кешкеннен кейін, мен де оған шаңғы тебудi қуа- 
на-қуана үйреттім. Көрдің бе, бастысы – білмейтініңді 
мойындау! 
Біз алып жүрген білімнің жарамдылық мерзімі екі 
үш жыл ғана деп айтып жүремін. Себебі, заман дамуда, 
әрдайым жаңару, өзгеру барысында. Егер бір рет алған 
білімімізге жабысып қалатын болсақ, қаласақ та, қалама- 
сақ та ол ескіреді. Мысалы, маркетингтен алған білімің 
толығымен бес жылда өзгереді деп айтады. Осы уақытқа 
дейін маркетингтің атасы атанған Филип Котлердің
32
«4P» деген маркетингтің моделі бар. Осы туралы жа- 
____________ 
32
Филип Котлер – халықаралық дәрежелі маркетинг профессоры.


80
зылған Котлердің кітабын тіпті «Библия маркетинга» деп 
атап кеткен. Бірақ уақыт өте келе, «7Р», «7E», «Experience 
marketing», тағы басқалары шықты. Енді Котлердің мо- 
делі қазіргі таңда халыққа өтпейді. Сондықтан біз бір 
нәрсені үйренбеуіміз керек, ал үйренуді үйренуіміз керек. 
Менің ресейлік «Бизнес молодость» жобасына берген 
сұхбатымды көрген бір жігіт, тренингке келіп «Бағалар- 
ды қалыптастыруда Элияху Голдраттың
33
кітабына не- 
гізделдім дедіңіз сұхбатта. Ол қай кітап?», – деп сұрады. 
Менен естіген жауап, оған ұнамаған шығар, бірақ сабақ 
болсын деп көптің көзінше айттым: «Google»-ға кіресің, 
Элияху Голдратт деп тересің, сонда шығатыны төрт-ақ 
кітап. Неліктен сол төрт кітапты да оқымасқа?». 
Еркебұлан деген досымның «Тандыр N1» деген дәмха- 
насы бар. Күніне 800 дана самса сатады. Басқа дәмхана- 
ларда жалпы норма күніне 100-120 дана. Еркебұланның 
жақсы қасиеті ақыл сұрайды, әрдайым үйренуге дайын 
Қалай айтасың, солай жасайды, басын ауыртпайды. 
«Үміткер» реалити-шоуының он екінші бөлімінде 
үміткерлер панасыз қалған иттер орталығына қаражат 
жинайды. Осы орталықтың иелері өздері іс-шара өткізіп, 
59 мың теңге тапқан. Ал біздің үміткерлер шоу бары- 
сында маркетинг, нейромаркетинг дегенді оқып, айтқан 
ақылымызды тыңдап, соның арқасында бір күнде ша- 
малап алғанда 600 мың теңге табады. Бір мәселе – па- 
насыз иттер орталығына көмектесу, бірақ, дайындықсыз 
келген жағдайда аз қаражат табады, ал алдын ала ойлас- 
тырылған, үйреніп, дайындықпен келсе, жоғары нәтиже 
көрсетеді. 
Тағы да, көбі үйренбей, білмей жатып бизнес ашады, 
өзіне сай емес қызметке кіріседі. Бір кітаптан оқығаным 
бар еді, бір идея туғанда, ол туралы пікірді үш әйел адам 
нан сұра. Сонда бұл идеяңның дұрыстығы, не бұрыс- 
тығы айқын болады делінген. Сондықтан да бас салып, 
ойыңдағыны жүзеге асыруға асықпа, 
_____________ 
33
Элияху Голдратт – «Шектеулер теориясының» және бірнеше бестселлер бизнес 
кітаптарының авторы.


Маған кеңес сұрауға 70 миллион теңгесі бар бір жігіт 
келді. Әдетте, идеялары бар, бірақ қалталарында 500 мың 
немесе 1 миллион шамасында қаражаты барлар келетін. 
Ал бұл жігітте идея жоқ, бірақ 70 миллионы бар. Оған 
«5 миллион теңгені ал да, өзіңе жұмса, саяхатта, көр, 
біл, шабыттан» дедім. Ол оған ақша жұмсағысы келмеді. 
«Олай болса, кітапханаға бар да «Менде бизнес идея жоқ 
болса, бизнес идеяны қайдан табам» деген кітап сатып 
ал» – дедім. Ондай кітап жоқ! Жоооқ! 
Жаңа ақпаратқа, білімге қабілетсіз адамдар болмайды. 
Еріншек адамдар ғана болады. Себебі, адамның бәрі қа- 
білетті. Мәселе оны толық пайдаланбауда. Брайан Трей- 
си «Достижение максимума. 12 принципов» (Maximum 
Achievement: Strategies and skills that will Unlock Your 
Hidden Powers to succeed) деген кітабында Стэнфорд 
университетінің зерттеуін келтіреді. Адам өз миының 
мүмкіндігінің екi пайызын ғана пайдаланады екен. Ал 
адам миы дегеніңіз, ондаған миллиард жасушалардан 
тұратын күрделі құрылыс. Ол секундына ондаған фактіні 
тіркей алатын қабілетке ие. Кейбір зерттеулер, адам миы 
жүз триллион сөзге тең ақпаратты сақтай алады дейді. 
Ал осы ғажайып құрылыстың 98 пайызы «жұмыссыз» 
ұйықтап жатыр. Өмір – тұнып тұрған мүмкіндік. Міне – 
істе, міне – дәмін тат, оқы, үйрен.
Үйренуді үйрену қарапайым тақырып болып 
көрінгенімен көпшілікке жетіспейтін дағды. Үйренуді 
үйренудің кілті мидың жұмыс істеу механизмдерін 
түсінуде, жад пен қайталаудың рөлін ұғуда жатыр. Бұл 
бөлімде халықаралық мамандардың пікірінде теориялық 
ақпарат қана беріп қоймай, қарапайым құралдарды да 
беруге тырыстым. 
Адам миы ең күрделі және толық зерттелмеген ағза. 
Алайда оның құбылыстары мен заңдылықтарын түсіну 
ісіміздің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 
Өзгеше айтсақ, үйренуді үйрену үшін миымыздың 
қалай жұмыс істейтініне, ойлау үдерісінің түрлеріне 
тоқталайық. Осы бөлім Калифорния университетінің 


82
докторы Барбара Оакли
34
еңбегінің негізінде алған 
және пайдаланған өз тәжірибемде жазылды. Барбара 
ханымның пайымдауынша, адамда 2 ойлану режимі бар: 
зейінді және шашыраңқы, 
Зейінді режим – көңіліміздің барынша фокусталған 
кезі. Көбіне бір мәселені терең ойланған кезді білдіреді. 
Ал шашыраңқы ойлану режимі ештеңе шоғырланбай, 
ойдың кең не бос күйде болуы. Әдетте мәселеге терең- 
демей, үстіртін қарау не ойланумен анықталады. Мысал 
ретінде ойды жеміс ағашындағы алма деп алатын болсақ 
зейінді ойлану кезінде назар тек бір немесе бірнеше 
алмада ғана болады. Ойлардың жылдамдығы да жоғары 
болады. 
Ал шашыраңқы ойлану кезінде назар алмада емес 
толық жеміс ағашына ауысады. Барлық алмаларды 
көрмесек те, толық көріністі байқаймыз. 
Егер есеп шығарсаң, яғни сандарды көбейтумен 
айналыссаң, миың зейінді режимде жұмыс істейді 
Өмірде бір проблемаға кездесіп, оны шеше алмай 
жүргенде миымыз зейінді режимнен шыға алмай қалады. 
Бұл өз кезегінде миға кері әсерін тигізеді және үнемі 
зейінді режимді болу мәселені шешуге көмектеспейді. 
Ешқашан бір мәселені ұзақ және үзбей ойланғаннан 
шешімі табыла салмаған. 
Ал сурет салу сынды іспен шұғылдансаң шашыраңқы 
режимге ауысасың. Күнделікті тұрмыстағы серуендеу 
жуыну немесе ұйықтау сынды әрекеттер – шашыраңқы 
режимге ауысудың қарапайым жолдары. Көп мәселе 
шешімін таңда табатыны да осыдан. 
Тиімді жұмыс істеу үшін екеуі де маңызды. Екеуі 
тиынның екі жағы сияқты. Екі режимді сауатты басқара 
алған адам ғана ойланудың шыңын бағындыра алады. 
Не үшін екеуін кезекпен ауыстырып отыру керек? 
Себебі, зейінді ойлау кезінде мида жаңа нейронды 
байланыстар орнай бастайды, бірақ қызмет етпейді 
Сол жаңа нейробайланыстың арасында «ток» жүруі, 
яғни жаңа дүниені қабылдауы үшін уақыт керек. Ал 
_____________ 
34
Барбара Оакли – Окленд университетінің инженер-профессоры.


уақытты тек шашыраңқы ойлану режимі береді. Бұл 
бір кірпіш қалаумен ұқсас үрдіс. Бірқатар кірпішті 
қалап шыққаннан кейін, келесі қатарды қаламай тұрып, 
арасындағы цементке қату мүмкіндігін бересін. Асығып, 
уақыт бөлмей, кірпішті үсті-үстіне қалай беретін болсаң, 
қабырғаң ертегінде-ақ құлап қалады. 
Үйрену үрдісі де дәл осылай жүреді. Тиімді үйренудің 
кілті – уақыттын рөлін түсіну. Мысалы, кішкентай 
бала тақпақ жатағаннан кейін бірден айтып беруі 
екіталай. Ал, ертеңіне сұрасаң, айта алу ықтималдығы 
жоғарылайды. Сондықтан бүгінде интервалды оқыту 
немесе қайталау (spaced learning/spaced repetition) ең 
тиімді әдістердің қатарында. Интервалды оқыту дегеніміз 
кез келген жаңа дүниені қабылдауда араға уакыт салып 
отыруды білдіреді. Мысалы, жаңа материалды үзбей 
және қарқынды 2-3 сағат тоқтамай айтып шыққаннан 
гөрі, қысқа бөлшектерге бөліп, арасында үзіліс не ойын 
кіргізіп өткізудің пайдасы зор. 
Жад та үйрену үдерісінің маңызды элементі. Біздің 
есте сақтау жадымыз өздерің білетіндей, екіге бөлінеді: 
қысқа және ұзақ мерзімді. Қысқа мерзімді жадты кейде 
жұмыс жады деп те атайды. Ғалымдардың пайымдауын- 
ша, біздің жұмыс жадымызда тек 4 бірлікке орын бар. 
Біз соларды үздіксіз қайталап тұрған кезде ғана жұмыс 
жадында сақтай аламыз. Мысалы, 7–8 санға қарағанда 
3–4 санды жаттау жеңілдеу. Кейде кішкентай балалардың 
ойлану жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты және жас 
ерекшелігіне қарай біз үшін қарапайым заттарды есте 
сақтауда қиындықтар болып жатады. Дүкенге кеткен 
бала не үшін барғанын ұмытып қалып жатады. Мәселен, 
балада ұзақ мерзімді жад бірінші, ал жұмыс жады кештеу 
қалыптасатындығында. Жұмыс жадын орташа көлемдегі 
тақтайша деп елестетіңіз. Ол «тақтайшаға» көп зат жаза 
алмайсыз. 
Ал ұзақ мерзімді жад үлкен (шексіз) қоймаға ұқсай 
ды. Мәселе тек қойманың ішіндегі жүйенің не бар, не 
жоқтығында. Жұмыс жадынан сәтті өткен ақпарат ұзақ 


84
мерзімді есте сақтау жадына, яғни қоймаға аттанады. 
Интервалды қайталау, яғни еске алу сол ақпараттың қой- 
мадағы орнын анықтау. Жиі қайталанған сайын ол ақпа- 
ратқа апаратын жол жақсы сақталады. Мысалы, бір жаңа- 
материалды меңгергенде ертеңінде, тағы 2–3, сосын 5-7 
күннен кейін, 2 аптадан кейін, 1 айдан кейін және осылай 
араға уақыт салып қайталап отыру ұзақ мерзімді жадта 
жүйе қалыптастырып, үйрену тиімділігін арттырады. 
Аталмыш әдіс шет тілін үйренуден бастап кез келген 
қарапайым ақпаратты қабылдауда қолдануға тиімді. Бір 
ақпаратты бір күнде бірнеше рет қайталау (кішкентай 
кезімізде өлең жаттауды еске алайық) бұлшық етті шы- 
нықтыру үшін бір күнде 100 рет темір көтергенмен тең. 
Нәтижесіз, тиімсіз және үнемді емес. 
Шашыраңқы ойлану режимін қосудың жақсы амалы 
– жоғарыда аталған ұйқы. Ұйқы өзінше бір арсыз әрекет 
болғанымен, сауатты қолданылған жағдайда өте пайда- 
лы. Зейінді ойлану барысында, яғни бір мәселені қат- 
ты ойланғанда, не шешуге тырысқанда нейрондардың 
арасындағы құбылыстардан мида уыт (токсин) бөліне 
бастайды. Осы уыттың кесірінен нейрондардың ара- 
сындағы өткізгіштік қасиеті төмендеп, ойлану бәсең- 
дейді. Рекорд қою мақсатында бір тәуліктен көп уақыт 
ұйықтамаған адамдарда елестер пайда болғанын айтады. 
Ол да осы уыттың салдары. Бұл зиянды элементтерден 
айырылудың жалғыз жолы – ұйықтау. Біз ұйықтағанда 
мидағы сұйықтық сол уыттан толық тазарады. Ал қанша 
сағат ұйықтау керек екені өзінше бөлек тақырып, 
Неге бүкіл әлемдік тартылыс заңын Ньютон ашты? 
Біздің де басымызға алма (не басқа зат) түсіп жүр ғой. 
Аңызға сенсек, бәрі дәл сол алма түскен кезде болды 
ғой. Неге Менделеевтің кестесін Дмитрий мырза ашты? 
Бәріміз күнде ұйықтап жүрміз ғой? Неге Архимед өз 
заңын дәл суға түскенде ашты? Байқасаң, көптеген ға- 
лымдар өз жаңалықтарын зейінді емес, шашыраңқы 
ойлану кезінде ашқан. Және бір мәселе, шашыраңқы 


ойланудың кұр өзінен де пайда аз. Себебі, шашыраңкы 
ойланудан арыла алмай жүрген талай адамдар жаңалық 
ашып тастайтын еді. Жоғарыда аталған жандар белгілі 
бір мәселені терең ойланғаннан кейін ғана дем алған кез- 
дерінде жаңалық аша алған. 
Америкалық өнертапқыш және кәсіпкер Томас Эди- 
сон
35
да шашыраңқы ойлануға ауысу кезінде миға келетін 
шешімді сақтап қалу үшін отырып ұйықтаған. Сонымен 
қатар қолына ауыр темір ұстап алады екен. Теледидар 
дың алдында отырып, қалғып кеткенде пульт қолынан 
түсіп кеткен кездер болған шығар. Томас мырза да дәл 
осылай маңызды ойларын бекітіп отырған. 
Мидың белсенді жұмыс істеуі, ақпараттарды өңдеуі 
нейрондарға байланысты. Ғалымдардың айтуынша, адам 
баласы есейген сайын минутына 56 нейрон өліп отыра- 
ды. Яғни, уақыт өткен сайын ми қабілеті әлсірей береді. 
Әрине, ешқандай жұмыс жүргізілмесе. Нейрондарды 
сақтап қалудың ең жақсы амалы – жаттығу. 
«Versus» қолданбалы жетістік академиясы Vertex кур- 
сының аясында жүргізілген ең қиын тапсырманың бірі 
күніне 10 мың қадам жүру еді. Көлігі бар, өмірінде 
қоғамдық көлікке отырмаған адамдар күніне 10 қадам 
жүру арқылы, яғни шашыраңқы ойлану режиміне ауысу 
арқылы өздерінің талай мәселелерін шешкенін айтқан 
еді. Жоғарыда айтылғандай, жаттығу – ең оңай амалдың 
бірі. Vertex курсының қатысушылары бүгінге дейін күні- 
не 10 қадам жаттығуын тастамады деп сенемін. Өз зейі- 
німізді басқару – үйрену үдерісін басқару. 
Енді нақты техникаларға көшетін болсақ, өзіңмен по- 
модора тәсілін бөліскім келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет